Тарих әр кезеңде де қоғамда болған, болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерге байланысты адам санасында сан қилы ой туғызады. Бұл ой өз елі мен жерінің, халқының тарихын білуге ынталы әрбір адамның бойында өткенді бағалау деген құштарлық сезімін оятады. Тарихи сана - ұлттық сананың негізі, іргетасы. Демек, негізі берік іргетассыз сапалы ұлттық сана қалыптаспайды. Ал, ұлттык, санасы қалыптаспай, оны кемеліне келтіріп жетілдірмей, туған жерінің шын мәніндегі перзенті болу да қиын. Өйткені, онсыз жаныңның жай- жапсарын жете танып, жағдайын жан-жақты түсіне алмайсың; сезіну болғанмен, болмысына ену жоқ; түйсінгенмен, түсіну жок; дел-сал күй кешесің. Кеңес Одағы кезінде басты күрделі оқиғалар мен кезендерді тарих ғылымы түрғысынан сипаттау қатал саяси және біржақты идеология қысымында болды. Бүл қазақ және Қазақстан тарихы беттерінде "қара" немесе тек кана "ашық" бояулармен бейнеленуге әкеліп қоғам мүшелерінің, соның ішінде жас буын өкілдерінің сана-сезімі мен сенімін дүрыс тәрбиелеп калыптастыруға үлкен кедергі жасады. Қазіргі уақытта тарихшылар алдында тарих ғылымының дамуына сол кезде кері әсер еткен қүбылыстардың түпкі себептерімен салдарын объективті түрде қайта сараптау міндеті түр. Бүгінгі тарихымыздың шынайы сипатын, ақиқатты жолын көрсетуде біршама ауқымды әрі мазмұнды ұмтылыстар байқалғанымен егемендік елдің өзінде тарихи оқиғалар мен тұжырымдарды қайта бағалау принциптерінде көптеген зерттеушілер тарапынан бірқатар теориялық және фактологиялық, қателерге жол беріліп жатқанын аңғаруға
болады. Оқушыларға осы курсты оқыту процесінде қызығып
оқуына назар аударып,оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін
қолданамын.Қосымша метериалдарды деректерді пайдалана
отырып,сан ғасырлық қазақ тарихын шындық тұрғысынан