Атырау мұнай және газ институты


/1/ 30-42 бет /2/ 35-45 бет./5/ 29-38 бет



бет7/30
Дата10.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#3588
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

/1/ 30-42 бет /2/ 35-45 бет./5/ 29-38 бет.
6-шы дәріс
Тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Негізгі мақсаты: Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым, білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу философиясының мәнін түсіндіру.

Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, концептуализм.


  1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.

  2. Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.

  3. Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не



17

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.

Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.

Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.

Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік сұлулық символына деген құлшыныс.

Николай Кузанский өзінің “шындықты алдын ала болжау”, “Білетін білместік туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді. Қайта қрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.

18

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Философиядағы антропоцентристік бағыт.

  2. Философиядағы пантеизм.

  3. Адамға бетбұрыс және философияның ойын дамытудағы жаңашылдық.

/1/ 43-52 бет /2/ 46-55 бет./5/ 39-48 бет.
7-ші дәріс.
Тақырып. 16-18 ғасырлардағы ағартушылық философия
Негізгі мақсаты: Ағылшын эмперизмі мен француз материализмінің ағартушылық саласындағы істелген еңбектерін талдау, жалпы ағартушылық философиясына ден қою.

Негізгі түсініктер: диалектикалық материализм, натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм, субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
1.17 ғасырдағы философиядағы материализм.

2.Материализм философиясының өкілдері:Ф.Бэкон,

Т.Гоббс,Р.Декарт т.б.

3.17-18 ғасырлардағы ағартушылық философиясы және француз материализмінің пайда болуы, дамуы және ерекшеліктері.


15-18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда Нидерланды, 17 ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-ды.Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады: 1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын,

19


Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді.

Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-«Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы»,екіншісі-«Жаңа Органон» деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. «Білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол: «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті», деді. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардың құтылудың басты жолы- тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан үғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.

Келесі бір өкілі Рене Декарт (1556-1650). Ол- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Оның басты еңбегі- «Әдіс туралы ой-толғау». Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт-материалист болды. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін –деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі»,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт- рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Келесі бір өкілі ретінде Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірген,

20


Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Басты еңбегі- «Левиафан» (1651). Ол өз еңбегінде мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Өйткені Т.Гоббс дәл ағылшын революциясының дәл кезінде өмір сүрген еді. Оның мемлекетке мән беруі содан болатын. Т.Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде «адам-адамға қасқыр, біреуге біреу қас» деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа кесіп беруге көндігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ ырық жасалды. Ол жалпы ырық- мемлекет деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарады. Бенедикт Спиноза (1632-1677) –Голландияның көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келді. Азғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгереді. Бірі- «Діни-саяси трактат» (1670), екіншісі-«Этика» (1675) болды. Спиноза «бір ғана субстанция бар, ол – табиғат», деді. Табиғат, бір жағынан жаратушы күш, екінші жағынан- жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары күш нәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін еш нәрсенің керегі жоқ. Өйткені, табиғаттың өзі-Құдай деп түсінді. Табиғат мәңгі, шексіз. Ол-өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана, оның атрибуты(қасиеті) деді. Келесі бір өкілі Джон Локк (1632-1704). Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж.Локктың басты еңбегі-«Адам санасы жайлы тәжірибе»(1690). «Адам жаны- таза тақта. Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз, дәл осы», дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін еш нәрсе болмайды, дейді. Дж.Локк екі түрлі- сыртқы және ішкі тәжірибеге болады дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады деді. Сезім идеясы- бастапқы, сырттан келген құбылыс, рефлексия іштен пайда болады. Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Бірақ сапа екі түрлі болады. Бірінші сапаға заттардың саны, салмағы, көлкмі, сипаты, қозғалысы жатады. Бұл-заттардың нағыз өзі,дейді. Екінші сапаға дыбысы, түсі, дәмі, иісі жатады. Бұл біздің ішкі сезімімізге байланысты, дейді Локк.

17-18 ғ.ғ. өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655),Вольтер (1694-1778),Жан Жак Руссо (1712-1778),И.В.Гете (1749-1832)т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы



21

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың басты мәселелерінің бірі-адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері болатын.

18 ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық метафизикалық материализмге жатады. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясының өкілдеріне мыналарды жатқызуға болады: Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751),Дени Дидро(1713-1748),Клод Адриан Гельвеций(1715-1771),Поль Анри Дитрих Гольбах(1723-1789).



Тақырыпты пысықтау сұрақтары.


  1. 17-18 ғасырлардағы ғылыми революция.

  2. Метафизикалық материализм.

  3. Ағартушылық философиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет