Ақсу-Аюлы көшесі
Бұрынғы атауы – №55 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақсу-Аюлы көшесі Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м.
Ақсу-Аюлы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Ақсу-Аюлы кенті Қарағанды облысы, Шет ауданынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Ақсу-Жабағылы көшесі
Бұрынғы атауы – Ф.Глинка көшесі. Ақсу-Жабағылы көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 734,1 м.
Ақсу-Жабағылы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық.
Ақсуат көшесі
Бұрынғы атауы – №17 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақсуат көшесі Арқалық көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Айыртау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 627,9 м.
Ақсуат – мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Қостанай облысындағы Ақсуат көлінің жағасында орналасқан. Қазақстанда осы аттас елді мекендер көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |