Ата-аналармен жұмыс кезіндегі әдістемелік көмек Ата-аналармен жұмыс кезіндегі әдістемелік көмек ерекше және бірнеше кезеңнен тұрады: диагностика; жоспарлау; бақылау кіреді. Диагностика екі бағытта жүргізіледі: баланың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктерін анықтау және тәрбиешінің отбасымен жұмысы. Отбасылық тәрбиені зерделеу үшін педагогтар бақылау мен сұхбаттарды пайдаланады. Бақылаудың көмегімен кездесу және қоштасу сәттерінде балалардың ата-аналарымен қандай арақатынаста болатынын, шешесі қандай сұрақ қоятынын және т. б. анықтауға болады. Алынған материал консультациялар мен жиналыстарды жоспарлау үшін шешуші сәт бола алады. Сауалнама жүргізу – ақпарат алу үшін таптырмас әдіс. Сауалнамалық сұрақтар мазмұны және құрылымы бойынша сараланады: ашық және жабық сұрақтарға бөлінеді, жауаптар кодтары алдын ала жасалған. Сауалнама құрған кезде респонденттің белсенді көзқарасын атап өту керектігін және берілген жауаптар үшін алғыс білдіру қажеттігін ескерген жөн (1-ші қосымша). Сауалнамаларды талдай отырып, кері байланыс әдісін аламыз, оның көмегімен өз қызметімізді бағалаймыз. Қыркүйекте келесідей өлшемдер бойынша топтың әлеуметтік төлқұжаты жасалады: әрбір ата-ананың білімі мен мамандығы, қайда және кім болып жұмыс істейді, балалар саны, толық немесе толық емес отбасы, тұрғын жағдайлары, қайда тұрады: мекен-жайы, телефоны. Солардың негізінде бала бақша отбасыларының әлеуметтік төлқұжаты жасалады, ол ата-аналардың білім деңгейін, олардың әлеуметтік жағдайын көрсетеді. Осы деректер арқылы ата-аналармен арақатынас орнатылады. Отбасылық тәрбие диагностикасы сұхбаттасу көмегімен жүргізіледі. Оның маңызды қағидасы – сұхбаттасушылардың екіжақты белсенділігі. Педагог мақсаттылықты және ахуалды құрады, міндет – ата-ананы ашық әңгімеге тарту. Әңгіме жүргізу үшін алдын ала сұрақтар құрып, мақсат қою керек. Сұхбат арқылы отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен қатар, баланы тәрбиелеу кезіндегі қиындықтарды, қателіктер мен алаңдаушылықтарды анықтауға болады. Диагностикаға тәрбиешілердің құжаттамасын талдау – отбасымен жұмыс жоспары әдісі де жатады. Күн ағымында тәрбиеленушінің өмір сүру қызметін ұйымдастыру циклограммасында «ата-аналармен жұмыс» бөлімі бар, онда педагогтың онымен өзара әрекетесуінің барлық түрлері көрсетіледі. Міндеттер: баланың дамуын кешенді қостау; мектеп жасына дейінгі баланың жетістіктері мен проблемаларын ескере отырып, отбасына ұсынымдардың тура бағытталуын қамтамасыз ету; түрлі бағыттарда баланың дамуы туралы ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету; баланы тәрбиелу және дамыту мәселелерінде отбасының педагогикалық мәдениетін арттыру; отбасылық тәрбие тәжірибесін зерделеу және жалпылау; балабақша өміріне қатысуға ата-аналарды тарту. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін отбасымен өзара әрекеттесудің формальды, сонымен қатар бейформальды нысандары жоспарланады: Ата-аналар бұрышына көрнекі ақпараттар кіреді: біздің сабақтар, балабақшадағы режим, ата-аналарға арналған ережелер, құттықтаулар, алғыстар, балабақшадағы тәрбиеленуші қызметінің негізгі бағыттары бойынша әзірленген жарнамалық парақтар: «Сіздің балаңыздың достары», «Мен және менің отбасым», «Әуестенулер» және т. б. Ата-аналарға арналған консультациялар жекелей, нақты баланың тәрбиелену және даму проблемасы бойынша, сонымен қатар ата-аналар тобымен де жүргізіледі. Отбасылық шығармашылық көрмелері – ата-аналар және балалар орындаған жұмыстар, тақырыптық сипатта болады: «Күзгі табиғат сұлулығы», «Туған күніңмен, балабақша», «Біз жазда қалай демалдық». Отбасылық газеттер шығару – отбасылық тәрбие тәжірибесі, мерекелерге арналған отбасылық фотоальбомдар көрсетіледі. Бірлескен ертегі мерекелері.
Источник: https://edu.mcfr.kz/article/441-qqq-15-m3-18-03-2015-ata-analardy-pedagogikaly-sauattandyru Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки
Бірлескен науқандар ұйымдастыру: «Сәлем қыс!» – ата-аналарды қар композицияларын жасауға тарту, «Сәлем көктем!» – балабақша аумағын абаттандыру, көгалдандыру және жинастыру, «Құстар асханасы» – жемсауыттар жасау. МЖБМС аясында баланың жетістіктерін жинақтау жүйесі – «Портфолио» енгізілген Оған тестердің, сұраулардың нәтижелері, үздік жұмыстар, сабақтағы жетістіктер енгізілген. «Педагогикалық шығармашылық апталығы» ата-аналармен сабақтарды, қосымша білім беру педагогтарының үйірмелік жұмысын қарау мақсатында жүргізіледі. «Ашық есік күндері» – балабақшада өткізілетін барлық режимдік сәттерге ата-аналардың баруы (ас ішу, сабақтар, таңғы жаттығу, серуендер, ойын-сауықтар). Жобалық қызмет. Ата-аналар жиналысы тақырыптық сипатқа ие, балаларды тәрбиелеу және дамыту проблемаларына арналған. «Отбасылық қонақжай» нысанында өткізіледі. Кездесулер тақырыптамасы жыл басында жоспарланады. Ата-аналар конференциясы – атқарылған жұмыстар туралы педагогикалық ұжымның өзіндік есеп беруі. Жылыны екі рет: қазанда және мамырда өткізіледі. Балабақша сайтының жұмысы: мектепке дейінгі ұйым жұмысы туралы ақпарат, ата-аналарға консультациялар орналастырылады.
Источник: https://edu.mcfr.kz/article/441-qqq-15-m3-18-03-2015-ata-analardy-pedagogikaly-sauattandyru Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки