Құланөтпес көшесі
Бұрынғы атауы – №5 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құланөтпес көшесі Айдарлы көшесінен басталып, Саумалкөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,8 м.
Құланөтпес – Теңіз көлі алабындағы өзен. Қарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары арқылы ағады.
Құлынды көшесі
Бұрынғы атауы – Летний көшесі. Құлынды көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Балауса, Н.Оңдасынов, Е.Тайбеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 374,2 м.
Құлынды даласы – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі өңір, Алтай Республикасы мен Павлодар облысы аумағында орналасқан.
Құмбел көшесі
Бұрынғы атауы – Лётный көшесі. Құмбел көшесі Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 154,3 м.
Құмбел – Қырғыз Алатауындағы асу. Жамбыл облысы, Мерке ауданында орналасқан.
Құмкент көшесі
Бұрынғы атауы – №35 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құмкент көшесі Айнакөл көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Қордай, Бесшалқар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,8 м.
Құмкент – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан.
Құндызды көшесі
Бұрынғы атауы – №56 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құндызды көшесі Балқантау көшесінен басталып, Жанкент, Нұрлы орамы, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 447,9 м.
Құндызды – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жем алабындағы өзен.
Достарыңызбен бөлісу: |