ІІІ. «Ассоциация» жазу Сіздер әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей) Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
І топ.Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.
ІІ топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.
ІІІ топ..Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады.
IV. Педагогикалық ойын - Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?
Мақтау
Ұрсу
(Әр ата-ана өз баласына мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін жазады.)
V. Сөйлемді аяқтау. «Түйін сөз» І топ 1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)
ІІ топ 1) Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ топ 1) Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе ...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді)
(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)