Астана қаласы
«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК
Пәні: Математика
Мамандығы:математика пән оқытушысы
Джаппарова Кулзайра Имантаевна
Ортогональ проекциялау.Перпендикуляр және көлбеу.
Мақсаты:
Білімділік:
а)студенттерді ортогональ проекциялау ұғымын түсіндіру, ортогональ проекциялар қасиеттерін қарастыру, жазықтыққа түсірілген перпендикуляр, жазықтыққа түсірілген көлбеу, нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық түсініктерін меңгерту, есептер шығаруда қолдану; есептеу бойынша оқушылардың білік , дағдыларын қалыптастыру;
б)ойлау жүйелілігін және талдау , салыстыра білу қабілетін дамыту;
в) іздену, бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
а)ойлау жүйелілігін және талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту;
б)іздену,бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
а)өз бетінше жұмыс істеуге бейімделу;
б)пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
в) тиянақтылыққа, жылдам ойлауға үйренеді.
Педагогикалық технологиялары:деңгейлеп оқыту
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Оқыту әдістері: сұрақ жауап, есептер шығару, баяндау
Көрнекі құралдары:сызбалар,интеративтік тақта, компьютер,слайдтар
Пәнаралық байланыс:сызу,алгебра,тарих,ағылшын тілі
Сабақтың барысы
I бөлім1.Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тугелдеу.Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту, жұмыстық көңіл-күй қалыптастыру
ІІ –бөлім. Үй жұмысын тексеру №7
Қайталау.Блиц-сұрақтар.
1.Стереометрия аксиомалары
2.Аксиомалардың қарапайым салдары.
3.Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі.
4.Айқас түзулер?
5.Түзу мен жазықтықтың параллельдігі?
6.Жазықтықтардың параллельдігі?
7.Параллель жазықтықтардың қасиеттері?
8.Параллель проекциялау.
9.Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш?
10.Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы?
11.Перпендикуляр түзу мен жазықтықтардың қасиеттері.
ІІІ-бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қайталау.
Кеңістіктік фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін параллель проекциялауды пайдаланады.
Фигураны кескіндеудің осы тәсілі:Кеңістікте F фигурасы мен α жазықтығы берілсін, α жазықтығын қиятын l түзуін аламыз. F фигурасының әрбір нүктесінен l түзуіне параллель түзулер жүргізіміз.Бұл түзулер α жазықтығымен қиылысқанда, F жазық фигурасы шығады.
Жазық F фигурасы l түзуіне параллель проекциялаудан алынған F фигурасының α жазықтығындағы проекциясы деп аталады.Мұндағы l түзуі – проекциялаушы түзу, α – проекция жазықтығы.
Анықтама.Проекциялау жазықтығына перпендикуляр түзу бағытында параллель проекциялауды ортогональ проекциялау деп атайды.Ортогональ проекциялау параллель проекциялаудың бір түрі болғандықтан, ол параллель проекциялаудың барлық қасиеттеріне ие болады.Тікбұрышты проекциялау (ортогональ проекциялау) – параллель проекциялау түрлерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |