«Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың тексеру әдістері»
ситуациялық есеп № 1
Пациент С., 42 жаста, он екі елі ішек жара ауруымен ауырады. Үлкен дәреті «дегт тәрізді» қара сұйық болуына, бас айналу және айқын әлсіздікке байланысты медициналық көмек сұрай келді.
Клиникалық синдромды атаңыз.
Синдромальды диагнозды негіздеңіз.
Анамнез сұрағанда синдромальды диагнозды негіздеуге қажетті сұрақтарды ата.
«Дегт тәрізді» (қара түсті) нәжістің пайда болу механизімін түсіндіріңіз.
ситуациялық есеп № 2
Пациент Л., 68 жаста 6 айдан бері әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүдеу мазалайтынын айтады. Бірнеше күн бұрын склерасы сарғайған.
Объективтік: терісі мен кілегей қабаттары сарғайған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тынықталған. АҚҚ- 130/30 мм сбб. Пульсі минутына- 62 рет. Іші кепкен, бауыр пальпацияланады, беті бұдыр, ауырмайды. Өт қабы үлкейген, асцит. Қан анализінде: Нв -96 г/л, эритроциттер -2,8 х 10 12 л, билирубин -116,3 мкмоль/л (тіке 92,3 мкмоль/л, тіке емес 20,5 мкмоль/л).
1. Клиникалық синдромды атаңыз.
2. Синдромальды диагнозды негіздеңіз.
3. Диагнозды диагностикалау үшін қажетті лабораторлы-инструментальдық әдістерді атаңыз.
4. Өт қабы үлкеюінің механизімін түсіндіріңіз.
ситуациялық есеп № 3
Пациент Б., 42 жаста салқын тиюге байланысты сульфидиметоксин және бисептол таблеткасын қабылдаған. Бір тәуліктен соң әлсіздік күшейіп, жүрек айну пайда болып, дене температурасы 39ºС жоғарылаған, терісі мен склерасы сарғайған.
Объективтік: склерасы мен терісі сары. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тынықталған. АҚҚ -100/60 мм сбб. Тілі сары жамылғымен жабылған. Бауыр өскен, жұмсақ, ауырсынусыз. Талағы үлкейген. Қан анализінде: Нв- 60 г/л, эритроциттер 1,8 х 10 12л, билирубин- 61,6 мкмоль/л, тіке билирубин -23,9 мкмоль/л, тіке емес билирубин- 37,6 мкмоль/л.
Клиникалық синдромды атаңыз.
Синдромальды диагнозды негіздеңіз.
Диагнозды диагностикалау үшін қажетті лабораторлы-инструментальдық әдістерді атаңыз.
Талақ үлкеюінің механизімін түсіндіріңіз.
ситуациялық есеп № 4
Пациент С., 50 жаста, келесі шағыммен қаралды: жағдайының нашарлауы, әлсіздік, тез шаршау, күндіз ұйықтау, түнде ұйықтамау, тәбеттің төмендеуі, теріде көгерген дақтардың пайда болуы. Бірнеше жылдан бері созылмалы вирусты гепатит «С»мен ауырады.
Объективтік: тері жамылғысы сарғайған, геморрагиялық бөрпелер бар, қызыл иектері қанталайды. өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тынықталған, АҚҚ - 132/85 мм сбб. Тілі құрғақ, сұр – қоңыр түсті жамылғымен жабылған. Ауыздан шіріген алма иісі шығады. Іші үлкейген, кепкен, перкуссияда бүйір аймақтарында дыбыс тынықталады. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 13 х 11 х 10 см. Пальпацияда бауыр тығыз, ауырсынусыз.
Клиникалық синдромдарды атаңыз.
Синдромальды диагнозды негіздеңіз.
Диагнозды диагностикалау үшін қажетті лабораторлы-инструментальдық әдістерді атаңыз.
Геморрагиялық бөртпенің пайда болу механизімін түсіндіріңіз.
ситуациялық есеп № 5
Пациент Д., 18 жаста, шағымы: әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, тері қышуі. Ауырғанына 4 күн болған, жедел ауырған, температурасы 38ºС дейін жоғарылаған.
Объективтік: склерасы мен терісі аздап сарғайған. Тамағы қызарған, жұмсақ таңдайы сарғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, пульсі-62 рет минутына, АҚҚ -115/65 мм сбб. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырады. Бауыр қабырға доғасынан 1см шығып тұр, жұмсақ, ауырсынусыз. Талақ өспеген. Қан анализінде: билирубин 54,7 мкмоль/л (тіке билирубин – 44,5 мкмоль/л, тіке емес билирубин -10,2 мкмоль/л).
1. Клиникалық синдромды атаңыз.
2. Синдромальды диагнозды негіздеңіз.
3. Диагнозды диагностикалау үшін қажетті лабораторлы-инструментальдық әдістерді атаңыз.
4. Тері мен склераның сарғаю механизімін түсіндіріңіз.
ситуациялық есеп № 6
Медициналық көмекке 49 жастағы пациент жүгінді, шағымы: іштің үлкеюі, кебуі, оң жақ қабырға астындағы сыздап ауырғандық, оның майлы тағамнан соң тұрақты күшеюі, жүдеу. Анамнезінде сары ауру, сүзекпен ауырған.
Объективтік: пациент жүдеу, тері жамылғысы бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, тілі ылғалды, сары түсті жамылғымен жабылған. Іші дөңгелек пішінді, симметриялы, кепкен, іштің алдыңғы қабырғасында кеңейген веналар көрінеді. Флюктуация симптомы оң мәнді. Пальпацияда бауыр үлкейген.
1. Клиникалық синдромды атаңыз
2. Синдромальды диагнозды негіздеңіз
3. Диагнозды дәлелдеуге қажетті физикалық тексеру әдістерін атаңыз.
4. Іштің алдыңғы қабырғасындағы веналардың кеңею механизімін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |