Асыруға негізделген қызметтерін, міндеттерін, өкілдігін және жауапкершілігін анықтайды


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#190086
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
podp-strategijalyk-zhospar-erezhe-3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
УЕ-СДЖ-001-2021 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу және іске асыру ережесі
 
9 беттің 5 –ші беті
 
5.4 Деректерді жинау, осы көрсеткіштер бойынша есептерді дайындау және ұсыну 
ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе басқарудың барлық 
деңгейлеріндегі мониторинг пен тиімділікті бағалауды қолдау үшін кеңейтілетін болады 
және университетті басқару процестерімен байланысты проблемаларды анықтау және 
сапасын жақсарту жөніндегі қызметке деректер мен ақпараттық қолдау көрсететін болады. 
5.5 Стратегиялық жоспарды іске асырудағы негізгі қадам университеттің жоспарына 
сәйкес барлық академиялық және әкімшілік бөлімшелердің өздерінің перспективті немесе 
жылдық жоспарларын әзірлеуі болып табылады. Бөлімшелер өздерінің миссиялары мен 
көзқарастарын, міндеттерін, мақсаттарын жасау кезінде университеттің көзқарасына ұқсас 
көзқарасты ұстанады. Бөлімдер өз мақсаттарын университеттің стратегиялық мақсаттарына 
сәйкес анықтауы керек, яғни бөлімшелер өздерінің теңдестірілген көрсеткіштер жүйесіне 
ие болады. Бөлімшелер деңгейіндегі перспективалық жоспардың мониторингі осы 
стратегиялық карталарға сәйкес есеп береді және бағаланады.
5.6 Стратегиялық мақсаттарды ойдағыдай іске асыру және тез арада қол жеткізу үшін 
төмендегі қызметтер: Қазақстан мен Түркия үкіметтерінің тарапынан нысаналы қаржылық 
қолдау, қаржыландыру көздерін әртараптандыру, шешіммен құрылған эндаумент-қорының 
белсенді жұмыс істеуі, жекелеген инфрақұрылымдық мәселелерді, сондай-ақ облыс әкімдігі 
тарапынан қызметкерлердің тұрғын үй проблемаларын шешуде қолдау көрсету және т. б. 
қажет.
1. Конкурсқа қатысу және академиялық артықшылық орталығының қатарына кіру 
материалдық-техникалық 
базаны 
жаңартуға, 
қазіргі 
заманғы 
оқу-зертханалық 
жабдықтармен жарақтандыруға, бағдарлама шеңберінде басқа да көмек алуға мүмкіндік 
береді. Бұл ХҚТУ-ды түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы университетке айналдыру 
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
2. ОПҚ мен персоналды іріктеу, аттестаттау, қызметін бағалау, оқыту және дамыту, 
ұйымдастыру және еңбекақы төлеудің жаңа регламенттері арқылы адами ресурстарды 
басқарудың жаңа саясатын әзірлеу. 
3. Университеттің ғылыми портфелі мен инновациялық экожүйесін басқарудың тиімді 
жүйесін жасау.
4. Академиялық адалдық лигасына кіру арқылы Академиялық адалдық және 
парасаттылық саясатын енгізу. 
5.7 Университеттің даму стратегиясын іске асыруға университеттің барлық 
құрылымдық бөлімшелері мен стейкхолдерлері тартылуы тиіс, олар қызметтің барлық 
бағыттары бойынша нәтижелерге қол жеткізуде белгілі бір маңызды рөл атқарады. 
Стратегияны іске асыру тетігі Стратегиялық даму және сапа Комитеті, Стратегиялық 
даму, рейтинг және сапа орталығы арқылы жүзеге асырылатын болады. 
Университеттің Даму стратегиясы мен стратегиялық жоспарының іске асырылу 
мониторингін Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы жүзеге асыратын болады. 
5.8 Стратегияны іске асыру тетігі мыналарды көздейді: 
1) жұмыс топтарын, семинарларды, кеңестерді, форумдарды ұйымдастыруды, 
стратегияны орындаудың тұрақты мониторингін, оны ілгерілетуді, Стратегиялық 
жоспардың іске асырылуын бақылауды қамтиды; 
2) Ресми статистика және мерзімді зерттеулер (мониторинг) есебінен стратегиялық 
ақпаратты тұрақты жаңарту және толықтыру; 
3) Барлық бағдарламалар мен жобаларға мынадай стратегиялық бағыттарды іске 
асыруды енгізу: 
- барлық деңгейдегі жобаларды басқару; 
- талдау және әзірлеу; 
- біліктілікті арттыру; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет