Ғылыми жетекшісі: Агалиева Нургул Болатовна- ф.ғ.к., доцент
Тақырыбы:Қазақ әдебиеті шығармаларындағы Тұрар Рысқұлов бейнесі және мектепте оқыту әдістемесі
Сұрақ:Шерхан Мұртаза «Қызыл Жебе» романын өмірге әкелуде тарихи қайраткер – Тұрар Рысқұлов өмірін қандай аспектіде қарастырған ?
Жауап: Аталмыш шығармада автор Т.Рысқұлов өмірін төрт аспектіге бөліп қарастырған
Тарихи дерек /саяси, жеке ісі туралы құжаттар/.
Деректер /шежіре, қолжазба, күнделік, хаттар, естеліктер/.
Ғылыми еңбектер /тарихшы, саясаттанушы, тұрартанушылар мен
Т.Рысқұловтың жеке ғылыми еңбектері, шағармалары/.Көркемдік факторлар /аңыз әңгіме, өлең-жырлар, бенелеуші-мәнерлеуші көркем құралдар/.
Сұрақ: Темірғали Нұртазиннің «Тұрардың анты» қандай шығарма ?
Жауап: Бұл шығарма автордың революциялық тақырыптағы алғашқы романдарының бірі. Онда жазушы қазақ халқының көрнекті ұлы, ұлы күрескер Тұрар Рысқұловтың өмірінің көркем бейнесінің мақсатын қойды. Романда қазақ халқының революцияға деген, оның революциялық уақыт пен кеңестікке, билік жылдарындағы көзқарасы және Түркістан республикасындағы күрес, халықтар достығы бейнеленген. Осы оқиғалардың ортасында Тұрар Рысқұлов, оның жеке өмірі мен қоғамдық күресі көрсетілген.
Сұрақ:Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан әлеуетті бейнелі сөздер кездестірдің ба?
Жауап: Шығарманың бейнелілігі тілдегі табиғи бейнелілікпен астасып жатады. Мысалы: «Көшедегі адамдар қоңыраулы трашпенгені әуелі салтанатпен әкім келе жатыр екен деп қаладыда, кісендеулі аяғы салбырап отырған киіз қалпақты қазақты, алды артында мылтық ұстаған айдауларды көріп, бірі таңыоқап, бірі үркіп, бірі тез-тез шоқынып қала береді. Әлдекімдер басынан мыжырайған кепкесін алып, бас игендей болды. Әлде кім дей ме, әлде тұтқынға оң сапар тілей ме - белгісіз» .