АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
Тағам технологиялары факультеті
“Астық өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы”кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Жарманың түрлері мен сапалық көрсеткіштері
Дайындаған :Алхабай Айгерім
ТБ 21-11 3 курс
Қабылдаған: Сауле Тургановна
Техника ғылымдары докторы
Алматы 2023
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
2- бөлім
1. Жарма түрлері, дәнді жармаға өндіру
2. Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістер схемасы
3. Жарма дақылдары және олардың сапасын анықтау
4. Жарманың физика-химиялық көрсеткіштері және олардың
анықтаудың тәсілдері
3- бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жарма дақылдарына негізінен күріш, сұлы, қарақұмық, тары, арпа, жүгері жатады.
Жарма деп жарамсыз (адам ағзасына сіңбейтін) бөлігіне ажыратылған ұнтақ немесе бүтін дәнді айтады. Ол өзінің тағамдық құндылығымен, жақсы сіңімділігімен және басқа өнімдерге қарағанда сату бағасының төмендігімен ерекшеленеді және тағам ретінде жиі пайдаланалады. Жармалар пайдаланылған астықтың түріне (қарақұмық, күріш, тары, сұлы, арпа, бидай т.б.), өндеу тәсіліне (жонылған, жонылмаған, тегістелген, тегістелмеген, ұнтақталған, ұнтақталмаған т.б.), дән типіне (маркаға және ұнтақ ірілігіне (нөмірге) байланысты бөлінеді. Жарманың өзінің органалептикалық белгілер бойынша стандарт талаптарына сай болуы тиіс.
Жарманың халық шаруашылығында маңызы зор, себебі оның тамақтық құндылығы жоғары. Егер жарманың тамақтық құндылығын артырғымыз келсе, онда оны жеміс шырынында (уыт, қант, тұз және т.б. құрауыштар) қайнатып, кейін қуыру керек. Мұндай жарма – «үлпек» аспаздық өндеуді керек етпейді. Оларды құрғақ күйінде немесе сүтпен, какаомен, кофемен, кисельмен, сорпамен т.с.с. тағамдармен жеуге болады. Жарманың сіңімділігін арттырудың бір тәсілі қысыммен өндеуге негізделмеген. Көлемі алты-сегіз есе өскен бидайдың, күріштің, жүгерінің күтпей (ісініп жарылған) дәндерін осылай дайындайды. Ең жақсы күтпей дәндерді күріштің, бидайдың шынылы және кремнийлі сорттарынан (әсіресе күрішті) алуға болады.
Жарманың көптеген түрлерінен тамақтық концентраттар дайындалады: оларды басқа құрауыштармен араластырады да толық немесе жартылай толық дайындығына дейін өндейді. Ең соңында, жармалар қоспаларын (екеу- үшеу) немесе жарма өндірісінің уақ жармасын тартылған күйінде алып, оған жоғарғы нәрлі заттарды қосып (майы алынған құрғақ сүт, жұмыртқаның құрғақ ақуызы, дәрумендер, микроэлементтер), сөйтіп нәрілігі жоғары жарма дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |