Қақтығысты жағдайларды диагностикалау әдістемесі және оны талдау мәселесі


Тұлғаішілік конфликтілер қоршаған



бет9/18
Дата07.02.2022
өлшемі33,52 Kb.
#97351
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Ботанбаева Алия конф 213

5. Тұлғаішілік конфликтілер қоршаған орта, оның ішінде әлеуметтік орта тұлғасына ықпалын тигізбей пайда болмайтындығы баршаға мәлім. «Таза», тек қана ішкі әрекеттер себебіне байланысты пайда болатын тұлғаішілік конфликтілер жоқ.
Конфликт негізінде жатқан қайшылықтардың табиғатына сүйене отырып, оларды екі топқа бөлуге болады:
1. Адамға қатысты сыртқы обьективті қайшылықтардың ішкі әлемге өту нәтижесі ретінде пайда болатын тұлғаішілік конфликтілер (мотивациялық, адаптациялық, конфликтілер және т.б.)
2. Тұлғаның қоршаған ортаға қатынасын көрсететін, ішкі жан – дүниесінің (ішкі әлемінің) қайшылықтарынан пайда болатын тұлғаішілік конфликтілер (мотивациялық конфликтілер, адекватты емес өзін-өзі бағалау конфликтісі). Е.Донченко мен Т.Титаренко (1989) психологиялық қайшылықтар дамуының үш деңгейін бөліп көрсетеді:
- тұлғаның ішкі жан дүниесінің психологиялық тепе- теңдігі;
- тепе- теңдіктің бұзылуы, іс әрекеттің негізгі түрлерінің шиелінісуі, қиындауы, психологиялық дискомфортты жұмысқа проекциялау, қоршағандармен қарым-қатынас (тұлғаішілік конфликт);
- жоспар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың мүмкін болмауы, «өмірдің үзілуі», қайшылық (өмірлік дағдарыс) жойылмайынша, өз өмірлік функцияларын атқарудың мүмкін еместігі.
Осы деңгейлердің әрбіреуінде қайшылықтарды шешу мүмкін болады. Бұл мүмкіндік адамның қалыпты өмір сүруіне не қажеттігіне, оның қандай мұқтаждықтарына орындалмау қаупі төніп тұрғандығына байланысты былай болуы да мүмкін; яғни адам бүкіл өмірін қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға арнай отырып, ішіп-жедік, енді ұйықтауға болады: ұйықтадық, енді ішіп-жеуге болады сызбасы бойынша өмір сүре отырып тұлғаішілік- конфликтіге дейін жетпейді. Бірақ көбінесе қайшылық ары қарай дамиды, ішкі конфликтіге ұласады. Неге былай болады?
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары. Тұлғаішілік конфликтінің жағымды және жағымсыз салдарлары бар. Тұлғаішілік конфликтілер конструктивті (продуктивті, оптимальді) және деструктивті (адамның тұлғалық құрылымдарын бұзушы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет