Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган



бет19/21
Дата02.07.2018
өлшемі7,9 Mb.
#45850
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
В Талдыкоргане прошел республиканский форум советов общественного согласия. Организации получат гораздо большие полномочия, чем сейчас и наряду с акиматами и маслихатами будут участвовать в развитии местного самоуправления. Так, назначение акимов и утверждение местного бюджета будут согласовываться с советами.

ПЕЧАТНЫЕ СМИ
Мемлекеттік хатшы Жетісу жерінде болды

Сапары аясында Г.Əбдіқалықова Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық форумына қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Алматы облысының əкімі, өңірлік ҚХА төрағасы А.Баталов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА жəне аймақтық ассамблея мүшелері, этномəдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Тəуелсіздіктің 25 жылы ішінде Ел басы басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген зор жетістіктерінің шешуші факторы бейбітшілік пен келісім болғанын айтты. Г.Əбдіқалықова өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отырған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін атап өтті. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын облыста олардың өзіндік төл мəдениеті мен тілін, дəстүрі мен салтын сақтауға жəне дамытуға жағдай туғызып, мүддесін қорғайтын 70 этномəдени бірлестік жұмыс істейді.
Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары аясында мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған «Алтын бесік» балабақшасында болды. Мемлекеттік хатшыны жадырай күтіп отырған бүлдіршіндер ашық-жарқын сəлем дескен соң тəрбиешілерінің көмегімен дайындаған тақпақтарын да ірікпеді. Шаттыққа толы көңілдері балабақша жағдайының жақсы екендігін айқын аңғартып тұрды. Уақытты ұта білетіндігін бірден аңғартқан Мемлекеттік хатшы Талдықорғанның іргесіндегі Көксу аудандық орталық ауруханасына барып, медицина саласы қызметкерлерінің жұмыс орнын көрді. Ауылдағы ауруханада заманауи қондырғылардың орнатылғаны, ең бастысы, мамандар сол аппараттарды мүлтіксіз пайдалануға талпынғаны көңілге қонымды-ақ.
Бұл күні түс ауа Мемлекеттік хатшы бастаған ресми адамдар Талдықорғандағы Жастар сарайына барды. Кең де биік əрі жылы сарайда бір келкі киінген жасөспірімдер сап түзей тізіліп, ұлттық нақыштағы əн əуені мен тербеле тұрғаны қандай жарасымды. Сонымен, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Менің елім – Мəңгілік Ел» атты республикалық акция бастау алды. Бұл акцияның маңыздылығы Елбасының кіндік қаны тамған Жетісу жерінде басталып, 30 қараша күні Астанада қорытындылатындығында болып тұр. Символикалық мəні – жас тар болашақтың тіреуі, қорғаушы күші екендігін сол жасөспірімдер санасына сіңіру.
Мемлекеттік хатшының жұмыс сапары Талдықорғандағы Тілдер сарайында жалғасты. Жетісу жерінде түрлі салада еңбек ететін əйелдер бастамасымен ұйымдастырылған көрмені аралап шыққан соң мəжіліс залындағы дөңгелек үстел басында əйелдер қауымдастығымен кездесу өтті. Өңір басшысы төрағалық еткен кездесуде алдымен сөз алған Мемлекеттік хатшы іскер əйелдермен жүздесудің маңыздылығына тоқталып, осы салада еліміз бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді. Келесі кезекте сөз берілген Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тəуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалып тастыруға бағытталған мəселелерді талқылау, мемлекеттікті, Қазақстан азаматтарының тағдырының бір екендігін түсіндіру жəне насихаттау маңызы зор мəселелер болып табылады. Азаматтық сектормен байланысты кеңейту, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, олардың белсенділігін арттыру, ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасау – жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Алматы облыстық іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Римма Салықова өңірде қыз-келіншектер тарапынан атқарылып, қол жеткізілген жетістіктерді айтқанда, Мемлекеттік хатшы: «Жекеменшік балабақшамен қамтамасыз ету мəселесі бойынша өркениетті 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік бар ма?» – деген сұрақ қойды. «Əлбетте, бұл тұрғыда үлгі тұтар бизнесменіміздің бірі жекеменшік балабақшасына балалар үйінің бүл- діршіндерін алдымен қамқорлығына алған Күлəнда Батырханова ортамызда

отыр», – деп іле жауап берген облыстық і с к е р ə й е л д е р қ а у ы м д а с т ы ғ ы төрайымының сөзін облыс əкімі Амандық Баталов толықтыра түсіп: «Жалпы, Алматы облысында уақыт талабына сай былтыр 89 жекеменшік балабақша ашылса, ағымдағы жылы балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтуды 87%-ға дейін жеткізу үшін тағы да 8691 орынға 77 жекеменшік балабақша ашылды. Соның бірі – бүгін өздеріңіз көрген «Алтын бесік» жекеменшік балабақшасы. Тəуелсіздік күніне орай тағы бір жекеменшік балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, құнды идеяны қуана құптаймыз», – деді. Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.



Наша сила – в единстве

Вчера Государственный секретарь РК Гульшара Абдыкаликова, заместитель Председателя – заведующий секретариатом АНК Администрации Президента РК Ералы Тугжанов, а также депутаты Мажилиса Парламента Бахытбек Смагул и Юрий Тимощенко совершили рабочую поездку в Ал- матинскую область. Гости посетили детский сад «Алтын бесік», ознакомились с деятельностью Коксуской районной больницы. Затем в областном акимате состоялся республиканский форум Ассамблеи народа Казахстана «Основа независимости – общественное согласие», собравший представителей госорганов, этнокультурных центров, общественных объединений и религиозных конфессий.
Участники встречи рассмотрели опыт работы советов общественного согласия АНК Жамбылской, Карагандинской и Костанайской областей, обсудили основные направления взаимодействия с советами матерей ассамблеи, институтами медиации. Как подчеркнула Г. Абдыкаликова, единство и согласие в обществе – решающий фактор впечатляющих успехов нашей страны, достигнутых под руководством Президента Нурсултана Назарбаева. В казахстанской модели этнического многообразия нет поглощения других культур и в то же время нет изолированных этносов. Необходимо повысить роль советов общественного согласия в укреплении единства народа, а также в решении актуальных проблем населения. Спикер также отметила работу АНК Алматинской области по развитию культуры, языка и традиций свыше 100 этносов, проживающих в регионе.
В свою очередь Е. Тугжанов сказал, что одна из главных задач – обобщение опыта советов общественного согласия. Не случайно в их состав входят влиятельные общественные деятели, политики, ветераны, лидеры НПО. В регионах при содействии центров медиации разработаны механизмы урегулирования межэтнических споров или конфликтов, связанных с авторским правом. Словом, Ассамблея народа может рассматривать и помогать решать любые задачи, направленные на сохранение общественно-политической стабильности.
В этот же день в Талдыкоргане стартовала республиканская молодежная акция АНК «Менің Елім – Мәңгілік Ел», посвященная 25-летию Независимости страны. Ее цель – консолидация подрастающего поколения казахстанцев вокруг политики мира и согласия Лидера нации, обеспечение поддержки институциональных реформ и общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел». Лидеры молодежных движений Алматинской и Павлодарской областей Асем Калибек и Максим Споткай отметили, что за годы независимости наша республика сделала колоссальный рывок в экономическом, культурном, социальном развитии. Это стало возможным благодаря мудрой политике Главы государства, единству и сплоченности народа, патриотизму.
Кульминационным моментом акции стала передача книги «Мәңгілік Ел» молодежными активистами Жетысу единомышленникам из Алматы. В сборнике будет отображена летопись достижений юных казахстанцев, собраны пожелания ровесников независимости. Менее чем за месяц книга «Мәңгілік Ел» побывает во всех уголках республики, а 1 декабря в Астане ее торжественно передадут Главе государства Нурсултану Назарбаеву.
Рабочая программа Госсекретаря завершилась встречей с представителями женской общественности Алматинской области, в ходе которой речь зашла о вопросах участия женщин в реализации госпрограмм, поддержке предпринимательства, укреплении духовно-нравственных и семейных ценностей. По итогам рабочей поездки Г. Абдыкаликова дала ряд конкретных поручений государственным органам.

ИНТЕРНЕТ РЕСУРЫ
Талдықорғанда республикалық форум өтті

http://lenta.inform.kz/kz/taldykorganda-respublikalyk-forum-otti_a2966277
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәжіліс депутаттары қатысты.
105 этнос өкілі, 70 этномәдени бірлестігі бар өңір ел бірлігін еселеуде, халықтар достығын нығайтуда сүбелі үлес қосып келеді. Осыны ерекше атап өткен мемлекеттік хатшы облыс жастарының «Менің елім - Мәңгілік ел» атты акциясын бастап берді. Бұл басқосу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын қолдауға бағытталып отыр.
Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Талдықорғанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған балабақша жұмысымен танысып, Көксу аудандық орталық ауруханасында болды. Сапар соңында мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен кездесті. Жиында отбасылық құндылықтарды нығайту, саясатта және экономикада нәзік жандылардың белсенділігін арттыру мәселелері қаралды.

В Талдыкоргане состоялся республиканский форум АНК

http://www.inform.kz/ru/v-taldykorgane-sostoyalsya-respublikanskiy-forum-ank_a2966300
ТАЛДЫКОРГАН. КАЗИНФОРМ - В мероприятии приняли участие Государственный секретарь РК, заместитель председателя АНК Ералы Тугжанов, а также депутаты Мажилиса Парламента РК, члены АНК, представители этнокультурных объединений, общественность области.
В своем приветственном слове Государственный секретарь подчеркнула, что решающим фактором впечатляющих успехов Казахстана достигнутом, под руководством Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева, за 25 лет Независимости явилось единство и согласие. Г.Н.Абдыкаликова отметила работу Ассамблеи народа Казахстана Алматинской области, способствующую укреплению общественной стабильности в регионе. В области проживает более 105 этносов, их интересы представляют более 70 этнокультурных объединений, создавая условия для сохранения и развития самобытной культуры и языка, традиций и обычаев.
В рамках рабочего визита Госсекретарь посетила детский сад «Алтын бесік», построенный в рамках государственно-частного партнерства и Коксускую центральную районную больницу. Во второй половине дня Гульшара Абдыкаликова дала старт молодежной акции Ассамблеи народа Казахстана «Менің Елім - Мәңгілік Ел!», которая является актом массовой поддержки молодежью общенациональной идеи Мәңгілік Ел.
В завершение поездки Гульшара Абдыкаликова встретилась с женской общественностью области: депутатами маслихатов, руководителями государственных органов, представителями бизнес-сообщества, творческой интеллигенции и НПО. На встрече обсуждены вопросы активизации участия женщин в реализации государственных программ, поддержки женского предпринимательства, увеличения представительства женщин на уровне принятий решений, укрепления духовно-нравственных и семейных ценностей. По итогам рабочего визита Государственным секретарем Республики Казахстан Г.Н.Абдыкаликовой были даны конкретные поручения государственным органам в помощь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет