Атырау облысы әкімі аппаратының
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының 2016 оқу жылына арналған
ОҚУ ЖОСПАРЫ
Атырау қаласы
Негіздеме:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
және біліктілігін арттырудағы қажеттілігін қанағаттандыру, мемлекеттік қызметті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесін
бекіту туралы» Жарлығына Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 623 Жарлығымен өзгерістер енгізілді.
Аталған Жарлыққа сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау
(қайта мамандану) – «А» және «Б» корпустарының мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметіне алғаш кiруіне немесе «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалуына байланысты қосымша кәсiби
бiлiм алу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы және мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудың өңiрлiк орталықтарындағы оқыту
курстары.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының оқу жоспары мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет
саласында басқарушылық құзыреттілікті дамытуға бағытталған, сондай-ақ
олардың кәсіби деңгейін арттыруға көмек көрсетеді.
«Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының оқу жоспары бейімделу сипатына ие және мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында кәсіби қызметтің жаңа түрін орындау үшін қажетті қосымша білімдерді, дағдыларды алу үшін бағытталған.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары көлемі кемінде 158 сағат болатын, күндізгі және күндізгі-қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары көлемі кемінде 120 сағат болатын, күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Қайта даярлау курстарында оқыту процесі қазіргі заманауи интерактивті
нысандар мен білім беру әдістерін пайдалана отырып, іскерлік, рөлдік ойындар түрінде және case-study әдісінде нақты мысалдар мен жағдайларды талқылау мен модельдеу жүзеге асырылады.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілері белсенді оқыту әдістемесі тыңдаушылардың жұмыс орнында шағын зерттеу жобасын дайындауды көздейді, ол әртүрлі дереккөздерден ақпараттар жинау, салыстырмалы талдау
жүргізу, проблемалық жағдайларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу, нақты тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыру дағдыларын талап етеді
және кейіннен тыңдаушының жазбаша өзіндік жұмысы мен оның презентациясы түрінде ұсынылады.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының оқу жоспары
Мақсаттары:
кәсіби білімін, білік, дағдыларының деңгейін жетілдіру және басқарушылық құзыреттікті дамыту;
қайта даярлауға (қайта мамандану) мемлекеттік қызметшілердің құқығын іске асыру.
Міндеттері:
– басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық ойлауын қалыптастыру;
– кәсіби міндеттерді шешудің заманауи әдістері және адам ресурстарын
басқару технологияларымен таныстыру;
– басшының жеке құзыреттерін қалыптастыру;
– басшының этикасы туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдың құқықтық тетіктері туралы білімін дамыту;
– басқарушылық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру.
Құрылымы және мазмұны:
Оқу жоспары блок-модульді қағида бойынша дайындалады, алты оқу
модулінен және тыңдаушылардың эссе жұмысынан тұрады.
Мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби басқарушылық құзыреттерін ашатын оқу модульдеріне мыналар жатады:
– мемлекеттік органдардың қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
– мемлекеттік басқаруды жаңғырту;
– мемлекеттік органдардағы менеджмент;
– мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері;
– мемлекеттік экономикалық саясат;
– мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару.
Оқу модульдерінің мазмұны 6 академиялық сағаттан 10 академиялық
сағатқа дейінгі көлемдегі оқу пәндерін ашады.
Контингент: «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшiлер.
Оқу түрі: күндізгі оқу.
Оқу ұзақтығы: 3 апта.
Сағаттар саны (әрбір курс бойынша): 48 сағат – дәріс, 56 сағат –
практикалық сабақ, 8 сағат – тыңдаушылардың өзіндік жұмысы. Жобалық
жұмыстарды қорғауға бөлінген сағат саны: бастапқы бақылау – 4 сағат
(кешенді тестілеу), қорытынды бақылау – 4 сағат (кешендік тестілеу), эссе жұмысын қорғау – 8 сағат.
Сабақ өткізу түрлері: дәрістер, тренинг түріндегі практикалық
сабақтар, case-study, іскерлік ойындар, «дөңгелек үстелдер».
Білім бақылау түрі: қорытынды білім бақылауы (кешендік тестілеу),
тыңдаушылардың эссе жұмысын қорғау.
Білім бағдарламасын меңгеруді кешендік бағалауға арналған қорытынды
бақылау электрондық тестілеу түрінде жүзеге асырылады.
Тыңдаушылардың эссе жұмысын қорғау мемлекеттік қызметшілердің аналитикалық талдау жүргізу мен көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша
білік-дағдыларын анықтайды.
Білім туралы құжат: қайта даярлауды нәтижелі аяқтаған мемлекеттiк
қызметшiлерге қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжат берiледi.
Күтілетін нәтижелер: кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттілігін дамыту жұмысына жаңа тәсілдер қалыптастыру.
Білім бағдарламасын әзірлеуші: Мемлекеттік қызметшілерге қосымша
білім беру институты.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының оқу жоспары
№ р/р
|
Тақырыптар мен кіші тақырыпшалардың атауы
|
Сағат саны
|
Оның ішінде аудиториялық сағат
|
Сабақ өткізу нысандары
|
дәріс
|
практикалық сабақтар
|
1
|
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДА
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
|
1.1
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнама
|
4
|
4
|
-
|
дәрістер
|
1.2
|
Басшы этикасы
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Басқару этикасы мен мәдениетінің
мемлекеттік қызметтегі орны мен рөлі
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Қызметтік коммуникацияның
этикалық қағидаттары (этикалылық)
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
|
Эмпатия қызметтік қатынастардағы
адамгершілік реттеу құралы ретінде
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
1.3
|
Мемлекеттік қызметтер сапасын
басқару
|
4
|
2
|
2
|
|
|
Мемлекеттік қызметтер сапасын
басқару мемлекеттік басқару
тиімділігінің көрсеткіші ретінде.
Мемлекеттік қызметтер сапасын
басқарудың шетелдік тәжірибесі және
оны Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Мемлекеттік қызметтер сапасын
басқару бойынша мемлекеттік
органдардың қызметін бағалау
өлшемдері (блиц-талдау). Мемлекеттік
қызметшілер қызметінің сапасын
бағалау бойынша әдістемелік тәсілдер:
мемлекеттік органдарды бағалау
нәтижелерін талдау
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
|
1.4
|
Еңбек қатынастарын құқықтық
реттеу
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
|
2
|
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢҒЫРТУ
|
2.1
|
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқару
|
12
|
6
|
6
|
|
|
Мемлекет қоғамдық процестерді
басқару субъектісі ретінде
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Мемлекеттік басқарудың
ұйымдастырушылық-функционалдық
құрылымы және мемлекеттік басқару
нысандары мен әдістері
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Мемлекеттік басқару процесіндегі
мүдделер өкілдігі
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(іскерлік ойын)
|
|
Мемлекеттік басқару процесінде
мемлекеттік саясатты қалыптастыру-дың және іске асырудың негіздері
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
|
|
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
мәселелері
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
(дөңгелек үстел)
|
2.2
|
Мемлекеттік жергілікті басқару
және өзін-өзі басқару
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
|
3
|
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ
|
3.1
|
Тиімді менеджмент және өзгерістерді
басқару
|
8
|
4
|
4
|
|
|
Мемлекеттік органдардағы тиімді
менеджментке қатысты қазіргі әдіс-тәсілдер
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
|
Мемлекеттік органдардағы өзгерістерді басқару
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
3.2
|
Мемлекеттік басқарушылық шешімдер
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы
|
4
|
2
|
2
|
Дәріс,
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
|
Мемлекеттік басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігі
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
3.3
|
Жобаларды басқару
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Жобалар мен бағдарламаларды
басқарудың әлемдік және ұлттық
тәжірибесі
|
2
|
2
|
-
|
Дәріс
|
|
Мемлекеттік басқарудағы жобалық
менеджмент құралдарын пайдалану
|
4
|
-
|
4
|
практикалық
сабақ
(тренинг)
|
4
|
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
|
4.1
|
Саяси және мемлекеттік басқаруды
жаңғырту контексіндегі жаңа
қазақстандық патриотизм
|
4
|
2
|
2
|
|
|
Жаңа қазақстандық патриотизм
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
XXI ғасырдағы ұлттық идея
|
2
|
-
|
2
|
практикалық
сабақ
(кейс-стади)
|
4.2
|
Қазақстан Республикасының
өңірлік саясаты
|
4
|
4
|
-
|
|
|
Қазақстандық өңірлік саясаттың қазіргі үрдістері
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Орталықсыздандыру
(децентрализация) - қазіргі
Қазақстанның саяси курсы
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
5
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
|
5.1
|
Қазақстан Республикасының экономикалық саясат
|
8
|
6
|
2
|
|
|
Экономиканы мемлекеттік реттеу: мәні мен құралдары
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Мемлекеттік экономикалық саясаттың мазмұны мен тұжырымдамасы
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының негізгі бағыттары
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
«Қазақстан – 2050» Стратегия аясында жаңа бағыттың экономикалық саясатын іске асыру мәселелері
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(тренинг)
|
5.2
|
Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуын бағалау
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Стратегиялық бағдарламалар мен жобалар тиімділігінің негізгі өлшемдері
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
|
|
Стратегиялық бағдарламалар мен жобалардың жетістіктері мен іске асыру мониторингі және бағалау
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(тренинг)
|
5.3
|
Бюджет қаражатын басқару тиімділігі
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Қазақстан Республикасының бюджеттік процесіндегі жаңашылдықтар
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Бюджеттік бағдарламаларды жаңа форматта әзірлеу: ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттары
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(семинар-тренинг)
|
|
Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалаудың әдіснамалық аспектілері
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(тренинг)
|
6
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ
|
6.1
|
Команда құру
|
4
|
-
|
4
|
|
|
Команда мүшелерінің конструктивті
және сыни ойлау қабілеті.
Командадағы еңбекті саралау
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(тренинг)
|
|
Команданың әрбір жекелеген
қатысушысының және барлық
команданың әлеуетін арттыру
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
(тренинг)
|
6.2
|
Персоналды басқару: мәні, субъектілері мен объектілері
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
6.3
|
Мемлекеттік қызметтегі протокол
|
4
|
2
|
2
|
дәріс
|
6.4
|
Стресс-менеджмент
|
6
|
2
|
4
|
|
|
Стресс-менеджмент мәні.
Стресс-менеджменттің негізгі
бағыттары мен әдістері
|
2
|
2
|
-
|
дәріс
|
|
Өмірлік ұстаным.
Стрессіз қарым-қатынас
|
4
|
-
|
4
|
практикалық сабақ
|
6.5
|
Сөз мәдениеті
|
6
|
-
|
6
|
|
|
Сөз сөйлеу шеберлігі
|
2
|
-
|
2
|
дәріс
(тренинг)
|
|
Ой логикасын реттеу арқылы сөз сөйлеуге дайындық (модель-үлгі, жоспар құру арқылы баяндама, аналитикалық жазбалар құрастыру)
|
2
|
|
2
|
практикалық сабақ
|
|
Шешендік өнер
|
2
|
-
|
2
|
практикалық сабақ
тренинг
|
|
Аудиториялық сағаттар
|
104
|
|
|
|
|
Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы
|
8
|
|
|
|
|
Кешенді тестілеу
(бастапқы бақылау)
|
4
|
|
|
|
|
Кешенді тестілеу
(қорытынды бақылау)
|
4
|
|
|
|
|
Барлығы
|
120
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |