Кӛрнекілік принципі – дидактикалының ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің
бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық
әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен
молекуланың құрылысының, ӛндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін,
сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға,
әр кӛрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап,
түсіндіре білуге үйренуі керек.