1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:
1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;
2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.
Бірінші кезеңде:
· «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;
· орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;
· жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;
· жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;
· жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;
· «Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;
· экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;
· «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге-де жастар бастамалары өз жалғасын табады;
· техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерінің мәліметтер базасы, оның ішінде сертификатталған enbek.gov.kz сайтында бұдан кейін жұмысқа орналастыру үшін құрылады;
· азаматтық білімнің, азаматтық белсенділікті көтермелеудің жаңа әдістері енгізіледі («Қоғамға қызмет» курсы және тағы басқа);
· жастардың азаматтылық деңгейі артады;
· «Ертеңің үшін аянба!» еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;
· мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бизнес-қауымдастықыт тарту;
· жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы іске асырылады;
· жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын KZ» жобаларын іске асыру басталды;
· жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру басталады;
· жастар үшін спорттық және демалыс инфрақұрылымдар желісі және оған қол жетімділік кеңейеді;
· табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы іске асырылады;
· әрбір аудан-деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру енгізіледі;
· 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды;
· салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру басталатын болады;
· жас азаматтардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға қысқартылады;
· жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 10%-ға артады;
· «жас отбасы» категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |