Байқоңыр көшесі
«Көктал» тұрғын алабы. Байқоңыр көшесі Жаңақоныс көшесінен басталып, Болашақ, Өркен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1130,5 м.
Байқоңыр – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Байқоңырдан 1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
Бақанас көшесі
Бұрынғы атауы – Экспериментальный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бақанас көшесі Бастау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 423,9 м.
Бақанас – Балқаш алабындағы өзен. Ол Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандарының жерімен оңтүстікке қарай ағады. Бақанас – Алматы облысы, Балқаш ауданының орталығы.
Балауса көшесі
Бұрынғы атауы – Цветочный көшесі. Балауса көшесі М.Мақатаев көшесінен басталып, Құлынды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 382,3 м.
Балауса – ылғалды жерде өсетін шалғын шөп.
Достарыңызбен бөлісу: |