Атырау облысы, Атырау қаласы №26 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Натифуллина Батима Тұхпатқызы



Дата04.01.2017
өлшемі86,81 Kb.
#6332
Атырау облысы, Атырау қаласы

26 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі



Натифуллина Батима Тұхпатқызы

Менің Отаным - Қазақстан



Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы  туралы білімдерін дамыту. Балаларды тақпақтар мен әндер айту арқылы өз Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, мақал- мәтелдер айту арқылы есте сақтау, сияқты қабілеттерін бекіту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері.

Ертеңгілік барысы: «Көк тудың желбірегені» әні ойналып тұрғанда балалар залға қатармен кіріп орындарына жайғасады.

Армысыздар бұл кештің қонақтары

Халқымыздың қашанда қонақ бағы

«Менің Отаным-Қазақстан» атты кешті

Бүлдіршіндер көруге шақырады.

Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н. Ә. Назарбаев.
    - Балалар, мынау біздің еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы– көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.
    Балалармен сұрақ –жауап  арқылы түсінгендерін пысықтау.
     - Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
    -  Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
    - Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, енді, балалар,  мемлекеттік туымыздың  түсі қандай екен?
    -   Мемлекеттік туымыздың түсі - көк, көгілдір.
    -  Неге ұқсайды?
    -  Аспанға ұқсайды.
    -  Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен. 
Балалардың жаттаған  рәміздер туралы тақпақтары тыңдалады.

Айымгүл: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте


Іңкәр: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.
Арайлым:Туға зер сал анықтап

Аспан түстес көгілдір

Қыран еркін шарықтап

Күн шуағын төгіп тұр.
Еркебұлан: Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен –тек

Елдің ашық қабағы.

Айбике: Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Тәрбиеші: Рахмет балалар!
-    Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің  елтаңба»  деген тақпақ айтылады.     

Гүлай: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.                                         

 Айымжан:   Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.                               
-Ата –бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі. 
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын! 
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не? 
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан өткен өмір жолы,
Немересі:Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін: 

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп, 
Өткендерін қалай да білсін деген.
     Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих? 
Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.

Тәрбиеші: Рахмет, ата! Сіз бізге өткен өмір жайлы сыр шертіп көңілімізді бір көтеріп тастадыңыз аман жүріңіз.

Балалар қол шапалақтайды. (атасы мен немересі шығып кетеді)

Ән көңілдің ажары емес пе еді

Пәк көңілді жіберер желпіп тегі

Ән құдіретін сезінген Абай ата

«Құлақтан кіріп бойды алар» демеп пе еді.

Хор: Отан.

Тәрбиеші: рахмет балалар!Кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
  Жеңісбек: Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ тілейді баршаға. 


  Нұрай: Отан-сенің, ата-анаң,

Отан-досың бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан,ауылың.
Х.  Нұрсәт: Менің Отаным-Қазақстан

Жасай бер, әрқашан

Президент ата Нұрсұлтан

Біздің елді басқарған.
Айару: Отан, осы достарым

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өс, жас қауым

Оны ардақтап сүйе біл.

Назым: Отан-тарих, Отан-тіл

Жасаған елім, ер халқым.

Отан-өлең, Отан жыр

Көтерген көкке ел даңқын

Батырлар биі: Ибрагим, Нұрлан, Арсен, Исламбек, Аманбек,Ерасыл

Мақал-мәтелдер: Отан оттанда ыстық, Отансыз адам- ормансыз бұлбұл,Бірлік болмай -тірлік болмас, Туған жердің қадірін- шетте жүрсең білерсің т.б.

Диана: Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем



Жаным: Абай туған, Сәкен туған

Құрметте досым қазақтың жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан Республикам менің!


Арсен: Астана арман қала

Астана -сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынындада


Ибрагим: Ортақ бізге бір Отан

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.


Фатима: Байтақ дала-туған жердің

Қымбат маған әр тасы

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы баршасы.


Би: Тәуелсіздік (Рамазан, Іңкәр, Айдос, Аружан, Нұрислам,Әсима)

Ойын: Өз туыңды тани біл!

Шарты: Үстел үстіндегі көп тулардың ішінен өз туымызды тауып тақтаға ілу.

Орыс биі: Арайлым, Айбике, Назым, Айымгүл, Жаным, Айшын.

Хор: Бау-бақша белдер.

Жеке ән: Көк тудың желбірегені. Фатима, Айбике, Ақмарал.

Асылай: Өр кеуде ,алғыр қыранмын

Биіктік мәңгі тұрағым

Қиянды шарлап, самғаймын

Еркіндік менің ұраным!


Айбар: Сүйемін мен Отанымды

Гүл жайнаған жерімді

Сүйемін мен ата – анамды

Мені өсірген елімді.


Нұрислам: Отан деген Атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана Отан пана

Қазақстан туған ел.


Ерасыл: Отан менің өзегім

Қиының болса төземін

Алдағы бақыт шақтарды

Жүрегіммен сеземін.


Ұлттық ойын: Қыз қуу

М. Мақатаев «Үш бақытым»

Орындайтын: Айшын. З.

Ең бірінші бақытым халқым менің

Ал, екінші бақытым тілім менің

Бақытым бар үшінші Отан деген

Үш бірдей бақытым бар алақанда

Мені мұндай бақытты жаратар ма?

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!


Жүргізуші:Әнсіз мына өмірдің несі көктем

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Ендеше бәріміз әсем әннің куәсі болайық



Ән: «Атамекен»
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет