Абат-Байтақ көшесі
Бұрынғы атауы – Проектный көшесі. Абат-Байтақ көшесі Мұзтау көшесінен басталып, А.Байтұрсынов көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 657,3 м.
Абат-Байтақ – XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Талдысай кенті маңында орналасқан. Абат-Байтақ кесенесі орналасқан қорым мемлекеттің қорғауына алынған.
Ағадыр көшесі
Бұрынғы атауы – Тульский көшесі. Ағадыр көшесі Сарықұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 1286,1 м.
«Ағадыр» – дөңесті және белесті жер деген мағынаны білдіреді. Ағадыр атауы Қарағанды облысы, Шет ауданындағы кент, теміржол стансасына берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |