Химия кіріспе бӛлімінің оқу-тәрбиелік маңызы. Химияның ғылым ретіндегі
анықтамасы. Алғаш химия сабағында оқушыларды «зат», «заттың қасиеті», «таза заттар
және қоспалар», «физикалық және химиялық құбылыстар», «химиялық реакциялардың
жүру белгілері, жүру жағдайлары» деген химиялық алғашқы ұғымдармен таныстыру.
Зат туралы түсінік қалыптастырудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері. Химияны
оқытуда алғаш рет зат туралы түсінік қалыптастыру. Заттардың жіктелуі туралы түсінік.
Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық
ілімнің жалпы әдістемелік ұстанымдарды оқыту.
VІІІ сыныпта оттегі және сутегі тақырыбын оқыту әдістемесі зат туралы түсінік
берудің анық мысалы. Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары негізінде химиялық
реакция туралы түсінік қалыптастыру.Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары
негізінде химиялық элемент туралы түсінік қалыптастыру. Химиялық элемент және оның
жіктелуі.
Химиялық элементтердің, заттардың және химиялық реакциялар туралы ӛзара
байланыс түсінігі. Нақты заттарды оқыту үрдісі кезіндегі химиялық реакциялар және
заттар туралы алғашқы химиялық ұғымдардың дамуы.