Қоғамның интеграциялық білім мен тәрбиеге дайындығы туралы Қазіргі жағдайларда интеграциялық білім беруді жүзеге асыру қиындықтары, болашақта оны жүзеге асыру мүмкіндігіне сенбеу, кейде тұтастығынна күмәндану, түзету мекемелерінің қызметкерлерін сұрау қорытындысына әсер етті.
Интегративті білім беруді кіріктірудің сәттілігі көбінесе қаржылық-ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруға ғана байланысты емес, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық факторларға, қоғамның адамгершілік атмосферасына байланысты. Интеграциялаудың күрделі мәселесін практикалық шешу, түзету мекемелерінің қызметкерлерімен және дамуында кемістігі бар балалардың ата-аналарының назарына қатысты емес. Сонымен қатар бұл басқа жақтың да назарына қатысты – жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, олардың ата-аналары және мұғалімдері.
Жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларына деген сұрақтар келесі түрде қалыптастырылды: «Көптеген мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы мектептерде, басқа балалармен бірге білім алады, бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы үшін өте маңызды. Біздің сыныпта дамуында ауытқушылығы бар балалардың білім алуына сендер қалай қарар едіңдер?» Респонденттер берілген жауаптардың біреуін таңдаулары керек немесе «жауап беру қиындық туғызып отыр» деп жауап берулері тиіс еді. Сұралған оқушылардың жартысынан көбі «біз мүмкіндігі шектеулі балаларға түсінсіспен қарар едік және оларға көмек көрсетуге тырысар едік» деп жауап берді. Жалпы оқушылардың көп пайызы жауабын анықтай алмағанына қарамастан: бұл опрос оқушылардың үштен бір бөлігінің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын екендігін көрсетті.
Мұғалімдерге арналған анкетада да осы сұрақтар қойылды, бірақ видео өзгеріске ұшыраған жауап нұсқалары ұсынылды. Педагогтардың көп бөлігі (80 пайыз) оқушыларды біріктіріп оқытуға қарсылық білдірмеді. Шыны керек, педагогтардың 14 пайыз былай деп жауап берді «жалпы білім беретін мектептердің қазіргі жағдайына байланысты, интеграция сияқты өзгерістерді ендізу керексіз және асығыс шешім болар еді».
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сұраққа алынған ата-аналарының төрт бөлігі интеграциялап оқытуға қарсы болмады, қойылған сұрақтарға олар былай деп жауап берді «біз өз балаларымызбен бірге дамуында ауытқушылығы бар балалардың оқығанына қарсы емеспіз, себебі интеграциялап оқыту барлық топ оқушыларын гуманистисттік көзқарасқа, жан ашырлыққа, әлсіздерге көмек көрсетуге тәрбиелейді». Респоденттердің тағы жартысына жуығы біріктіріп оқытуға қарсы болмады, бірақ олардың да өзіндік талаптары бар еді, олар қойылған сұрақтарға былай деп жауап берді «бірс іктіріп оқуға қарсы болмаймыз егер келесі жағдайлар жасалатын болса, оқушылар педагогикалық, материалды-қаржылық жағынан толығымен қамтамасыз етілулері керек». Осыған орай, әр топтың әр түрлі позицияларына қарамастан, олардың пікірлері бір жерден шығып отырғанын байқауға болады, сондықтан жалпы мектептерде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру жалпы алғанда мүмкін екенін.
Интеграция арнайы мектептердің жабылуын білдірмейді, қоғамдық институттың арнайы білімінің жетістіктерін жоққа шығармайды. Керісінше олардың болашақтағы дамуы біздің мемлекеттің мәдениетіне әсер ететіні ерекше айқындалып отыр.
Арнайы білім беру мекемелері және интеграция: үзілістердің қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы өздерінің қалыпты дамыған құрдастарымен қарым-қатынасты және әлеуметтік тәжірибенің кеңдігін қажет етеді, бірақ әр баланың дамуына интегративті білім берудің тиімді және пайдалы моделін таңдай, оның барлық жағдайларда арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін сақтай білу керек. Осы тапсырманы орындау үшін тәжірибеде біріктіріп білім беру моделінің базалық жиынтығы өңделді.
Егер баланың психикалық даму деңгейі өз жасына сай келсе немесе жақын болса, педагогтардың ардында ол баланың әлеуметтік және білімдік сәйкестігінің масимальді қалыптасуына қол жеткізу тапсырмасы тұрады. Бұл тапсырманы шешу үшін баланың сау балалар ортасына ылғи және толық интеграциялау пайдалы, яғни біріктіріп оқытудың регламенттелмеген моделі, ол жекеше коррекциялық көмекті сақтау жолдарын қарастырады.
Егер балада қалыпты даму үстіндегі құрастарымен қарым-қатынасқа түсу, өзара әрекеттесу және білім алу мүмкіндіктері жоғарласа, онда болашақта оның әлеуметтік және білім алу әрекеттестігін ұлғайту тапсырмасы пайда болады. Оларға ылғидағы, маңызды, бірақ толық емес интеграция пайдалы болады. Бұл форма біріккен қызметтің мазмұнын және мінезделуін регламенттейді.
Егер, баланың қарым-қатынасқа түсу және әлеуметтік серіктестіктері, баладағы дамуының бұзылуымен байланысты қиындатыла түссе, онда бірен-сарандаған, бірақ ылғидағы интеграция пайдалы болуы мүмкін. Бұл форма біріккен қызметтің ылғидағы ұйымдастырылуын қарастырады.
Егер балада қарым-қатынастың және қоршаған ортамен әлеуметтік өзара әрекеттестігінің минимальді мүмкіндігі болса, оған қарым-қатынасқа түсудің бастапқы тәжірибелік жағдайын жасау талап етіледі. Бұл балаларға да жалпы ағымға қосылу қажет, бірақ ол үшінбірен-сарандаған және уақыттық интеграция ғана пайдалы болуы мүмкін. Бұл модель балаларды нақты, бірақ ұзақ емес уақытқа біріктіруді қарастырады.
Базалық модельдерді қарастыра отырып, біз интеграцияны ұйымдастыру әр баланың дамуына және кемістігінің деңгейіне байланысты сау балалармен бірітіріп оқытудың тиімді және пайдалы модельін таңдай алатындығымызды көре аламыз.
Интеграция жағдайында арнайы білім беру мекемелері қалай өзгертілулері керек.
Арнайы білім беру мекемелерінде бұл балалардың жасына және даму ерекшеліктеріне байланысты арнайы білім беру жағдайлары жасалатыны бәрімізге мәлім, ол үшін арнайы әдістер мен білім беру бағдарламалары,балаларға жеке және ұжымда қолданылатын оқу техникалық құралдары, аранайы білім беру пособиелерімен дидактикалық материалдар қолданылады. Арнайы мекемелерде балалар спецификалық, қажетті медициналық және психолого-педагогикалық көмек алады. Арнайы білім беретін мекемелерде дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру педагогикалық дайындықты жүзеге асырады. Өмірқызметтілігінде барьерсыз ортамен қамтамасыз етіледі.
Бірақ, арнайы мекемелардің жетісткетері туралы айта отырып, мына факт туралы айтпай кетуге болмайды, яғни арнайы білім беру мекемесіне түскен оқушылар қалыпты дамудағы құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмайды, тіпті ол өз жасында қажетті ата-анамен, отбасымен қарым-қатынастан алшақтатылған. Арнайы білім беретін мекеменің тәрбиеленушісінің барлық өмірі оның даму ерекшелігіне лайықтандырылған, осының негізінде әлеуметтік әрекеттестіктің объективті және маңызды шектелуі пайда болады.
Арнайы мектептерде балаларды оқыту және оларға білім берудің мақсаттарының бірі оларды әлеуметтік интеграциялау (қоғамға кіруге дайындау). Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және арнайы мектептерде бала әлеуметтік әрекеттестіктің нақты тәжірибесін жинауда шектеледі. Және мәселе мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты дамудағы құрдасымен серіктесуге дайындығында емес. Біздің көп жылдық экспериментальді тәжірибе бекітеді: қарым-қатынастың және әлеуметтік әрекеттестіктің тіпті минимальді деңгейінде балаға пайдалы біріктіріп білім беру нұсқасын таңдап алуға болады және осымен баланың бар мүмкіндігін ұлғайтуға болады.
Сондықтан арнайы білім беретін мектептердің тәрбиеленушілерін жан жақты дамытып, оларға өздерінің қалыпты даму үстіндегі құрдастарымен серіктесуге мүмкіндік беру үшін, жаздық демалыстарды да пайдалануға болады, яғни жаздық демалыс кезінде біріктіріліп арнайы жүйе бойынша ұйымдастырылған кештер, спорттық жаттығулар ұйымдастырып, сонымен қатар жаздың бос уақыттарын бірге өткізуге мүмкіндіктер жасалуы керек.
Қазірдің өзінде арнайы білім беретін мекемелер мынаған қабілетті:
- мүмкіндігі шектеулі балаларға мамандандырылған консультативті көмек көрсету үшін аз уақыт аралығында оқылатын топтар мен сыныптар ашу;
- мектепке дейінгі мекемелерде толықтырушы түрдегі аралас топтарды ашу, бұл жерде бір уақытта қалыпты балалар және мектепке дейінгі жастаға нақты бір дамуында ауытқушылығы бар балалар тәрбиеленіп, білім алады;
- қалыпты дамудағы балалармен дамуында ауытқушылығы бар балалрды тәрбиелейтін және білім беретін арнайы мектепке дейінгі мекемелерді және мектептерді қайта құру.
Жалпы білім беретін және арнайы білім беретін мекемелердің шекералары өткізгіш болуы керек, оқшаулану тосқауылын жеңе білу керек. Әрбір «ерекше» бала өзінің конституциялық құқығын қолдана алуы керек, яғни білім беру мекмесінің қай түрінде болмасын білім алу, соған қоса жалпы мектепке дейінгі білім беру мекемелері немесе мектептер.
Арнайы білім беру мекемелері дамуында кемістігі бар, жалпы білім беру мекемесінде білім алуға қабілетті балаларға, сонымен қатар бұрын білім алуға қабілетсіз деген, күрделі кемістігі бар балаларға қажетті жекелей көмекті ұсынулары керек.
Әрине, ұйымдастырушылық қиындықтар қалады, жаңа жағдайда әр түрлі балаларға көмек көрсетудің әдістемелік мәселелері шешілмеген, ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау сұрақтары өңделмеген.
Топтың штаттық кестесіне коррекциялық білім беруді жүзеге асыру үшін дефектолог-мұғалімі кіргізіледі.
Аралас топтың толуы баланың жасына және біріншілік кемістігінің сипатына байланысты.
Аралас топтардың жұмысын ұйымдастыру барысында бір қатар спецификалық тапсырмалардың шешуін қарстыру керек:
- дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың толық әлеуметтік және білімдік интеграциясын жағдай жасай отырып қалыпты балаларға қосуды ерте жүзеге асыру;
- дамуында кемістігі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық, медико-психологиялық және әлеуметтік жұмыстар жүргізу;
- жас нормасынан артта қалған, бірақ айқандалған біріншілік кемістігі жоқ балаларға қажетті коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету;
- ата-аналарға психологиялық көмек көрсету, оларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне және білім беруге, өз баласымен қарым-қатынас жасауға педагогикалық технологияларға үйрету.
Аралас топтардың мұғалімдері жалпы даму және түзету бағдарламаларының ішінен өз оқушыларына лайықты бағдарламаны таңдап алуға құқылы. Аралас топтың әрбір тәрбиеленушісіне дамудың жекелей бағдарламалары құрылады.
Оқу күнінің бірінші бөлігінде мұғалім-дефектолог дамуында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасайды, ал тәрбиеші қалыпты дамудағы балалармен. Оқу күнінің екінші жартысында тәрбиеші аралас топтың толық тәрбиеленушілерімен жұмыс жасайды. Осылайша, есту қабілеті қалыпты дамыған және есту қабілеті бұзылған оқушылары бар топта, оқу күнінің бірінші жартысында тілдік жаттығулар және элементарлы математикалық елестетулерді қалыптастыру сабақтары жүргізіледі, ал оқу күнінің екінші жартысында – бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру сияқты сабақтар оқытылады. Егер бір топта көру қабілеті қалыпты және көру қабілеті бұзылған балалар тәрбиеленсе, онда бейнелеу өнері сабағы таңертең өткізіледі, көбінесе тілмен байланыстырылған сабақтар кешкі уақытқа қалтырылады.
Ережеге сай, оқушылар дене шынықтыру және ән-күй сабақатрында біріктіріледі. Қажет жағдайда дене шынықтыру мұғалімі мен ән-күй сабағының мұғалімі дамуында кемістігі бар балалармен жекеленген сабақтар жүргізеді.
Құрамдастырылған мекемелер балаларға білім берудің және тәрбиелеудің жағымды жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, құрамдастырылған мекемелер интегративті оқытудың әр балаға тиімді және пайдалы модельін ұйымдастырады және барлық жағдайларда қажетті мамандандырылған көмекті сақтап қалады. Бұндай мекемелерде арнайы және жалпы мектептердің мұғалімдерінің әрекеттестіктеріне жағдайлар жасауға болады.
Құрамдастырылған мекемелер мектеп дейінгі және мектептік болуы мүмкін және бұл мекемедегі топтарда қалыпты дамудаға оқушылар мен дамуында ауытқуы бар оқушылар білім алады. Бұндай мекемелердің біреуінде қалыпты еститін және естуінде ауытқушылығы бар тәрбиеленеді, ал келесісінде – жақсы көретін және көруінде кемістігі бар балалар тәрбиелене алады, ал үшіншісінде – қалыпты балалар және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тәрбиеленеді.
Құрамдастырылған түрдегі мекемелерде құрылуы мүмкін:
- Жай мектепке дейінгі топтар және мектептік сыныптар, бұл жерде көп бөлікті қалыпты дамудағы балалар құрайды. Бұндай топтарда немесе сыныптарда дамуында ауытқуы бар 1-2 бала білім ала алады.
- Аралас мектепке дейінгі топтар, бұнда бір уақытта қалыпты және дамуында ауытқуы бар балалар тәрбиеленеді және білім алады,
- Арнайы топтар және сыныптар, бұнда тек дамуында ауытқуы бар балалар оқытылады.