Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет66/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

НЕГІЗГІ 
БАҒЫТТ
АРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК, ПАРТИЯЛЫҚ, Қ
ОҒ
АМДЫҚ ҰЙЫМД
АР
ДЫҢ 
ҚЫЗМЕТІ МЕН 
ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІН НАҚТЫ 
КӨРСЕТУ
БАР
ЛЫҚ Ә
ЛЕУМЕТТІК 
ТОПТ
АР
ДЫҢ МҮ
ДДЕЛЕРІН 
АНЫҚТ
АУ
, ҚАЛЫПТ
АСТЫРУ 
МЕН ЖҮ
ЗЕГЕ А
СЫРУ 
ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ЗАҢ
ДЫЛЫҚТЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ТӘРТІПТІ, БИЛІКТІ БА
СЫП 
АЛУ МҮМКІНДІКТЕРІН Ж
ОҚҚА ШЫҒ
АР
АТЫН 
КЕПІЛДІКТЕР
ДІ НЫҒ
АЙТУ
ТҰ
ЛҒ
АНЫҢ
, Ұ
ЛТТЫҢ

ҰЛЫСТЫҢ

КОНФЕ
ССИЯЛАР
ДЫҢ Д
АМУ 
МҮМКІНДІКТЕРІН, О
ЛАР
ДЫҢ 
ЫНТЫМАҚТ
АС
УЫН КЕҢЕЙТУ
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ Ж
ӘНЕ 
ҚОҒ
АМДЫ САЯСИ 
ҰЙЫМД
АСТЫРУ
ДЫҢ Ө
ЗІН Ө
ЗІ 
ЖАҢ
АРТУЫНЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІН 
ЖА
СА
У
ӨЗІН-Ө
ЗІ БА
СҚАРУ 
ПРОЦЕ
СТЕРІН Д
АМЫТУ
, ӨКІЛЕТТІ 
МЕКЕМЕЛЕР
ДІҢ РӨ
ЛІН КҮШЕЙТУ


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
118
серпін берді. Бір жыл ішінде комиссияның жұмыс топтары 
«БАҚ туралы», «Жергілікті басқару туралы» заң жобаларын, 
Азаматтық қоғамдық дамыту тұжырымдамасы дайындады, 
сот жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар жасалды 
және т.б. 2005 жылы Ұлттық комиссия Демократиялық 
реформалардың 2006-2011 жж. арналған қоғамдық 
бағдарламасының жобасын дайындады.
2005 жылы өткізілген президент сайлауынан кейін саяси 
жүйені демократияландыру және партиялық жүйені қайта 
құрылымдау процесі жалғасты.
2005-2006 жж. елдің саяси басшылығы саяси жаңғырудың 
негізгі міндеттері белгіленді: 
біріншіден, мемлекеттік билік жүйесін қайта құрылымдау, 
бұл оның қазіргі замандағы сын-қатерлері алдындағы, 
соның ішінде посткеңестік кеңістікте болған «түрлі түсті 
революциялар» толқыны алдында эффективтілігі мен 
тұрақтылығын арттыруы тиіс
екіншіден, саяси жүйені ырықтандыру, ол элитаішілік 
топтардың теке-тіресін шешуге септігі тиюі керек. 
Сот билігінің тәуелсіздігі мен объективтілігін күшейту 
жөнінде нақты қадамдар жасалынды. Сот реформасы 
шеңберінде халық сайлайтын алқабилер соты мен 
бейбітшілік соттары (медиация) институттары енгізілді; 
сот процесінде адвокаттардың рөлі күшейтілді. 2005 жылы 
ҚР Парламенті адам құқықтары бойынша халықаралық 
пактілерді ратифиякациялағаннан кейін азаматтардың 
құқықтары мен еркіндіктері саласындағы отандық заңнама 
жаңа сапалық деңгейге шықты.
Мәслихаттар негізінде жергілікті басқару жүйесін құру 
туралы шешім аса маңызды болды. Іс жүзінде әңгіме, өз 
бойында қатаң атқарушы тікелей, мемлекеттік басқару 
процесіне халықтың кеңінен қатысу құқығын қамтамасыз 
етуді де ұштастырған мемлекеттік билік жүйесі негіздерін 
қалыптастыру процесінің аяқталуы туралы болған еді. 
Облыстық және қалалық әкімдерді тиісті деңгейдегі 
мәслихаттар келісімімен тағайында принципі, сондай-ақ 
мәслихаттардың әкімге сенімсіздік білдіру процедурасының 
жеңілдетілуі осыған дәлел бола алады.
2006 жылғы наурызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
119
бастамасымен Демократиялық реформаларды жасау мен 
нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның 
негізгі міндеті – алдағы конституциялық реформа бойынша 
ұсыныстар жасау болатын. Мемлекеттік комиссия құрамына 
Парламентің, 
Үкіметтің, 
«Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы» Конституциялық заңының жобасы – саяси 
партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері кірді. 
Мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы болды, 
аталған құжатты 2007 жылғы 16 мамырда Президент
Н. Назарбаев Парламенттің біріккен отырысында 
таныстырды.
2007 жылы Қазақстанда бірқатар оқиғалар орын алды, 
ол оқиғалар елдің саяси жүйесінің одан әрі жаңғыруының 
тұжырымдамасына табиғи түрде еніп кетті. 
Біріншіден, 2007 жылғы 28 ақпанда Президент
Н. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 
Қазақстан халқына жолдауында жан-жақты жеделдетілген 
жаңғыру жолы елдің одан әрі дамуының бірден бір дұрыс 
векторы деп атап өтті.
Екіншіден, 
2007 
жылғы 
мамырда 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
саяси 
алаң 
конфигурациясын және саяси ойын ережелерін 
айтарлықтай өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар 
енгізілді.
Үшіншіден, 2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан 
Республикасы Парламентінің Мәжілісі сайлауы елдің 
саяси жүйесінің дамуында жаңа кезеңді бастап берді. 
Парламенттің төменгі палатасының құрамын сайлаудың 
пропорционалды жүйесі арқылы (партиялық тізім 
бойынша) «Нұр Отан» ХДП-сы қалыптастырды (98 депутат), 
сонымен бірге, Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы 
Ассамблеясы сайлады. 
2007 жылғы мамырда ҚР Конституциясына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар демократиялық жаңғыру 
процестерін интенсивтендіруге бағытталған болатын. 
Енгізілген жаңалықтар саяси өмірдің түрлі жақтарын 
қамтыды. Бір жағынан, қолда бар саяси жүйе моделін 
іс жүзінде түпкілікті реформалау болып табылды, оның 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
120
мәні – биліктің заң шығарушы тармағының өкілеттілігін 
айтарлықтай кеңейту, партиялық кеңістікті жаңаша 
құрылымдау, шынайы азаматтық қоғамды және үкіметтік 
емес секторды дамыту. Аталған жайттар біріге отырып, 
халықтың кең топтарының саяси процестерге тікелей 
қатысуына септігін тигізуі керек болатын. 
Парламент 
палаталарында 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың квоталанған 
өкілдігі туралы норма енгізілгеннен кейін этносаралық 
қатынастар 
саласында 
мемлекеттік 
саясаттың 
эффективтілігі артты, тиісінше аталған органның 
конституциялық мәртебесі көтерілді. Аталған шара 
Қазақстандағы этностар мүдделерін нақтырақ әрі неғұрлым 
тең деңгейде есепке алуға және ақырғы есепте, саяси 
тұрақтылық пен елдің қадам-қадаммен қарышты дамуының 
маңызды факторлары болып табылатын этносаралық 
бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септігін тигізді.
Конституциялық реформалар мемлекеттік басқару 
жүйесінің үйлесімдірек жұмыс жасауы үшін іргетас қалады. 
Сонымен бірге билік қарым-қатынастарында «тежемелік 
мен тепе-теңдік» тетігінің күшеюі – жаңа саяси құрылыстың 
аса көрнекі сипаты болды.
2008 жылғы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы 
Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойды. Қазақстан халқы 
Ассамблеясы елдің саяси жүйесінің толық құқылы 
субъектісіне айналды, оның қызметінің нормативтік 
құқықтық негіздері айқындалды. Өзінің әрекет етуі 
кезеңінде ҚР Президенті жанындағы консультативтік-
кеңестік органынан орнықты құқықтық негізі мен қоғамдық-
саяси мәртебесі бар конституциялық органға айналды. 
ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан 
Республикасы іс жүзінде тұрақты даму кезеңіне өтті, 
саяси жүйені демократиялық жаңғырту аталған кезеңнің 
маңызды элементтерінің бірі болып табылады, ондай 
жаңғыру демократия институттарын нығайтусыз мүмкін 
емес.
Саяси билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс 
пен қарым-қатынас деңгейі мен сапасы демократиялық 
жаңғырту процесінің маңызды индикаторлары болып 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
121
табылады. Президенттікті, парламентаризмді және сот 
жүйесін мемлекеттік биліктің институттары ретінде нығайта 
отырып, елдің саяси басшылығы азаматтық қоғамның саяси 
партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз БАҚ сынды 
институттарын дамытуға құқықтық және саяси жағдайлар 
жасауға да көп көңіл бөлді.
Қазақстанның 
саяси 
транзитінің 
ерекшеліктері 
мемлекеттің демократиялық жаңғыруының белгілі бір 
деңгейін сипаттайды. 
Біріншіден, Қазақстанда саяси жүйені реформалау 
мен азаматтық қоғамды дамыту процестері жаһандық 
демократияландырудың ортақ алгоритмдері бойынша 
дамыды. Сонымен бірге демократияландырудың жалпы 
әлемдік процестері аясында жүріп жатқан Қазақстанның 
саяси трансформациясының ортақ заңдылықтарымен 
қатар, өзіне тән ерекшеліктері де бар. Бүгінгі таңда 
Қазақстан «дамыған» немесе «байырғы демократия» елдері 
кезінде жүріп өткен жолында айтарлықтай жылжыды. 
Екіншіден, Қазақстанның саяси жүйесін демократиялық 
жаңғыртудың одан әрі тереңдеуі 2007 жылғы конституциялық 
реформаларда бастау алған шараларды қамтамасыз етуге 
бағытталған: 
1) 
Мәжіліс 
депутаттарының 
басым 
бөлігін 
пропорциналдық сайлау жүйесі бойынша сайлауға өту; 
2) Парламентте басымдыққа ие партияның ҚР Үкіметінің 
барлық мүшелерін тағайындау (Президент тағайындайтын 
сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін 
санамағанда) және оның жұмыс жасау бағдарламасын 
қалыптастыру құқығы; 
3) мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарының негізі ретінде мойындау. 
Үшіншіден, демократиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне 
қажетті алғышарттар жасалды. 
2007 жылы жасалған конституциялық реформаның 
негізгі міндеттерінің бірі атқарушы және заң шығарушы 
билік жұмыстарының эффективтілігін арттыру болып 
табылады. Конституциялық реформаға дейін мемлекеттік 
басқару жүйесінде атқарушы билік тармағының басым 
болуы басқарудың бюрократтық әдістеріне қарай екпін 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
122
жасалған еді, енді бұл жағдай өкілетті органдар рөлін 
айтарлықтай көтеру арқылы тепе-теңдікке келуде. 
Бірінші кезекте бұл тиісті деңгейлердегі бюджеттерді 
қалыптастыруға және оларды орындауға қатысты 
Парламент пен мәслихаттардың айрықша құзыреттерін 
кеңейтуді қамтиды. Аталған конституциялық түзетудің 
мақсаты – халықтың мүдделері мен саяси еркі білдіретін 
өкілетті органның мәртебесін көтеру, және соның салдары 
ретінде, биліктің атқарушы органдарының қызметіне 
қоғамдық ықпалды күшейту.
Осы жаңа енгізілім арқылы бюджетті қалыптастыру, 
орындау және бюджетті орындауға бақылау жасау 
функцияларын биліктің өкілетті және атқарушы тармақтары 
арасында бөлу қамтамасыз етіледі, бұл жайт республикалық 
қаржы ағымдарының транспаренттілігін күшейтеді және 
де атқарушы органдардың бюджеттік қатынастарды 
уақытында орындау жөніндегі жауапкершілігін арттырады.
2012 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан 
халқына 
Жолдауында республиканың ұзақ мерзімді даму 
бағдарламасы – «Қазақстан - 2050» Стратегиясы 
ұсынылған болатын. Жаңа Жолдауда Президент
Н. Назарбаев қазақстандық қоғамды жаңғыртудың жаңа 
кезеңінің стратегиялық басымдықтарын, мемлекетті, оның 
қаупсіздігін одан әрі нығайту және оның азаматтарының әл-
ауқатын арттыру жөніндегі шаралар кешенін айқындады.
«Қазақстан-2050» стратегиясы әлемдік өркениеттің 
қазіргі күйі мен дамуының объективті жағдайларды ескере 
отырып, Қазақстанның мүмкіндіктері мен ұзақмерзімді 
басымдықтарын нақты әрі прагматикалық бағамдай 
отырып жасалған. Аталған құжат болашаққа бағдарланған 
егжей-тегжейлі, анық іс-қимыл жоспары. «Қазақстан-2050» 
стратегиясы: «Біздің елдің болашағы қандай болады?», – 
деген сұраққа жауап береді. Оны табысты жүзеге асыру үшін 
әр азаматқа үнемі өзін-өзі жетілдіріп, биігірек мақсаттар 
қойып, елмен бірге сол мақсаттарға жету керек. 
«Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасының 
саяси жүйесін демократияландырудағы рөлі келесі істерге 
бағытталған функцияларымен айқындалады: 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
123
• ел Президентінің реформаторлық саясатын қолдау; 
• елді жеделдетіп дамыту мақсатында қоғамды 
жұмылдыру; 
• саяси серіктестіктің – қоғамдық пікірлер мен 
позициялардың тұтас спектрі бойынша өзара іс-қимылдың
жалпыұлттық инфрақұрылымын жасау. 
Партиялық-саяси кеңістіктегі құрылымдық өзгерістер 
векторын үстемдік етуші партия жүйесіне бет алуын Мемлекет 
басшысы 2004 жылы айқындап берді: «Отан» партиясынан 
жаңғыртудың қуатты саяси күшін байқап тұрмын, ол 
қоғам дамуының жаңа кезеңінде реформалардың алдағы 
уақытты табысты болуын қамтамасыз етеді. «Жаңғырудың 
үшінші эталонына» кіретін елдердің, бұл Азияның жас 
демократияларының көбі, тәжірибелері көрсеткендей, 
олардың әлемдік дамудың қиыр шетінен алға серпіліс 
жасауы белгілі бір саяси партияның үстемдік етуімен 
қамтамасыз етілген».
2006 жылы партиялық-саяси кеңістіктің конфигурациясы 
партиялардың бірігу процесіне байланысты елеулі 
өзгерістерге ұшырады. «Асар», Аграрлық және Азаматтық 
партиялары «Отан» партиясымен бірікті. Жаңа партия 
республиканың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру стратегиясын жүзеге асыру барысындағы алдағы 
прогрессивті қайта құрулардың негізгі қозғаушы күші 
болуы тиіс.
49
«Нұр Отан» ХДП – міне осындай партия бола білді. «Бәрі 
де халық үшін, бәрі де халық игілігі үшін!» деген сөзддер 
«Нұр Отан» ХДП басты ұранына айналды, бұл сөздер қазіргі 
уақытта да өзектілігін жойған жоқ. 
2006 жылы «Нұр Отан» ХДП құрылуы – доминантты түрдегі 
жалпыұлттық партияға бірігуі, бірігудің бастамашыларының 
пікірінше, келесі екі міндетті шешуге мүмкіндік берді: 
• қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға; 
• стратегиялық перспективада – жүргізілудегі саяси 
бағыттың бірізділігін қамтамасыз ету. 
Қазақстан қоғамының өмірінде «Нұр Отан» партиясының 
49
Назарбаев Н.А. Выступление на VII внеочередном съезде Республиканской 
политической партии «Отан» 15 июня 2004 года. – Избранные речи. Том IV. Книга 
2. 2003-2005 гг. – Астана: ИД «Сарыарка», 2010. – С. 293.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
124
беделі мен ықпалының өсуін қамтамасыз еткен негізгі фактор 
– «Назарбаев факторы» болды. Партия көшбасшылары 
оның қалыптасу кезеңінде бірнеше қағидатты міндеттерді 
түйіндеді, өткен онжылдықтарды оларды шешу барысында 
елдің қоғамдық-саяси дамуында партияның негіз қалаушы 
рөлі айқындалды: «Партия Қазақстандағы жүйелік қайта 
құрулардың негізгі орындаушысына, елдегі бұқаралық 
саяси жұмыстың ең тиімді тетігіне айналуы тиіс. «Нұр Отан» 
даму бағытының ұзақ мерзімді сабақтастығын қамтамасыз 
етіп қана қоймай, елді дамытудың жаңа стратегиялық 
идеяларын да тудыруы да керек».
50
Қазіргі заманғы қазақстандық партиялық-саяси
жүйесінде «Нұр Отан» партиясы доминанты партия және 
жүйе қалыптастырушы «орталық» рөліне орнықты. Алайда 
бәсекелестік жағдайында осы биіктікті сақтап қалу үшін 
үнемі өзгеріп отыруы керек, демек, өзінің қарсыластарынан 
бұрын және жылдамырақ қоғамды толғандыратын 
мәселелерді анықтап, оңтайлы шешімдер ұсынуы керек.
«Нұр Отан» партиясы заң шығарушы және атқарушы 
билік органдарында адамдардың пікірлері мен барлық 
әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруі және қорғауы 
тиіс, мемлекет пен азаматтар арасында диалогтың дәнекері 
болуы тиіс.
Саяси 
жүйедегі 
саяси 
партиялардың 
негізгі 
функцияларына билікті жүзеге асыруға қатысу және 
азаматтар мүдделерін білдіру бар. 
Елдің ағымдағы заңнамасы азаматтардың түрлі 
топтарының мүдделерін білдіру функциясын толық 
дәрежеде орындауға мүмкіндік береді, демек, өзіңнің 
партиядағы өкілдерің арқылы мемлекеттік басқару 
процесіне қатысуға болады.
2007 жылы өткізілген ҚР Парламенті Мәжілісі 
мен мәслихаттары сайлауынан кейін Қазақстанда 
өзгеше партиялық-саяси жағдай қалыптасты, ол 
жағдай биліктің өкілетті органдарында «Нұр Отан» 
50
Назарбаев Н.А. Выступление на расширенном заседании политсовета Народно- 
демократической партии «Нур Отан» 17 января 2008 года. - Избранные речи. Том 
V. Книга 2. 2008-2009 гг. – Астана: ИД «Сарыарка», 2010. – С. 26.


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет