Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет19/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
17 
ақпараттық сауаттылық білігі артады. Жұмыстағы ең басты сөз-мүмкіндік. Жақсы ұстаз
кез- келген жерде онлайн, офлайн жұмыс жасай біледі. Қашықтан оқыту кезінде мықты 
ұстазды одан әрі мықты ете түсті. Мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі едәуір өсті.
Осы ретте ұстаздарды төмендегі топтарға бөліп қарастырайын.
Біріншіден: талаптанушы-ізденімпаз яғни дүниетанымы кең, оқу бағдарламаларын 
жақсы меңгергендер. 
Екіншілері жаңашыл мұғалімдер: оқулықтар, ресурстарды көре білетін,өздігінше 
ізденіс жасайтындар. 
Үшіншілері-әдіскерлер: кәсіби жоғары бейімделген мұғалімдер. 
Сандық транформацияда туындаған мәселе жоқтың қасы деуге болады. Себебі бұл 
саланы да еңсердік. Икемді, мықты ұстаз онлайн, қашықтықтан оқытуда кәсіби ерте 
сөнбейді. Сандық ресурстарды көптеген жылдар бойы қолданып келдік. Бүгінгі мұғалім
жан-жақты, ашық диалогқа дайын, креативті, шынайы ақылды білім альтернативаларын 
заманауи тиімді қолданатын сонымен қатар блогерлер. Қысқа уақыт ішінде елеулі 
нәтиже көрсетуде. Шығармашылық жұмыстар форматына қарамастан көп уақытты үнемі 
талап етеді, оқушылар оқытуға қатысып қана қоймай шығармашылықпен бірігу және 
бәсекеге қабілетті эффектісін береді. Мектеп оқушыларының білімдегі олқылықтарын 
түзеу, білім шығынын толтыруда оқытуда өзіндік жұмыстары кеңейе түсті және
мультимедиалық құралдарды ұтымды пайдалануда. 
- оқыту жағдайының қолайлығы: 
-психологиялық жайлылық, 
-өз сандық-мультимедиялық құралдарымен үйреншікті қалыпта оқу 
-оқытудың арнайы мерзімдері және шапшаңдығы 
-дербестіктің жоғары үлесі 
-уақыт шектеуін жеңу.[1,9б] 
Әр баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-
жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар 
арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің 
маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа 
жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Мұғалімнің кәсібилігіндегі үш басымдық:жалпы 
азаматтық сапа, мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,пән бойынша білім, іскерлік, 
дағды. Осы сапалар арқылы мұғалімнің еңбекке деген уәжі, кәсіби шеберлігі,қарым-
қатынасы көрінеді. Қазіргі мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, 
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі 
әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ұстаз ешнәрседен тыс қалмай өзін-
өзі ылғи да ілгері жылжытып отыратын болса, жұмыста оң нәтиже болады.
Осы орайда білім беру үдерісін оңтайландыруға ықпал ететін әр түрлі 
технологиялар
 
бар. Цифрлық көмекшілердің көмегімен білім алу-білім берудегі маңызды, 
айқын трендтер бар.
- Bite-size технологиясы, гамификация,мобильді оқыту, микро оқыту,әлеуметтік 
желілер,кеңейтілген шындық, Soft Skills. 
Bite-size технологиясы
-
кішігірім уақыт аралығында және өзіне ыңғайлы ретте, бір 
нәрсені жіті назарда ұстап жігерлі оқыту ұғымымен алмастырылды. Жаңа ақпарат 
алғашқы 20 минут ішінде жақсы қабылданады, алғашқы 5-8-минутта адам зейіні 
мейілініше тиянақты болады. Bite-size learning әдісін оқушылардың зейіні бөлініп кетуі 
мәселесін шешудің ең сәтті тәсілдерінің бірі деп есептеймін. «Шағын бөліктерде» оқу 
кезінде әр түрлі құралдарды бейнелер, блогтар, ойындар және тестілерді қолдана отырып, 
ұзақтығы 15 минутқа дейінгі модульдер жасалады. Түптеп келгенде, адам нақты және 
мақсатты ақпаратты алады, сол арқылы өзінің уақытын едәуір үнемдейді. Оларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет