Ақсу негізгі мектебі «Мен соғысты жырлаймын»



Дата07.07.2020
өлшемі206,05 Kb.
#74954
Байланысты:
сайыс патриот


Ақсу негізгі мектебі

«Мен соғысты жырлаймын»
( патриоттық әндер байқауы)

Орындаған: Какжанова Ж.А, Карабаева Э.М
2018-2019 оқу жылы

«Мен соғысты жырлаймын» !
Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.

(Ортаға екі жүргізуші шығады)


1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
1 - жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
2 - жүргізуші: Олай болса, «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
(Үміткерлер ортаға шығады)
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды.
2 - жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған
«Қазақ елі» орындайтын - 5-сынып оқушылары

1 - жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің тірегі
6-сынып оқушылары Б. Ауданбаевтың сөзіне жазылған А.Асановтың әні 6- сынып «Қазақстан сарбаздары» қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші: Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап түзеді сайланып
7- сынып оқушылары «Ән сал, сарбаз»


1 - жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Ортада 8-сынып «Атамекен» әнімен

2 - жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
1 - жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
9- сынып орындауында «Алға, Қазақстан» әні.
2 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
1 - жүргізуші: «Мен соғысты жырлаймын» атты әскери - патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.

2 - жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.


Ақсу негізгі мектебінде өткізілген «Мен соғысты жырлаймын» ! атты патриоттық әндер байқауы есебі

Мақсаты: Оқушылардың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.








Орындаған : Какжанова Ж.А, Карабаева Э.М

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет