ГАЛОГЕНДЕР ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МАЗМҦНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ Мақсаты: Студенттердің мектепте жүргізілетін тәжірибелердің әдістемесін және
техникасын меңгерту, оқу процесінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті реактивтер: Штатив, сынауықтар, стакандар, шыны таяқшалар, қысқыш-
тар,спиртшам, қышқыл, негіз, тұздар.
Жаппай тәжірибелер:
І. Тұз қышқылын алу және онымен тәжірибелер. Есеп жазу 7-пж. В. Н. Верховский, 2-
том 262 бет. 202-сурет
Тҧз қышқылын алу және онымен тәжірибелер. Тҧз қышқылын алу Аспапты құрастырыныздар (76- суретте кӛрсетілгендей).
Сынауыққа 2-3 г ас тұзын салыныздар және концентрациялы күкірт қышқылын (2:1)
тұз шыланатындай етіп құйыныздар. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен
тығындап, түтіктің ұшын судың үстіңде 0,5-1 с м қашықтықта тұратындай етіп екінші
сынауыққа батырыныздар. Содан соң бірінші сынауықтағы қоспаны жайлап, 5-6 мин
қыздырыңыздар.