Аспалы конвейерлер Жалпы мəліметтері мен жіктелуі



Дата16.12.2021
өлшемі195,29 Kb.
#101712
Байланысты:
Аспалы конвейерлер


Аспалы конвейерлер

Жалпы мəліметтері мен жіктелуі
Тасымалданатын жүктер белгілі адыммен аспалы ілінген түрде тұрады жəне күрделі аспалы тұйықталған контурдың бағыттаушы жолы бойынша конвейердің қозғалмалы бөлшектермен (ролигі бар шынжырмен) жүкпен бірге жылжитын конвейерді аспалы деп атайды. Аспалы конвейерлерді сериялық жəне жалпы өндіретін кəсіпорындардың барлық технологиялық процестерінде қажетті мөлшерден асырмай, тиелген түрлі дара жүктерді тасымалдауға пайдаланады.

Аспалы конвейерлерді технологиялық үрдісінде (процестерде) қолданудан бастап, барлық өндірістер дайын бұйымдарды сақтайтын қоймаларға дейін бірегей тасымалдау жүйесін жасай бастады. Тасымалдау жолына (трассасына) байланысты аспалы конвейерлерді горизонтальді жəне кеңістікті деп бөледі. Тартқыш элементінің тасымалданатын жүкпен байланыс тəсілі бойынша конвейерлерді жүк тасушы, жүк итеруші, жүкті бастап жүргізетін жəне аралас деп бөлуге болады (9.11-сурет).

Ғимараттың төбесіне бекітілген аспалы жол бойынша қозғалатын жылжымалы катогы бар кареткаларды байланыстыратын шынжыр тарту элементі болып табылады. Жетекші жұлдызша немесе табан шынжыр тəрізді жетектің жүргізуші тізбегі арқылы шынжыр ілінген жүкпен бірге қозғалады. Жүк таситын аспалы конвейерлердің (9.11а-сурет) жүкке 5 арналған иілмелі салбыраған ашасы 4 бар кареткалар 1 тартқыш элементпен (шынжырмен) 3 белгілі адыммен қосылып тұрады жəне тартқыш элементі қозғалатын аспалы жолдың 2 бойымен қозғалады.

Аспалы итеретін конвейерлердің (9.11 ə-сурет) жүкке 5 арналған салбыраған ашасы 4 кареткасында 6 тартқыш элементпен 3 тұрақты қосылмайды жəне тартқыш элементке бекітілген жұдырықшалар 7 арқылы итеріп қозғалады. Жүкті алдынан жетектейтін конвейерлердің (9.11 б-сурет) тартқыш элементпен 3 үнемі қосылып тұратын кареткаларда 1 арнаулы қармауыштар болады, олар еден бойынша жылжитын арбалардың 6 вертикальді штангысына 8 ілінеді. Сондай-ақ аралас (тасушы-итеруші немесе жүкті алдынан жетектеп-таситын) конвейерлерді пайдаланады, олар жүк тасушы жə не итеруші (біріншілері) немесе жүк тасушы жəне тартушы (екіншілері) конвейердің екі бірдей қасиеттерін пайдаланады.





9.11-сурет. Аспалы конвейерлер сызбасы:

а – жүк тасушы құрылғысы; ə – жүк итеруші; б – жүкті жетектеп жүргізетін; в – кеңістік трассада; 1 – каретка; 2 – бағыттаушы аспалы жол; 3 – шынжыр; 4 – жүккөтергіш алқа; 5 – жүк; 6 – арба; 7 – жұдырықша; 8 – иілмелі аша (штанга); 9 – бағыттауыш пен катоктағы ең үлкен қысым аумағы; 10 – жүкке тиелген алқа; 11 – жетек жұлдызшасы; 12 – жүкті түсіру пункті; 13 – шынжырды ең аз керу нүктесі; 14 – жүкті тиеу пункті; 15 – керу құрылғысы; 16 – бағыттаушы жұлдызшалар; 17 – жүксіз бос алқа


Аспалы конвейерлерді жартылай дайын өнімдерді жəне бұйымдарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін өндірістің көптеген саласында пайдаланады. Жүкті алдынан жетектейтін аспалы конвейерлерді қоймаларда жеке жүктердің орын ауыстыру үшін жəне жүкті тиеп-түсіретін жұмыстарды орындаған кезде қоймаға жүкті автоматты түрде орналастыру үшін пайдаланады. Аспалы конвейерлердің негізгі параметрлері массалық өнімділігі Q, дара жүктер өнімділігі Z, шынжырдың жылдамдығы u, шынжыр адымы t, каретканың жүк көтерімділігі Nг болып табылады. Ажыратылатын шынжырлардың адымы 80, 100, 160 мм (МЕСТ 589-85), кареткадағы есептелген жүктеме 2,5; 5 жəне 8 кН-ды құрайды. Итеретін аспалы конвейерлер арбасының жүк көтерімділігі 0,05....1,25 т, тіркеулердің жүк көтерімділігі – 0,07 т жəне 2 т сəйкес құрайды. Жүк тасушы конвейерлер шынжырының жылдамдығы 0,007...0,66 м/с, ал шынжырдың есептелген керілісі 8...12,5 кН-ды құрайды. Ең қуатты конвейерлер шынжырының есептелген керілісі 30 кН-ға дейін жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет