Сайлауалды бағдарламада көрсетілген мақсаттарды
орындау жауапкершілігі партияның әрбір мүшесіне
жүктелген. «Нұр Отан» партиясы - нақты істердің
партиясы екендігін бұған дейін дәлелдегендей, алдағы
уақытта да қуаттай түсетінімізге сенімдімін.
(Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясынан
сайланған Парламен Мәжілісінің VI шақырылымы
депутаттарымен кездесуде сөйлеген сөзі. 2016 жылғы 24
мамыр).
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
138
Қорытынды
2007 жылғы реформа саяси кеңістіктің жаңа келбетін
қалыптастырды, оған сәйкес биліктің өкілетті органы
ретіндегі Парламенттің және мемлекет пен азаматтық қоғам
арасындағы дәнекерлер ретіндегі саяси партиялардың
рөлі күшейтіледі.
Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік-
құқықтық жүйенің шеңберінде нақты мүмкіндіктер алып,
оның институттарын қолдана отырып, қоғамның саяси
жүйесінің субъектілерінің және республиканың қоғамдық
өмірінің қозғаушы күштерінің біріне айналды. Партия
қызметіне жасалған талдаулар нәтижесі қазіргі таңдағы
Қазақстанды демократияландыру жолымен дамытуға,
демократиялық саяси режимді қалыптастыруға, нығайтуға
және біріктіруге мүмкіндік болғанын растайды.
27-сурет.
Партияның сайлау аралық кезеңдегі міндеттері
ПАРТИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕРІН
ДАМЫТУ
КОММУНИКАТИВТІ БАЙЛАНЫСТАР КӨМЕГІ
АРҚЫЛЫ БҰҚАРАЛЫҚ САНАДА ҮСТЕМ
ПАРТИЯНЫҢ ПОЗИТИВТІ БЕЙНЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ТӘЖІРИБЕСІН
ЖАЛҒАСТЫРУ
ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУ АРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
139
Достарыңызбен бөлісу: |