Ата-аналарға психологиялық кеңес ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.
Күн тәртібі:
күнді үш бөлікке бөл;
Тестке күніне 8-сағат дайындық;
Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
8-сағаттан кем ұйықтама;
2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
Тамақтану: Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.