Балаларға жұмбақ, өлеңдер, жаңылтпаштар жаттатып, тез жаттау үшін өлең жолындағы зат есімдердің суретін тақтаға іліп тірек сигналдарын пайдаланамын.
Мысалы:
Алтын ,сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Күз сурет пайдаланылып, көрсетіледі. Ойынға жақсы қатысқан балалар жұлдызшамен мадақталып отырады.
Ойын элементтерінен байқағаным, балалардың белсенді іс – әрекетін дамытады, жүйелі ойлау дағдысы қалыптасады, ізденуге деген қызығушылығы артады.
Мектепалды дайындық сыныбында оқыту мен тәрбиенің тамыры тереңде. Ол тәрбиеші – мұғалімнен іскерлікті күтеді. Сол кезде ғана жас ұрпағымыз үшін бұл істің берері мол.
Осы бағыттың бір көрінісі ретінде мектепалды дайындық сыныбында сауат ашу сабағынан өткізген «Э дыбысы мен әрпі» атты өткен көрнекі ашық сабағымды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |