Сарыарқа даңғылы
Сарыарқа даңғылы Шығанақ көшесінен басталып, Бестерек көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов, Ә.Әлімжанов, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3191,5 м.
Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр өлке. Батыс бөлігі Торғай ойпаттарынан басталып, шығыс бөлігі Тарбағатай тауына дейін 1200 шақырымға созылып жатыр.
Бұл даңғылда «Хабар» телекомпаниясы, «Астана» спорт кешені, Қазақ Мемлекеттік медицина академиясы орналасқан.
Тұран даңғылы
Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы (Есіл өзенінен кейінгі жалғасы). Тұран даңғылы Достық көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Тәуелсіздік, Ақбаян, Қорғалжын тасжолын қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0 м.
Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тұңға» атты дастан дүниеге келген. VІ ғасырдан бастап «Тұран» сөзі түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған.
Бұл даңғылда «Хан шатыры», «Бақыт» неке сарайы, «Каспий» спорттық-сауықтыру кешені орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |