2. Тақырыпты ата-аналардың әңгімелеуі арқылы ашу. 3. «Доп лақтыру» жаттығуы.
Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
4. «Гүл теру» жаттығуы. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
· Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
· Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.
· Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
• Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
• Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
• Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
• «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...» Ия, әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім – тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрл і адамның мінезі беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал –екінші ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.
Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десекте кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік!
Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. (Ата –аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы беріледі).
Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады. Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?
1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары. 2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары. Рефлексия 1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?