Астана қаласы №40 орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Шаймаханова Гүлсім Шахмарданқызы



бет3/3
Дата15.05.2020
өлшемі119,5 Kb.
#68801
1   2   3
Байланысты:
Ғажайып физика - сыныптан тыс шара

Сынып

Оқушының аты жөні

Топтың аты

Түсі

7«А»

Қабдылғазиева Айзере

Жақсылық Жанерке

Шарипбекова Айнура


Галак

Күлгін

7 «Ә»

Досымов Алдияр

Мерген Іңкәр

Құдайбергенов Мирас





Сары

7 «Б»

Есіркеп Инабат

Аясқан Бегімай

Бекұзақ Дархан





Көк

7 «В»

Сағатов Оралбек

Баянды Сейдолла

Әлмахан Нұрсұлтан





Жасыл

7 «Г»

Мешітбай Томирис

Байдалиев Айбек

Мақсұтов Нұрбек





Қызыл

7 «Д»

Cулейманкулова Алина

Шарипова Дариға

Баянхан жансая




Ақ




2-жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікті шеше біл, -дей отырып келесі кезекте осы сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық:



р/с

пән мұғалімі немесе қызметі

Аты жөні







































  1. Олай болса құрметті қатысушылар мен әділқазылар сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Сайыстың барысы:

І тур «Бәйге» сұрақ -жауап
ІІ тур «Кім жылдам?» - есептер шығару


ІІІ тур «Ғажайып алаң» - деңгейлік сұрақтар
ІV тур «Қызықты тәжірибе» тәжірибе көрсету


2-Жүргізуші:
І тур. «Бәйге» - сұрақ-жауап. (Әр топқа 6 сұрақ оқылады)

Әр жауап 1 балл.
1-топ:

  1. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

  2. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

  3. 1961 жылы 12 сәуірде физика салсындағы оқиға?(адам ғарышты игеру)

  4. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

  5. Конвекция (латын сөзі « тасымалдау»)

  6. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

  7. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

  8. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі бірлігі? (метр)

  9. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)

  10. 1гПа неше Паскаль? (100 Па)

2-топ:

  1. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)

  2. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)

  3. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)

  4. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)

  5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)

  6. Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)

  7. Пиза қаласындағы көлбеу мұнарада тәжірибе жасаған кім? (Г.Галилей)

  8. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

  9. Су неше градуста қайнайды? (1000 )

  10. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)

3-топ:

  1. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  2. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

  3. Электроскоп (грек сөзі « электрді бақылау»)

  4. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)

  5. Қандай жағдайда денелер бірдей уақытта жерге құлайды? (ауасы жоқ ортада )

  6. Еркін түсі үдеуінің мәне нешеге тең (9,8 м/с2)

  7. Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қалай аталады? (қисықсызықты қозғалыс)

  8. Табиғаттағы күштеді ата (ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші,т.б.)

  9. Импульс грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (соққы)

  10. 5 жұмыртқа 4минудта піссе,100 жұмыртқа неше минудта піседі.
    (Сондай 4минутта)

4-топ:

  1. Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)

  2. 1л су 100 градуста қайнаса, 2л су неше градуста қайнайды? (Сондай градуста)

  3. Ғылыми деректермен негізделген болжам (жорамал – гипотеза)

  4. Мылтықтан атылған оқ  піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал,шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді?( Паскаль заңы орындалады)

  5. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше күйде болады? (Үш түрлі күйде)

  6. Диффузия ( латын сөзі «жайылу, таралу»)

  7. Күш қандай шама: (Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)

  8. 1МПа неше Па (1000000 па)

  9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: (Манометр)

  10. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?.( Біздің галактика)

5-топ:
1. Меркурий планетасының қазақша атауы: (Болпан немесе Кіші Шолпан)

2. Қатынас ыдыстарды ата: (Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б)

3. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?


(Барометр-анеройд)

4. Сұйықтың буға айналу құбылысы қалай аталады? (Булану)

5.Астрономия грек тілінен аударғанда қазақша мағынасы (Астрон-жұлдыз,номос-заң)

6. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )



7. Метр сөзінің мағынасы ( грек сөзі « өлшеймін» )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
9. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)
10. 1кило Паскаль неше Паскаль (1000 Па)
6-топ:

  1. Марс планетасының қазақша атауы: (Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз)

  2. Электр сөзінің мағынасы ( грек сөзі « электрон, эбонит»)

  3. Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? (кинетикалық)

  4. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

  5. Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады? (Ноль)

  6. Қысымның өлшем бірлігі. (Паскаль)

  7. Физиктер: «... – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)

  8. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:( Исаак Ньютон)

  9. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

  10. Суық ауа жеңіл ма әлде ыстық ауа ма? (ыстық ауа)




ІІ тур «Кім жылдам? » -есеп шығару. Әр топқа 1 есептен беріледі. Бағалануы: 5,4,3 ұпай

1-топ

  • Шегемен 10 кПа қысым жасауға бола ма?Шегенің үшкір ұшының ауданы 0,1мм болса,аталған қысымды беру үшін шегенің басына қандай күш салу керек

2-топ

  • 500Н ауырлық күші әсер ететін ыдыста қандай көлем су бар?

3-топ

  • Егер бастапқы координата -10м,қозғалу жылдамдығы 5 м/с болса,бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстың координатасының сызығы қандай болады?

4-топ

  • Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см түсіретін қысымы 300 кПа екені белгілі.Катоктың салмағы қандай?

5-топ

  • Горизанталь бағытта жүріп келе жатқан автомобильге двигательдің тарту күші 8кН.Трактордың жүрісіне кедергі күш 6кН.Трактордың салмағы 40кН.Осы күштерді графикпен көрсетіңдер (масштабы 0,5см-4000Н) ?

6-топ

  • Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан (плот) массасы 45 кг бала жағаға секірді.Сонда сал 1,5м/с жылдамдыққа ие болады.Баланың жылдамдығы қандай?


ІІІ-тур. Ғажайып алаң.

4 бөлімнен тұрады. Әр бөлім 4ұяшықтан тұрады. Қатысушылар ұяшықтағы ұпай бойынша таңдап сұраққа жауап бере алады.



Ол кім бұл не? – 10 – 20 – 30 -40 ұпай сұрақтары.

1.Термометрді ойлап табушы өнертапқыш? (Цельсий)

2. Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?(Эрнест Резерфорд)

3. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды? (1609ж)


Жеті жұрттың тілін біл – 10- 20-30-40 ұпай сұрақтары

1.Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама (Энергия, energy)


2.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шам (Күш, сила,strength)
3.Жердің жалғыз серігі (Ай, луна, moon)
Физикалық аспаптар– 10- 20-30-40 ұпай сұрақтары

1.Судың көлемін өлшейтін құрал?(мензурка)

2. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал? (телескоп)

3.Күшті өлшеугеарналған құрал? (динамометр)


Ұлы физиктер– 10- 20-30-40 ұпай сұрақтары

1.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

2.Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым (В.Л.Ломоносов)

3. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астрономү (Г.Галелей)


Көрермендермен ойын

Жұмбақтар



  1. Жарқылдан соң жаңағы,
    Суға бөкті бар алап.
    Көкте түрлі жолақты,
    Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)

  2. Күндіз қасыңнан қалмайды.
    Бірақ ешкім ұстай алмайды.
    Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)

  3. Жалғыз бағыт білері,
    Бұрғаныңа көнбейді.
    Жол көрсетіп береді6
    Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

  4. Алтын теңге кетеді,
    Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай

  5. Отқа жанбас,
    Суға батпас. Жауабы: мұз

  6. Бұлтты аспанның жүзінде,
    Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)

  7. Өзі затты құрайды,
    Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)

  8. Аса қажет өмірге халық үшін,
    Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

  9. Туыстарын шетінен,
    Өбеді де бетінен.
    Бала - шаға ұсағын,
    Бауырына қысады. ( магнит)

  10. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)

  11. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
    Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)

  12. Тар шеңберді айналып,
    Тұр құдықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен танбайды ( сағат)

  13. Қозғалысқа келтіріп,
    Жылдамдығын береді.
    Өлшемдерін қарасақ,
    Ньютонға ол келеді. (күш)

  14. Жоғалмайды ешқашан,
    Түрлендірсек егер де.
    Басқа күйге ауысқан,
    Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

  15. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

  16. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
    Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

IV-тур. Қызықты тәжірибелер.

1-жүргізуші:

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста, деп келесі турымыз «Қызықты тәжірибе. Әр топ өздерінің таңдаған тапсырмаларын тәжірибе жүзінде көрсетеді. Бағалануы: 10,5,3

1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.


Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады
2-жүргізуші:

Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты

Ақыл ойлар әлемді арбап апты

Физика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Келер ұрпақ Даналарға туса игі

Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз. Марапаттау.



1-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кезедесерміз біздер әлі

Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

«Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп» ММ-сі




ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС:



Өткізген:

Физика пәнінің мұғалімі

Шаймаханова Г.Ш

2016-2017 оқу жылы



Әділ қазылар парағы

сынып

Топтың аты

І тур

Бәйге


(әр сұрақ 1 ұпай)

ІІ тур

Кім жылдам

(10 ұпай)


ІІІ тур

Ғажайып алаң

10,20,30,40


ІV тур

Қызықты тәжірибе

10 ұпай


Көрермендер жауаптары (әр жауап 1 ұпай)

Қорытынды ұпай













































































































































Әділ қазылар парағы

сынып

Топтың аты

І тур

Бәйге


(әр сұрақ 1 ұпай)

ІІ тур

Кім жылдам

(10 ұпай)


ІІІ тур

Ғажайып алаң

10,20,30,40


ІV тур

Қызықты тәжірибе



10 ұпай

Көрермендер жауаптары (әр жауап 1 ұпай)

Қорытынды ұпай












































































































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет