Ата-аналармен өткізілетін дөңгелек үстел Тақырыбы: Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны Мақсаты


Құрметті ата-аналар, сіздерге бірнеше кеңес



бет5/6
Дата06.05.2020
өлшемі18,75 Kb.
#66301
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дөңгелек үстел

Құрметті ата-аналар, сіздерге бірнеше кеңес

1.Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;


2. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
3. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
4. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
5. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
6. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
7.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
8. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
9. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
10. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет