САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
54
орталықтандыру
(орталықсыздандыру)
дәрежелерін
немесе формаларын
есепке алу ғана емес, мемлекеттер
мен қоғамдарда тараған құндылықтар мен саяси мәдениет
түрі де кіреді.
Осының негізінде ол келесі саяси жүйелерді
бөліп
шығарды:
• ағылшын-американдық тип (АҚШ, Ұлыбритания,
Канада, Австрия);
• құрлықтық-еуропалық тип (Франция,
Германия,
Италия);
• индустриалды дәуірге дейінгі және жартылай
индустриалды елдер (Мексика, Бразилия);
• тоталитарлық саяси жүйелер (Италия мен Германиядағы
фашистік
режимдер, Солтүстік Корея);
Ағылшын-американдық типтегі саяси жүйелер:
• саяси мәдениеттің нормалары мен құндылықтарын
(тұлға
еркіндігі, әл-ауқаттын өсуі, дербес қауіпсіздік)
қоғамның және мемлекеттік институттардың басым бөлігі
қабылдайды;
• топтар арасындағы қарама-қайшылықтар ашық түрде
айтылады, ал биліктің әрекеттерімен оның қарсыластары
келіспейді;
• партиялар мен мүдде топтар,
элитарлық және
элитарлық емес қабаттардың саяси рөлдерінің айқын
дифференциациясы бар;
• саяси күрестің заңды формаларының үстемдігі
қамтамасыз етілген, бұл жайт, жалпы алғанда, режим мен
саяси тәртіптердің жоғары деңгейдегі тұрақтылығын алдын
ала айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: