Ағылшын-американдық жүйе (АҚШ, Англия, Канада,
Аустралия) гомогенді саяси мәдениетпен сипатталады,
мұндай жағдайда саяси мақсаттар мен оған жету жолдарын
барлығы дерлік қолдайды.
Саяси мәдениеттің бұл түрі үшін айырықша қызметтерді
орындауға
саяси
қатынастарды
(партиялардың,
топтардың, мүдделердің және т.б.) арнайы бағытқа салу
тән. Саяси жүйе ішіндегі билік пен ықпал бөлінген, саяси
жүйелердің бұл тобындағы рөлдер құрылымы терең түрде
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
55
бөлектенген (дифференциацияланған), нақты көрсетілген,
ұйымдастырылған және бюрократтанған. Жүйе жоғары
дәрежедегі тұрақтылықпен ерекшеленеді.