Қақтығысты жағдайларды диагностикалау әдістемесі және оны талдау мәселесі



бет17/18
Дата07.02.2022
өлшемі33,52 Kb.
#97351
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ботанбаева Алия конф 213

Ұлтаралық конфликт. Ұлтаралық конфликтілер әр түрлі этностар өкілдерінің арасында болады. Олардың себептері өте көп. Конфликтінің пайда болуы үшін үш фактор керек. Біріншісі ұлттық сана сезім деңгейімен байланысты. ол адекватты, төмен, жоғары болуы мүмкін. Екінші фактор – ұлттық тұрмыстың барлық жақтарына қысым келтіретін мәселелердің «критикалық» мөлшері. Үшінші фактор – жоғарыдағы екі факторды қолданатын политикалық күштер.
Ұлтаралық конфликтілерді түсіну үшін олардың факторларын қарастыру керек: этнопсихологиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени.
Этнопсихологиялық фактор – материалдық және рухани мәдениеттің әдеттегі өмір салтын бұзу қаупін туындатады да этникалық бірліктер жағынан қарсыластық тударады.
Әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар – мәдениет пен діни нормалар немесе өркениеттік құрылымның өзгеріске ұшырауы қорғаныс реакцияларын тудырады.
Әлеуметтік- экономикалық фактор – оның мәні әр түрлі, ол белгілі бір роль ойнап, конфликтінің бір себебі бола алады, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті, топтардың экономикалық қызығушылықтарын бейнелейді.
Саяси фактор – үлкен саяси билікке қол созатын жаңа саяси лидерлердің пайда болуынан туындаған этникалық қарсыласты көрсетеді.
Ұлтаралық конфликтілерді реттеу институттық және инструменталдық бағыттарды біріктіру негізінде шешіледі.
«Конфликт» ұғымы міндетті түрде қандай да бір адамдардың немесе қандай да бір нәрселердің арасында пайда болатын көп деңгейлі құбылыстардың кең шеңберіне жатады. Соңғысына Шығыс пен Батыс арасындағы, мәдениет пен мәдениет типтерінің арасындағы конфликтілер мысал бола алады. Мұндай жағдайда конфликтіге қандай да бір субъектілер емес, әлеуметтік білім беру мен құбылыстар түседі. Конфликтілерді топтастыруда зооконфликтілер туралы сирек айтылады. А.Я.Анцупов пен А.И.Шипилов зооконфликтілерді топтастыруға едірудің маңыздылығын келесідей етіп дәлелдейді: «Адамның биологиялық табиғатын ескермей оның конфликтілі жағдайдағы мінез-құлқын бағалау мүмкін емес». Қазіргі гуманистік варианттағы психология адамдар мен жануарлардың психикалық көріністері арасындағы параллельдің теңдігін мойындамайды. Осыған байланысты жоғарыда келтірілген ой психологтар тарапынан айтарлықтай қолдау тапқан жоқ. Осылайша, ғылымда қабылданған конфликтілердің топтамасын талдау арқылы конфликтілерге кең диапазонды әр түрлі деңгейлі құбылыстарды жатқызады. Дегенмен де, оларды зерттеудің мәселелі жақтары әлі де болса толығымен анық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет