Ата – аналар жиналысын тартымды өткізу жолдары
Сынып жетекшісі – біркелкі жаңа және көне мамандық. Әрине, көп нәрселерді ұстаздар өздері жинақтайды, бірақ, психологиялық жағынан оларға көмек қажет. Мысалы, мұғалімдерді жиналыста ата-аналармен дұрыс қарым – қатынас жасауға бағыттау.
Неге кедергілер пайда болады ?
Ата – аналар жиналысында сынып жетекшісі қандай рольде болуы керек ? Жиналыс кезінде сынып жетекшісі белгілі бір ақпаратпен жұмыс істеуі қажет және өзін сол ақпаратты беруші ролінде ұстауы міндетті. Педагогқа бұл дағдылы жағдай. Бірақ, оқыту және ақпарат беруде түрлі әдістерді қолдануға тура келеді, дегенмен ақпараттың көмегімен ата – аналарды оқыту да тыңдаушы қауымды жалықтырып алары сөзсіз. Ақпарат нәтижесі түсініксіз болғандықтан, тыңдаушылар жағынан кедергілер туындайды.
Осыған орай психологиялық әдебиеттерде тренер жұмысына, тренинг жүргізушіге арналған бай және өте пайдалы материалдар жинақталған.
Педагог фасилитатор ролінде
Тағы бір ата – аналар жиналысын жүргізетін педагог ролі – фасилитатор. Фасилитатор – екі және одан да көп адамдардың қарым – қатынасын жеңілдететін, қатысушылар дискуссия тапсырмасын шешуде және мазмұнын талдауда, зейінін шоғырландыруда кездесуді бақылайтын адам. Педагог – фасилитатор жиналыста қойылған сұрақтардың шешімін табуда ата – аналармен қарым – қатынасты ұйымдастырады. Фасилитатор ролінде педагог топтық үрдіске өз пікірін кіргізбейді. Ата – аналар жиналысын өткізгенде сынып жетекшілерге арналған төмендегідей пайдалы ұсыныстар беріледі. Қандай болмасын ақпарат берушінің ең басты мақсаты – тыңдаушыны өзіне қарата білу. Осы тапсырманы шешуге көптеген әдістер бағытталған. Әңгіменің басы: Ең басты талап - әңгіме басы қысқа және мазмұны бойынша нақты болуы керек. Бірнеше кеңестер: 1 парақ қағазға жақсылап ойланып, сөзіңіздің бастапқы 2-3 сөйлемін жазыңыз. Сіз алаңдап тұрсаңыз да сөйлемдеріңіз байланысқан болуы керек. Бірінші кездесуіңіз болса да, қысқаша дұрыстап танысыңыз. Ата – аналар алдындағы беделіңіз бен балалармен қарым – қатынастағы роліңізді дұрыс көрсете білген жөн. Кездесудің басталуы созылып кеткеннің өзінде жиналысты ешқашан кешірімнен бастамаңыз. Тек қана кездесудің жоспарланғаннан басқаша өткенін айтып өтіңіз. Кешірім сұрау сізді «төмен» бағытқа қояды және тыңдаушылар алдында сіздің ақпаратыңыздың мағынасын жояды. Әңгімені бастамас бұрын ата – аналар мен оқушыларды тыныштандырып, өзіңізге назар аудартуға көптеп тырысыңыз. Сіздің тәсіліңіз сабақты елестетпейтіндей,стандартты емес болуы керек. Әрқашан өзіңізге сенімді тұрыңыз. Мысалы: әңгімені құмырадағы гүлді үстелдің шетіне қойып бастаңыз... Алғашқы сөзді кездесу мазмұны мен кезеңдерінен бастаған жақсы. «Алдымен біз сіздермен…», «Содан кейін біз… қатыстырамыз», «Әңгіме соңында біз сіздермен…» деген сияқты сұрақты ақпарат беру кезінде қойған дұрыс екенін айтып өтіңіз. Немесе, ата – аналарды алдымен тыңдап алып, соңыра сұрақтарын қоюын өтініңіз. Егер ұйымдастыру кезеңін айтқаннан кейін сіз тыңдаушылар бағытын өзгертсеңіз, олар өте еркін және әрбір шараға қосылып отырады. Бұл үшін мектеп немесе сынып өмірінен жақында болған оқиғаны қысқа сөзбен келтіріңіз, балалар жасаған қызықты, күлкілі нәрсені айтып өтіңіз. Егер ата – аналар бір – бірімен таныс болмаса, оларды міндетті түрде таныстырыңыз. Ақпаратты беру
Сөз сөйлеген кезде қалай және қайда тұру керек? Егер сынып кішкентай немесе тыңдаушылар аз болса, жалпы шеңберде немесе үстеліңізді қырындап отырған дұрыс. Ешуақытта үстел басында отырмаңыз. Ол педагог пен тыңдаушыларда нақты байланыстар мен жүріс – тұрыс стереотиптерін оятады. Егер сынып үлкен болса, үстел жанында тұрып сөйлеу қажет. Тақта алдындағы кеңістік тыңдаушылар назарын басқаруға мүмкіндік береді. Егер сіз өте маңызды нәрселер айтып тұрсаңыз, парта немесе орындық қатарларынан кішкене алдыға қарай шығып сөйлеңіз. Қорытындылау кезінде тыңдаушыларға ойлануға, түсінуге мүмкіндік беру үшін тақта жанында тұрыңыз.
Дауысты ақпарат көмегімен қатарластырыңыз. Сізге сабақ кезінде қолданатын бірнеше дағдылар қажет: соңғы сөздерді қайталау, интонациямен сөйлеу және үзілістер болсын. Сіз белсенді балалармен емес, үлкендермен қарым – қатынаста екеніңізді ұмытпағайсыз. Олар ойлайды, үзіліс кезінде тіптеп жақсы ойлануға болады.
Сіз ақпарат беруде вербалды емесжест, дене қимылы, мимиканы жетік бақылаңыз.
Мазасызданғанда мимиканы басқару қиын, сонда да ол берілген ақпарат мазмұнына сәйкес және соған қарай өзгеруі қажет. Дене қимылы мен жесттарды, қазіргі көптеген таныс педакгогикалық тәсілдерді пайдалана отырып, жағымды қолданған дұрыс.
Ата – аналардың бәрі толық тыңдап отыр екен деп, барлық эмоция, ақпараттарды айтып салуға жағдайды пайдаланбаңыз. Ескертетін жай: әңгіме барысында басқа жаққа кетіп қалмаңыз. Тақырыпты нақты анықтап, ол бағыттан ауытқымаңыз.
Сөз арасында аздап ата – аналарды қызықтыруға болады: «Біз мынау туралы да әңгімелейтін де боламыз...», «Бұл сұрақ бойынша сіздерге айтатыным бар...» деген секілді. Келесі кездесу өте маңыздыжәне қызықты болатынына қарай одан қалмауға тырысатын болсын.
Ата – аналар мұндай кездесулердің зор мағынасы бар екенін жақсы сезінулері керек. Олар қысқа және нақты нәтижемен аяқталатын болсын. Бұл үшін ақпарат жүйелі, кезекпен және нақты берілуі керек.
Барлық қажетті ақпарат берілгеннен кейін, оны талдауға және шешімдер қабылдауға болады.
Ата –аналар жиналысы кезінде мәселені талдауда педагогбасқа дағдыларды (фасилитацияны) қажет етеді. Бұл ұғым педагогикалық ортаға түсініксіз. Бірақ, ол келешекте ұстаз бен ата-ана, ұстаз бен оқушы қарым – қатынасында маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |