Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің (Сириус) көрінерлік ж ш. сы



бет1/2
Дата14.06.2023
өлшемі62,24 Kb.
#178772
  1   2
Байланысты:
Жулд Галактика тур малимет


Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес жұлдыздар жымыңдап, адамның көңілін өздеріне ерісіз аударады. Шынында да, жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады. Оларды танып білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын жан – жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген.
Ең танымал шоқжұлдыздар Жетіқарақшы (Үлкен Аю), Геркулес, Торпақ, Аққу, Бүркіт, Қарақұрт, Жылан, сужылан т.б.
Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданылып жүрген атауларының 48-і өте ертеден Египет (Мысыр), Вавилон және Грекия замандарынан белгілі. Ежелгі Гиппарх (б.д.д. 180 не 190 – 125 жж.), Птоломей (90-160жж.) шоқжұлдыз атауларын бір жүйеге келтіріп, олардағы шоқжұлдыздардың атауларын біржүйеге келтіріп, олардағы жұлдыздардың алғашқы тізімдерін, суреттемесін жасаған. Бірақ ол тізімде Жер шарының солтүстік жарты шарында орналасқан елді мекендердің аспанында көрінетін шоқжұлдыздар ғана қамтылған. Ал аспанның қалған бөліктерінің жұлдыздарын саяхатшылар ХVІ – ХVІІІ ғасырларда оңтүстікке шеккен сапарларында шоқжұлдыздарға топтастырып, картаға түсірген.
Жарық өлшегіш аспап – фотометрді пайдаланып жүргізілген өте дәл өлшеулер жұлдыз жалтырлығының әрқилы болатындығын көрсетеді. Сондықтан кейбір жұлдыздардың жалтырлығы ж.ш. бойынша бөлшек және теріс мәндермен де өрнектеледі.
Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің (Сириус) көрінерлік ж.ш.-сы m= -1,58; Күннің ж.ш.-сы m= -26,6; толған Айдың ж.ш.-сы m=-12,7.
Бір жұлдыздың жалтырлығы жоғары, ал енді біреуінің төмен болуы жұлдызыдың шын мәніндегі жарықтылығы туралы мәлімет бере алмайды. Себебі жарық жұлдыздың бізге жақын орналасуы себебінен көрінерлік ж.ш.-сы жоғары болуы мүмкін, бірақ тура осындай жұлдыздың алысырақ орналасуы себебінен көрінерлікмж.ш.-сы төмен болады.
Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама , жұлдыздың стандарт қашықтық – 10 парсек немесе 32,6 жарық жылы қашықтықта орналасқандағы көрінерлік ж.ш.
Мұндай қашықтықта көрінерлік ж.ш. аспандағы ең жарық жұлдыз Сириус үшін +1,4, Күн үшін +4,49, ал Бетельгейзе үшін -6,0, Ригель үшін -7,0 болар еді.
М – абсолют ж.ш., m – көрінерлік ж.ш. және жұлдызға дейінгі қашықтық – R (парсекпен өрнектелген) өзара мына формуламен байланысқан:
М=m+ 5 – 5lgR


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет