Артериялардың әр жерлеріңде,әсіресе қолқада өзбетінше пайда болады.Эндотелий асты қабатына плазмадан өткен липопротеидтер интиманың жасушаларымен ең алдымен тегіс ет жасушаларымен және макрофагтармен жанасады.Содан тегіс ет жасушалары мен макрофагтардың өсіп-өнуі,талшық құрылымдардың көбеюі байқалады.Эндотелий жасушаларының астына ортаңғы қабықтан (медиядан) көптеген тегіс ет жасушалары шығады. Бұл жасушалар өсіп-өніп,холестерин эфирлері жиналуын туындатады.Макрофагтар эндоцитоз жолымен липопротеид-тердің бөлшектерін ретсіз қамтиды.Яғни, пиноцитоздық қамту.Макрофагтармен липопротеидтердің қамтылуы сыртындағы рецепторлардың қатысуымен болады. Бірақ бұл рецепторлар В-,Е-рецепторларынан ерекше рецепторлар.Олар ецетилденген липопротеидтерге,ТӨТЛП-ге,ТТЛП мен гликозамингликандардың кешендеріне,нәруыз-холестерин эфирі кешендеріне,ЛП-антидене иммундық кешендерге т.с.с бағытталған рецепторлар болады.