- Ақсу қаласы Үштерек ауылы орта мектебі
- мемлекеттік мекемесі
- Дайындап, зерттеген:
- 3-сынып оқушысы Ерханат Мейрамбек
- Жетекшісі: Жанарбек Гулжауһар
- Ғылыми жаңалығым: қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерін зерттеу арқылы көнерген сөздер қорынан мәліметтер алдым. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінің адам өмірінде, әдебиетте маңызы зор екенін түсіндім.
- Зерттеудің әдіс-тәсілдері: іздену, жеке дара жұмыс, қалалық кітапханаларға бару, энцеклопедиялардан іздеу, журналдарды қарау.
- Зерттеудің дереккөздері: - өткен заманда халық қолданысына енген тілдік ерекшеліктер жан-жақты дамуымызға, мәдениетімізге, әдет-ғұрпымызға айтарлықтай әсер етуі. Тумысынан қызығушылығы зор ата-бабамыз еш жазудың, кітаптың көмегінсіз-ақ өлшем бірліктерді ойлап табуы.
- Зерттеудің міндеттері: - құрамында ұлттық-мәдени компонеттері бар, қазақ тіліндегі халықтық өлшемдерді жинақтау;
- анықталған топтардан қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолданыс аясын қарастыру;
- - қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолданылу аясын айқындау;
- Зерттеу объектісі: қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінің халық өмірінде қолданысы, шығарманың мазмұнын тереңдетудегі рөлі.
- Ғылыми жобаның мақсаты: Тіліміздегі салмақ, көлем, ұзындық, сандық өлшем және уақытты, жер арақашықтығын, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бірлігіне жататын байырғы өлшем атауларының тақырыптық және қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
- Ғылыми жоба жұмысының мақсаты: Қазақтың ұлттық өлшемдерінің мағынасын ашып, қазіргі өлшем бірліктердегі баламасын анықтау
- Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері қолданылған шығармалардан нақты дәлелдерді көрсетіп, анықтау. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінің күнделікті өмірде қолдануын анықтау.
-
- Зерттеудің өзектілігі: Өлшем атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың ортақ айшықтарын тауып, қазақ халқының рухани мұрасы , халықтық өлшемдердегі құнды деректер мен мәліметтерді ғылыми түрде зерттеуге деген қажеттілік.
- Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халықсалмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
- Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш. Өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат). Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.
- Алғаш пайдаланылған ұзындық өлшемі- шынтақ. Адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. 40 см шамасы, яғни 2 сүйем.
- Өлшем – бір нәрсенің көлемін,салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі.
- «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем
- десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз сан ғасырлар
- бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
- ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ СИПАТЫ
- Алғашқы өлшем бірліктердің бірі - ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см),екі елі, үш елі...,тұтам. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жай ғана созылуын — қарыс, ал бұл екеуінің барынша керіле созылуын кере қарыс дейді. Ал, сере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасы.
- Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығын) қолданылатын өлшем. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам) (1м), таяқ тастам (10-15м), әй дейтін жер (100м), дауыс жететін жер (250-300м), тай шаптырым (4-5км), құнан шаптырым (8-10км), ат шаптырым (25-30км)
- Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс. Мал саны мен көлемін де осылай ажыратады: бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір. Заттың көлеміне, аумағын кейде бармақтай, шыншақтай деген теңеулер арқылы жасалады. Қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа-қалыңына қарай айтқан: бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 – 5мм шамасы), шынашақ, елі, бармақ (бұлар 1–2,5см),екі елі...,сере, табан (7–10см) т.с.с. Мәселен, қардың қалыңдығын аттың шашасынан, толарсақтан, тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен (құлағынан, бауырынан, бойынан) асады (келеді) деп мөлшерлеген.
- Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінің
- әдеби шығармаларда қолданылуы
- «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі. «Қадақтай» - кішкентай, аз. «Ер Тарғын» жырында: Келген қалмақ көп еді Көп те болса қалмақтан, Алты күн айғай салғанда, Азғантай қалды қадақтай – деп жырлайды.
- Аршын – метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу. Мысалы: Мұндай құс кез болып қалса керегінде, Ет берер кісінің ебі болса. Таңырқап талай адам тұратұғын, Жарты аршын құйрығының ағы болса. ( Үш ғасыр жырлайды.)
- Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Кейбір әдебиеттерде қаптың мынадай түрлері де кездеседі: тоқты қап-3 пұт немесе 48 кг, қой қап -6 пұт немесе 96 кг, торпақ қап -9 пұт немесе 144 кг.
- Пұт – Салмағы 16 кг тең ауырлық өлшемі. Кірген бетте –ақ сиыр қорадағы ақырдың ішінен шөптің астына тыққан екі пұттай бидайды тауып алыпты.
- Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы ба»
- Батпан туралы орыс әдебиетіндегі алғашқы дерек А. Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабынан бастап кездеседі, Қазақтарда батпан өлшемі өте ерте заманнан бастап – ақ белгілі болған. Ол салмақ өлшемінің ең ауыр түрінде қолданылған. Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі.Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем.
- Сонымен қоса сөз тіркестерінде
- сан есімді тіркестер де қолданылады:
- Бір жұтым су, бір үйір жылқы, бір қора жан, қос уыс, бір уыс т.с.с.
- ЕРТЕДЕГІ ӨЛШЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
- Сонымен, зерттеуіміздің нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады. Қазақ тіліндегі өлшем атаулары танымдық тұрғыдан зерттеліп, халықтың рухани мәдениеті, наным-сенімі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бейнесі айқындалды. Сондай-ақ, қазақ тілінде жазылған көркем шығармалардың бәрінде де метрикалық өлшемдерден гөрі, халықтық өлшемдерді қолдану дәстүрі үстем болғандығы белгілі.
- Өркениет табиғатының алғашқы қадамының бірі – халықтық өлшем. Халықтық өлшем адамның айналадағы құбылыс пен заттардың алыс-жақындығын, ауқымын, көлемін, мөлшерін, жылдамдығын, уақыт мөлшерін, аласа-биіктігін, кең-тарлығын т.б. жағдайын шартты түрде болса да анықтауға арналған, оларды ғасырлар бойы қолданған. Одан кейін барып адам санасының бірте-бірте дамуының арқасында бір жүйеге келтірілген, дәл өлшемді беретін метрикалық өлшем дүниеге келді. Бұл адам баласы санасының жемісі десек қателеспейміз. .
- Көптеген халықтарда өздерінің ұлттық тілдеріндегі бірлік атаулары қолданыстан қалмай, тұрмыста және техникада әлі күнге дейін қолданып келеді. Мысалы: ағылшындарда фут, ярд, дюйм сияқты өлшем бірліктері, батыс елдерінде аталатын қашықтық бірлігі миль, т.с.с көптеген бірліктерді атауға болады.
- Сол себептен біздің де өз тіліміздегі ежелден келе жатқан бірлік атауын қолдануға, не болмаса кейбір ұлттық дәстүрімізге байланысты атауларды қолдануға хақымыз бар. Бірақ қазіргі күнге дейін қолданыстан түспей жүрген бірліктер бар. Мысалы, қазының қалыңдығын елімен өлшейміз, мал бағумен айналысатын көшпелі шаруалар сары майды қарынмен өлшейді, арқанның өлшемін, немесе киіз үйдің белдеулерін құлашпен, уықтың өлшемін қарыспен өлшейді.
- Бізде тілімізде бар өлшем бірліктерін уақыт ағымына сай тіл қолданысынан шығып, құрып кетуден сақтайық.
- Назар қойып
- тыңдағандарыңызға
- көп рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |