Атырау облысы Атырау қаласы №4 облыстық мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата06.02.2022
өлшемі24,41 Kb.
#34047
түріСабақ

Атырау облысы
Атырау қаласы
4 облыстық мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Бисенғалиева Арай Қисметқызы.

«Ең үздік ашық сабақ» номинациясы

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақша ән айтамын
Мақсаты: а) Тақырып аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы сабақтың маңыздылығын түсіндіру.
ә) Тілдесім барысында тілдік үлгілер арқылы қазақша әндер жайлы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
б). Мәтіндер негізінде оқушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ассоциограмма, кластер, сергіту жаттығуы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, стикер, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Ән, орыс тілі.
Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.
2.Сыныпқа психологиялық ахуал орнату.
Бір-біріне жақсы сөздер айту.
3.Үй тапсырмасын сұрау.
7 беттегі 10-тапсырманы дәптерден тексеру.
Қандай тілдер білеміз?
Тіл үйрену үшін не істеу керек?
Жаңа сабақ: I. Қызығушылықты ояту.
«Қазақша ән» тіркесіне ассоциограмма құрады.
II. Мағынаны тану.

  1. Сөздікпен жұмыс

Мұра-наследство
Сазгер- композитор

  1. Мәтіналды жұмыс. (Айтылым әрекеті) 1-тапсырмадағы сұрақтарға жауап.

Қандай қазақша ән білесің?
Саған қандай ән ұнайды?
Қазақ әншілерінен кімдерді сүйіп тыңдайсың?
Өзің білетін қазақ әнін айтып бер.
2-тапсырма «Қандай қазақ әндерін білесің кластер толтыр. (Жазылым әрекеті)


Мен білетін қазақ әндері

3.Мәтінмен жұмыс.


Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындайды.
Ән –халық мұрасы. Халық әндері –өнердің ерекше түрі.Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан қасиеті де бар. Ең алдымен, ән-өнер. Ән-адамның көңіл-күйі, қуанышы мен сезімі. Ән- табиғаттың сыйлығы. Ән –халық өмірінің айнасы. Ақын сөзін жазады. Сазгер әсем әуенін жазады. Сөйтіп, халыққа жаңа ән сыйлайды. Әнші әсем даусымен әнді халыққа жеткізеді. Жаңа ән халықтың көңілінен шықса, ол елге тарайды. Халық оны сүйіп айтады.
4.Сергіту жаттығуы.
III.Ойтолғаныс. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды.
IV.Бекіту. Дұрыс, сауатты жазу үшін 4,5-тапсырмаларды орындайды.
V.Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды, қорытынды бағаны мұғалім қояды.
VI.Үйге тапсырма. Қазақ әндерін жаттау.
VII.Рефлекция. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет