Атырау облысы, Атырау қаласы №28 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі



Дата05.11.2016
өлшемі48,61 Kb.
#642
Атырау облысы, Атырау қаласы

28 жалпы білім беретін орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Қазиева Толқын Қамытовна

20.02.15ж Ашық сабақ 1 «а» сынып

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.

Сабақтың мақсаты:

Көкөністердің өсіп-өнуі туралы, адам өміріне маңызы, негізгі түрлері,көкөніс өндірілетін орындар,адамдардың еңбегі туралы түсінік ұғым беру.Танымды қаблетерін дамыту.Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу. Көкөністерді күтіп баптауға үйрету.

Көрнекілік: кубиктер,суреттер, слайт, үлестірмелі материалдар.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезең .

Оқушыларды сабаққа даярлау

Назарларын сабаққа аудару

Сабақтың мақсат-міндетерімен таныстыру.

«Қызығушылық ояту»

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық бүгін күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Үй берілген тапсырма: Өсімдік мүшелері және олардың қызыметі.

Топ мүшелерін сайлау.

Үйге берілген тапсырманы пысықтау:

1.Емен ағашы мен итмұрын мүшелерін салыстыр?

2.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды ата?

3.Өсімдіктер немен қоректенеді?

Жаңа сабақ: «Көкөністер»

Балалар, назарларыңды парта үстінде тұрған кубиктердегі суреттерге қараңдар, мұндағы артық суретті алып тастаңдар.

- Не байқадыңдар?

- Дұрыс, бір сөзбен бұларды не дейміз?

- Жауабы: Көкөністер.

«Көкөністер әлеміне саяхат»

Көкөністер-тағамға пайдаланылатын өсімдіктер.Тағамда олардың әр түрлі мүшелерін жемісін,жапырағын, сабағын немесе тамырын пайдаланады.

Түйнек, пиязшық –қоректік заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.

Орамжапырақ –тығыз оралып өскен жапырақ.

Қызылша, шалқан, сәбіз жемтамырлар-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.

Қияр , қызанақ жемістері гүлден пайда болады.

Көкөністерді адам күтіп өсіреді.

Көкөністің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады.

Жылыжай –көкөністерді қыс айларында өсетін жер.Сондықтан қысы-жазы жас көкөністер үзілмей базарларда сатылып тұрады.

Топ мүшелері шығып үстелдің үстіндегі көкөніс суретерін алып , алған суреттері топ атары болады.

1-топ картоп

2-топ қызанақ

3-топ сәбіз.

Топтық жұмыс:

Үш топта :Өз топтарының суреттін салып, сипаттама беріп қорғап шығады.

Топтар бірін –бірі тыңдап бағалайды.

Дәптермен жұмыс.

Үш топта: Көкөністердің аттарын жазады(Қай топ көкөніс көп жазады) топтар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті:

Қорытындылау:

«Көкөніс базары» ойыны

1-топ.

1.Көкөністер қайда өседі? (Бау-бақшада)



2.Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

3.Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу арқылы)

2-топ.

1.Бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)



2.Қыс айларында көкөністерді қайда өсірледі? (Жылыжайда)

3.Шикі жеуге болатын көкөністерді ата? (Қияр, қызанақ)

3-топ.

1.Көкөністер жылдың қай мезгілінде отырғызылады? (Көктем)



2.Көкөністерден не дайындалады? (салат,тамақтарға қосады)

Жемістамыр көкөністері ата? (Қызылша, сәбіз,шалқан)

Топтар бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті көкөністерім» туралы жазу.

44-45бет оқу.

16.04.15ж.

1 «А» сынып

Ашық сабақ: Ана

Сабақтың тақырыбы: Сурет сабағы. «Суретші ата Қастеев.»

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.

Қастеев туралы түсінік беру. Оқушылардың ой-өрісін , тілін

дамыту,өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Табиғаттағы әсемдікті бейнеленген суреттер арқылы адамның

сезімін сезе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу орындату.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайт « Қастеев» суреті, өмірбаяны,

салған суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

« Қызығушылықты ояту»

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

II. Топқа бөлу :

1-топ.Мейірімділер.

2–топ Тәртіптілер

3–топ. Әдептілер

III. Үй тапсырмасын пысықтау :

1.Өнер деген не?

2.Өзің қандай өнерді бағалайсың?

3. Өнер туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

4.Шара, Күләш апаларымыздың қандай өнері болған?

Күләш Байсейтова кім?

Шара Жиенқүлова кім?

5. 154-жаттығу.

6. «Ән сабағы» өлеңін айту.

«Ой қозғау»

Слайттан сурет салып тұрған баланың суреттін көрсету.

Суреттен нені көріп тұрғаны.

Балаға аттын қою.

Бала ненің суреттін салып тұр?

Оқушылар суретке қарап, жаңа тақырып ашад

Жаңа тақырып :

«Сурет сабағын» өлеңін жазған О.Әубәкіров 1934 жылдың

4 мамырда Алматы облысы. Жамбыл ауылындағы Үшбүлақ

ауылында дүниеге келген Сатира саңлауы.

Қазақтың бейнелеу өнеріндегі ірі тұлға Әбілхан Қастеев

1904жылы қаңтарда Алматы облысы,Жаркент өңіріндегі

Шежін ауылында дүниеге келген. Әбілхан Қастеевтың қай

Туындысын алып қарасақта, қазақ халқының тыныс

тіршілігін мен болмыс бірлігін айқын көрініс табады.

Оның шығармасынан табиғаттың аса көркемдігін, керемет

шеберлігін көруге болады.

Ә.Қастеевтың салған суреттерін оқушыларға слайтпен

көрсету.


Топтық жұмыс:

Оқылықпен жұмыс : Өлеңді оқушыларға оқыту.

156-жаттығу . жаңылтпашты оқып, сөйлемнің соңында

қандай тыныс белгісі қойылғанын аңғарыңдар.

Қарындаштың ұшын үшкірлеп ұшта!

Ұшкірлеп ұштап, сақта

« Ойланайық, пікірлесейік»

1.Суретші болу үшін не қажет?

2.Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

3.Суретшілерден кімді білесің?

4. Өнер туралы мақал- мәтел айту.

«Сергіту


Қорытынды: Топпен жұмыс

Көктем мезгілі туралы сурет салу. (Постер қорғау)

Түрлі-түсті қарандашты қай сабақта пайдаланамыз?

Сурет сабағында тағы қандай құралдарды пайдаланамыз?

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Суретші ата Қастеев» өлеңін жаттау



155-жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет