«Достық» тренингі Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
Ата-аналар ортаға шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны мен ұстап: аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: . Мен «Айгөлек » балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықта болайық дегім келеді. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.