«Қасым творчестволық қиялында толғағы жетіп піскен ойлары келгенде қаламға ерік беріп, күйі тасып, өлеңді зор шабытпен жазатын» Есмағамбет Ысмайлов
«Қасым Аманжолов – қазақ кеңес поэзиясының жасыл жайлауына өз ауылын, Қасым ауылын мәңгі қондырғанша тынымсыз ізденіс шеккен ақын... Қасым жаңалығы – ол осы халықтық бейнелі сөзді жаңа жағдайда жаңа мағына, жаңа мән беріп қолданған» Тұрсынхан Әбдірахманова
«Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның мейлінше жағымды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия» Тәкен Әлімқұлов
«Қасым – ұлы жеңістерге мәңгілік үшін арналған ғажайып ескерткіштердің бірі. Қасым жыры – көңіл күйіміздің аса бір шадыман бақытты шағы» Әбділда Тәжібаев
Туған жылы: 1911 жылы 10 қазан
Туған жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қызылсарай қыстауы
Тұңғыш өлеңдер жинағы: «Өмір сыры» (1938)
Шығармалары: «Дауыл», «Нар тәуекел», «Бурабай толқындары», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін» т.б.
Поэмалары: «Құпия қыз», «Бикеш», «Ақын өлімі туралы аңыз» т.б.
Қайтыс болған жылы: 1955 жылы 17 қаңтар
Қасым Аманжолов жастайынан жетім қалып, кімнің қамқорлығында болады: ағасының