Ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынастарының автономдық- психологиялық механизмдері Ата-ана мен бала арасындагы қарым-қатынасты диагностикалау әдістері



Дата11.11.2022
өлшемі24,2 Kb.
#157750
Байланысты:
10 тапсырма


Ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынастарының автономдық- психологиялық механизмдері
Ата-ана мен бала арасындагы қарым-қатынасты диагностикалау әдістері
Баланың ата-анамен қатынасы бала дамуының психоәлеуметтік факторы болып табылады. Бала өзінің ата-анасынан адамгершілік позицияны, олардың басқа адамдармен қарым-қатынасын, бағалау және талдау, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттану ерекшеліктерін игереді. Ата-ана мен бала үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өзара қатынаста және жанұя жағдайында балалар мінез-құлқы психологиялық және әлеуметтік тұрғыда өзгеріске түсіп отырады.
Д. Бомринд ата-ана мен бала қатынасын зерттеуде келесі типтерді бөліп көрсетті:
Демократиялық стиль бұл кезде ата-ана мен бала арасында қатынас бас кезінде әріптестік ретінде жүреді. Бұл кезде бала өзіндік талдау мен тәуелсіздікке құқылы болады. Ата-ана баланы қандайда бір іске көндіруге ұмтылады, ал тіл алуды күшпен іске асырмайды. Бала бұл кезде белсенділікті, қуаттылықты, тәуелсіздікті көрсетеді. Өздерінің тәуелсіз екендерін көрсетіп ғана қоймай, оны қолдануға тырысады. Тіпті кей сәттерде ата-анасына өз ойымен санасуға мәжбүрлейді. Баладағы бұл мінез-құлық ерекшеліктері осы сәтте ата-ананың қолдауымен ерекше маңызға ие болады. Осыдан бала өз пікірінің бағалы екенін сезінеді. Және де ата-ана баланы толыққанды әріптес ретінде санай бастайды, ересектермен өзара қатынас позициясы адекватты түрде дамиды. Ата-аналардың қарым-қатынас кезіндегі қолдауы бала үшін маңызды болады. Балада сенімділік және жалпы мақсатқа жету инициативасы байқалады. Қорытындылай келе, берілген стиль баланың өзін-өзі бағалау критерийін қалыптастырады. Сонымен қатар бала атаанасын сыйлай бастайды.
Авторитарлы стиль бұнда балаға берілген инициатива аз көлемде беріледі, отбасылық шешім қабылдауда оның қатысуы шектеледі, қадағалау ата-ана тарапынан жүргізіледі. Өзіндік және тәуелсіз талқылауы болмағандықтан, баланың өзіне деген сенімділігі бұзылады. Ата-ана өзінің беделін үстемдік етіп, бекітуге тырысады. Ал балалар өз құқықтары үшін күреседі. Осы кезде бала мен ата–ана арасында жаңа қарым–қатынас туындайды.
Кей кездерде аралас типте кездеседі. Бұл типте жоғарыда сипатталған екі стильдің формалары байқалады. Яғни бала демократиялық және авторитарлы стилді де ұстанады. Және де соған тән ерекшеліктер көріне бастайды.
Демек аталған стилдер бала мен ата– ана арасындағы қарым–қатынасты көрсетеді. Қарым–қатынас негізінде бала мен ата–ана тарапынан өз арақатынас орнайды. Отбасындағы өз арақатынас субъективті түрде отбасы мүшелерінің арасында жүзеге асып отырады.
Жанұядағы өз арақатынас типтерін келесідей бөліп көрсетейік:
Диктат – бұл кезде ата–ананың біреуі қаталдық танытып, үнемі талап қойып отырады. Және белгілі бір ережелермен өз істерін жүзеге асыруды қалайды. Ата–ананың басшылығы басым болып, баланың қызығушылықтары мен көзқарастарын жоққа шығарады және бала өзіне қатысты мәселелерді шешуде өз ойын айта алмайды. Бұл кезде балада физикалық және эмоционалды тұрғыда күйзеліс байқалады. Демек бұл жағдайлар баланың тұлға ретінде дамуына кері әсерін тигізеді.
Аса қолдау – бұл кезде балаға шектен тыс көңіл бөлінеді. Барлық қиыншылықтарды, қамқорлықты, талаптарды, қобалжуларды ата–ана өз мойындарына алады. Мұндай кезде тұлғаның қалыптасуында тежелу туындап, балада тұрақтылық, өз беттілік қасиеттері дамымайды. Бала өмірлік қиыншылықтарды өзі шеше алмайтын, үнемі біреудің қолдауын қажет етіп отырады. Бұл типтегі өзара қатынас бала тұлғасын дамытуда кері әсерін тигізеді. Өйткені бала өз жас шамасына қарай дамып жетілмейді. Сондықтан аса қолдау типі бала үшін қолайсыз болып келеді. Бұл типті ұстанатын ата–аналар баланы өмірдің шынайы көріністеріне дайын етпейді, сол себепті өз үйлерінен алысқа шыққанда балада қиыншылықтар байқалады. Әдетте осындай балалар өмірде коллективпен жұмыс жасауда қабілетсіз болады.
Татулық позициясы – мұнда ата– ана баласының тәуелсіз, өз бетті, еркін өскенін қалайды. Және осы принципті ұстанады. Демек мұндай жанұяларда ата–анасы өз өмірлерімен, ал балалары өздері өмір сүреді. Көбінде осы типтің негізінде ата– аналарда тәрбиелеуші ретінде пассивтілік байқалады. Осыдан барып эмоционалды суық қандылық, ата–ана болуға деген арман тілектің, икемділіктің жоқтығы аңғарылады.
Әріптестік – ата–ана мен бала арасында өзара әрекет тұлғалық деңгейде жүреді, бірақ та олардың арасында махаббат және сыйластық болады. Және сонымен қатар ата–ана баласына талап қоюды жүзеге асыра алады. Сондықтан да бұл жағдайлар баланың тұлғасында эгоистік қасиетті жояды. Бұл типтегі өзара қатынас ата–ана мен бала арасында әріптестік ретінде жүреді.
Ал Шефер ата-ананың өзінің баласына деген қарым-қатынасын екі жұпты маңызды түрлерімен бөлуге болады деді:
Жағымсыздықтың орын алуы;
Шыдамдылық – ұстамдылық.
Сонымен жоғарыда аталған өзара қатынас типтері қазіргі кезде барлық жанұяда кездеседі. Сол себепті кез келген жанұя аталған өз арақатынас типтерін қолдануда балаға қажетті элементтерін ғана игеру қажет. Осыған байланысты, Е.Т. Соколов ата–ана мен бала қатынасын зерттеу негізінде бала мен ананың өзара әрекетіне талдау жасады.
Е.Т. Соколовтың ойынша, әріптестік позицияны ұстанатын ата–аналар бала үшін қолайлы жағдайды қалыптастырады. Сондықтан берілген типте өзара әрекеттесу кезінде балада шығармашылық белсенділік, психологиялық қауіпсіздік байқалады. Баланы тұлға ретінде қалыптастырудағы басты фактор тәрбиелеудің жалпы стилін анықтайтын, ата–ананың тәрбиелеу позициясы болып табылады. Ата–ананың тәрбиелеу позициясы ана мен әкенің балаға деген эмоционалды қатынасы болмақ.
Ата–анамен бала арасындағы қашықтыққа байланысты қатынастың негізгі типтері келесідей болады:
«Оптималды қашықтық». Балаға деген эмоционалды тепе–тең қатынас. Ата– ана баланы қалыптасушы тұлға ретінде қабылдап, оның тұлғалық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, жынысы мен жасын ескереді. Бұл қатынастың негізі баланың ересектерге деген сыйластығы болып табылады. Ата–ана өз сезімдерін білдіре отырып, өздерінің қатынастарын қалыптастырады. Ересектер баланы тұлға ретінде қабылдайды. Ата–ана мен бала арасындағы тұлғалық қатынас өзара әрекет пен өзара түсіністік негізінде құрылады.
«Қысқартылған қашықтық». Ата– ананың балаға деген концентрациялы зейін аударуы болып келеді. Жанұя бала үшін ғана өмір сүреді. Балаға деген қатынас бойынша шектен тыс қолдау ата–анада үнемі байқалады. Баланың мінез–құлқын үнемі бақылап, әлеуметтік қатынасын шектеп, үнемі кеңес беріп отырады. Мұндай жағдайда ата–ананың позициясы келесідей болады:
Баланың тұлғасын адекватты түсінбеу;
Баланың жас ерекшелігін ескермей, нәресте ретінде қарау;
Баланың белсенділік деңгейін адекватты қабылдамау;
Баланы басқару біліктілігінің жоқтығы;
Ата–ананың рухани жағынан баладан алыс болуы.
Демек ата–ана позициясы жоғарыда аталған ерекшеліктерге байланысты болады.

«Жоғарылатылған қашықтық». Бала мен ата–ана арасында эмоционалды қашықтық, қанағаттанбаушылық, психологиялық алшақтық басым болады да, эмоционалды тепе–теңдіктің жоқтығымен ерекшеленеді. Себебі ата–ана баланың индивидуалды ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез–құлық мотивтерін ескермейді.


Сонымен Е.Т. Соколов жоғарыда аталған типке жеке–жеке сипаттама беріп өтті. Және ата–ана мен бала арасындағы қатынасқа талдау жасады.
Қорыта келе, ата–ана баланың мінезқұлқын құратын және дәлелдейтін эталон болып табылады. Анасының немесе әкесінің қаталдығы балада агрессивтілік сезімін тудырады. Бала ата–анасының алдында өзін агрессивті түрде ұстайды, ал жанұядан тыс уақытта балада агрессивтілік деңгейі төмендей түседі. Бала мен ата–ана қатынасында өзара әрекеттің белсенді жағын құрушы ересек адам ата–ана болып келеді. Олар нақты бір мақсатта бағынатын, өзара әрекетті ұйымдастырады. Өзара әрекетті құру кезінде қандай жағдайды ұстанатынын ата–ана өзі біледі. Олардың мазмұнын түрлі деңгейде болады. Сонымен қатар өзара әрекетті құру кезінде өзіндік жағдайға, мәдени нормалар мен талаптарға бағдар жасалынады. Өзара әрекеттесуді құру кезінде мамандарды қызықтыратын жайт, ата–аналар қаншалықты баланың жағдайын, құндылық ерекшеліктерін ескеретіндері маңызды болып отыр.
В.В. Столинның, Е.О. Соколовтың, А.Я. Варганың зерттеулерінде, ата–ананың бақылау факторларына байланысты, баланың мінез–құлық қырларының заңдылықтары қарастырылды. Балаларды үш топқа бөлді:
Компетентті – жаңа жағдайлардан қашпайды, зерттеуге бейім, құрбыларымен достық қатынасты ұстануға қабілетті, өзіндік мінез–құлқы дамыған, өз–өзіне сенімді, жақсы көңіл–күй тән болып келеді.
Қашу – достарымен қарым–қатынасқа түсуі қиын, үнемі көңілсіз болып жүреді.
Кемелденбеген – өз–өзіне сенімсіз, өзіндік бағалауы төмен, фрустрациялық жағдайға бейім.
Осы аталған ерекшеліктерге байланысты баланың мінез–құлық ерекшеліктерін байқауға болады. Ал келесі аталған ғалымдар өз зерттеулерінде баланың мінез– құлық ерекшеліктерін зерттеумен қатар, ата–ананың мінез–құлық параметрлерін төртке бөліп қарастырды.
Ата–аналық бақылау – ата–ана өздерінің талаптарын орындату кезінде балаға әсер ету арқылы жүзеге асырады. Ата– ананың бақылау әрекеті балада агрессивтілікті дамыта түседі. Өйткені үнемі ата– ананың бақылауында жүргендіктен балада қысымдылық байқалады.
Ата–аналық талап – балаға әлеуметтік кемелденудің дамуына әсер етеді. Ата–аналар баласының интеллектуалды, эмоционалды және коммуникативті қабілеттерінің дамуын қалайды. Сондықтан та баланың тәуелсіздігі мен өз беттілігіне аса назар аударады.
Баламен қарым–қатынас жасау қабілеті – тәрбиелеу әрекеттесуінде қарастырылады. Ата–аналар балаға қысым көрсету арқылы тыңдатуды қалайды. Сондықтан бұл әрекеттесулер ұрыс–керіс, дауыс көтеру түрінде жүреді.
Эмоционалды қолдау – бала тұлғасының дамуында мектепке дейінгі кезеңде аса қажет болады. Өйткені балаға осы кезде физикалық және рухани дамуына бағытталған эмоционалды қатынас, жылулық сезімі, махаббат қажет.
Жоғарыда аталған мінез–құлық ерекшеліктерін бала өсе келе өз бойына сіңіреді. Айта кететін жайт, бала ата–анасымен қарым–қатынас жасағанда, өзінің ата–анасының қасиеттерін, саналау формаларын, бағалау құндылықтарын, мінез–құлық ерекшеліктерін, қозғалыстарын көшіріп алып, достарының арасында осы аталған ерекшеліктерді қайталауға тырысады. Бала берілген мінез–құлық моделдерінде ата–анасының бейнесін көреді. Мұндай жағдайларды көбінде баланың ата– ана бейнесін бейнелеу деп атайды. Бала үнемі ересектермен қарым–қатынас жасауда адамгершілік түсініктерін игереді. Сондықтан да, бала мұның бәрін өмірлік қатынастардан алады. Осы арқылы өзінің бойындағы тұлғалық ерекшеліктерін дамытады.
Сонымен қатар ата–ана мен бала қатынасын қарастыруда жанұяда «рөл» түсінігі қолданылады. Жанұялық қатынаста баланың рөлі әртүрлі болып келеді. Бұл рөлдің мазмұны ата–ананың қажеттілігіне және баланың қанағаттандыруына байланысты болады. Осы жағдайда бала жанұядағы позицияны ұстанатын ата–ананың біреуінен ғана көмек күтеді. Егер берілген компенсация қажеттілігі мен позицияның күшеюі қанағаттандырылса, онда бала басты орында болады. Жанұядағы баланың жағдайына байланысты ішкі жанұялық қатынастарда ата–аналар балаға белгілі бір рөлде болуды ұсынады. Көп жағдайларда рөлдер баланың мінез–құлқының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Дегенмен де жанұяда ата–анамен бала қатынасын зерттеуде ондағы жанұя мүшелерінің рөлі маңызды орында болады. Сол себепті жанұядағы рөлдік ерекшеліктерге тоқталуды жөн көрдік.
А.Е. Личко және Э.Г. Эйдемиллер психопатиялы және мінез акцентуациясы бар балалардың жанұялық типін бес түрге бөліп қарастырды.
Гипопротекция балаға деген қамқорлықтың жетіспеуімен мінезділеді. Бұл типтегі балалар өздерін тастанды түрде сезінеді.
Доминантты гиперпроекцияда бала ата-ананы доминант ретінде қабылдайды. Ата-ана баланың мінез-құлқына қатал бақылау жасайды және шынай қажеттіліктерін туындатып отырады. Ал кейбір ата-аналар баланың барлық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға тырысады.
Эмоционалды қаталдық бала атаанасынан үнемі қаталда, ауыр сөздерді естіп отырады.
Қатал өз арақатынас бұл кезде бала мен ата-ана арасында суық қандылық пен өшпенділік байқалады.
Моральды жауапкершіліктің жоғарылауы болашаққа деген моральды сапаның болуын баладан талап ету. Бұл тәрбиелеу типін ұстанатын ата-аналар балаларына және басқа да жанұя мүшелеріне қолдау мен қолпаштау көрсетеді.
Кейбір ата-аналар тәрбиені дұрыс жүргізбегендіктен балада қандай да бір бұзылыстар пайда болады. В.И. Гарбузов бала тәрбиесінде дұрыс емес тәрбиелеудің үш типін бөліп қарастырды.
А типі бойынша тәрбиелеуде баланың индивидуалды ерекшеліктері қабылданбайды. Қатал бақылаумен ерекшеленеді.
В типі бойынша тәрбиелеуде атаана баланың болашақ кәсіби іс-әрекетіне және мектепте оқудағы сәттіліктеріне, достарының арасында әлеуметтік статусына, денсаулығының жағдайы жайлы мазасыздық туындайды.
С типі бойынша тәрбиелеуде атаана тіпті басқа да жанұя мүшелері балаға аса зейін қояды.
Бірінші түрде бала өзін жалғызсырап, қамқорлықты сезінбей, өзіне сенімсіз болады. Бала «қамалдың» артына тығылуға болатындай қамқорлықты сезбейді. Суық эмоционалды қарым–қатынастың әсерінен онда позитивті мінез моделі болмайды. Бұл баланың өздігінен жөнге келу қабілетін төмендетеді.
Екінші түр (гиперәлеуметтік), балаға дамудың мысалы секілді, бірақ ол да теріс нәтижелерге – ашуланшақтық, болмайтын заттарды істеуге талпынушылық және тағы басқаға әкеліп соғады. Мұнда негізінен атаананың сынауы құрастырылмаған сондықтан оң нәтижелерге әкелмейді. Балаға деген сын онда өзінің толық жетіспеушілігін, алаңдаушылығын және жаңа сәтсіздіктерді тосу сияқты ойларды қалыптастырады. Е. Гаспаров пен Т.В. Роялдардың айтуынша, жанұяда осындай дәрежедегі балалар тұрақталмаған болады және топтарда жоғарғы дәрежені ала алмайды.
Сонымен қатар ата-аналар балаға тым жоғары талаптар қойып, олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке алмайды. А.И. Захаровтың ойынша, осыдан баланың жұмыстары тым көп болады. Тіпті жұмыстары олардың жастарына сәйкес келмейді және балада дөрекілік мінезді тудыратын невроздың пайда болуы мүмкін.
Д. Баумринд зерттеу барысында эмоционалды қолдау мен ата-ананы бақылау факторына байланысты, бала қырларының заңдылықтарын қарастырды. Д. Баумринд өз зерттеулерінің негізінде үш типтегі балаларды атап көрсетіп, олардың ата-аналарына тәрбиелеу іс-әрекетінің әдістерін анықтап берді.
Беделді ата-ананың балалары ақкөңіл, қарым-қатынаста тез тіл табысатын, инициативті болады. Мұндай беделді атааналар өз балаларына үнемі қолдау көрсетіп, ненің жақсы ненің жаман екендігін жазаламай, ақылмен түсіндіріп, балаларын кез келген сәтте түсінуге дайын тұрады. Олар балаларының жасаған істерін саналы түрде бағалап, көмек көрсетуге әр уақытта дайын болады. Және де балаларынан саналы мінез-құлықты күтеді. Сонымен қатар ата-аналар кей жағдайларда қаталдық та танытады. Демек мұндай ата-аналардың балалары өте жауапты, өз міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асырады. Олар қоршаған ортаға тез бейімделеді. Өз өздеріне сенімді, сезімдері жақсы дамыған, әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болады.
Авторитарлы ата-ананың – балалары тітіркенгіш, қақтығысқа бейім болып келеді. Авторитарлы ата-ана балаларына шамадан тыс еркіндік пен құқық бермейді. Және де барлық жағынан ата-аналарының беделіне және еркіне бағыну керек дейді. Авторитарлы ата-аналар баланы тәрбиелеуде баланың мінез-құлықтарына қатал бақылау жасайды. Бақылау кезінде түрлі тыйым салулар мен физикалық қысымдық болады. Дисциплинарлы әсер етулер қорқыту және қинау түрінде жүреді. Мұндай ата-аналар балаларымен рухани жақын болмайды, сондықтан олардың арасында бір-бірлеріне деген жақындық сезімдері туындамайды. Бірақ та қатал бақылау жағымсыз нәтиже береді. Демек мұндай тәрбиелеу кезінде балада сыртқы бақылау механизмін ғана қалыптастырады. Қысымшылық көрсетуде қорқыныш және кінәлау сезімдері дамиды. Авторитарлы ата-аналардың балалары өз әріптестерімен байланыста қиын түрде қарым-қатынас жасайды. Олар бақытсыз, мазасыз, күмәнданғыш болып келеді.
Төзімді ата-аналардың балалары импульсивті, агрессивті болады. Ереже сай, мұндай ата-аналар өз балаларын бақылай алмайды. Балаларынан жауапкершілікті және өзіндік бақылауды талап етпейді. Яғни мұндай ата-аналар балаларына бәрін жасауға рұқсат береді. Тіпті олардың агрессивті мінез-құлықтарына назар аудармайды, нәтижесінде бала қолайсыз жағдайларға тап болады. Әдетте мұндай жағдайларда ата-аналар балаларын физикалық тұрғыда жазалауға дайын тұрады. Олар балаларын ата-аналық махаббаттан айырады. Бала осы кезде өзіне деген қатынастың өзгеруін талап етеді.
Сонымен Д. Баумринд жоғарыдағы ата-ана стилдерін атап көрсетті. Ендігі кезекте А.С. Спиваковская өз зерттеулерінде жағымсыз жанұялардағы тәрбиелеу әрекеттерінің бірнеше типтерін бөліп қарастырды.
«Жанұя санаторий». Шектен тыс қауіпсіздіктен қорғану және қатал бақылау, өте аз деңгейдегі қолдау орын алады. Нәтижесінде баланың жүйке жүйесінде шектен тыс қысым пайда болады, осыдан барып жүйке қызметінде бұзылыс байқалады, және тип бойынша жоғары деңгейдегі эмоционалды ерекшеліктер қалыптасады. Қолдау мен жоғары бақылау балада агрессивтілік тудырады.
«Жанұя қамал». Ата-аналар қатал болуды қалайды. Бұл балада өзіне деген сенімділікті жоғарлатады. Көптеген жағдайда бала өзінің уайымдауларында зейін концентрациясын фиксациялайды. Сондықтан әріптестерімен қарым-қатынаста қиыншылықтар туындайды. «Жанұя қамал» болған кезде әдетте балада тұлға аралық қақтығыс пайда болады. Осыдан барып жүйке жүйесінің қысымдылығы мен невротикалық аурулардың жоғарлауы орын алады.
«Жанұяда артық болу». Мұндай жанұяларда ерлі-зайыптылардың қатынасы эмоционалды тұрғыда маңызды болады да, ал балаға деген қатынас толымсыздық сезімін тудырады. Осыдан барып балада өзіне деген сенімсіздік, инициативаның жоқтығы, уайымдаулар пайда болады. Әдетте мұндай балаларда өмірге деген қорқыныш, қоршаған адамдармен қарым-қатынастағы қауіпсіздік алаңдатады. Олар өзінің әріптестерімен байланысқа түсуде қиындықтарға тап болып отырады.
Жанұя ерекшеліктері мен тәрбиенің түрлі типтерін даралауда көптеген отандық және шетел психологтары тер төкті. (Д. Браумрид, А.Е. Личко, Э.Г. Эйдемиллер, В. Юстицкий, А.Я. Варга және т.б.).
Жанұядағы ерлі–зайыптар мен балаата-ана қатынасындағы мәселелер қазіргі таңда іс–тәжірибеде нақты зерттеуде, Ю.И. Алешина, В.Н. Дружинин, С.В. Ковалева, А.С. Спиваковская, Г. Эйдемиллер сияқты авторлардың жұмыстарында байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет