Сутектің алынуы және қасиеттері
Аспапты құрастырыңыздар (43-суретте кӛрсетілгендей етіп) және оның
герметикалығын тексеріңіздер. Сынауыққа мырыштың 8-10 түйірлерін салыңыздар,
үстіне 5-6 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыздар. Сынауықты газ жүретін түтігі
бар тығынмен бекітіңіздер және бӛлінген газдың тазалығын тексеріңіздер. Газ жүретін
түтіктің ұшын 46-суретте кӛрсетілгендей етіп, мыс (II) оксиді бар сынауыққа
орналыстырыныздар. Мыс (II) оксиді бар сынауықты тұрғыға түбі аузынан жоғары
тұратындай сәл кӛлбеу бекітілуі керек.
Сынауықтың мыс(II) оксиді тұрған жерін қызырыныздар. Қызыл түсті ұнтақ
түзілгені байқалған соң қыздыруды тоқтатыңыздар. Қара түсті мыс (II) оксидінен
қызыл түсті зат түзіліп , сынауық қабырғаларында су тамшылары жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |