Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Б.Аманшин атындағы орта мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Ибраймова Гүлмира Қамзақызы
Тақырыбы: С.Бегалин Қырдың жас түлегі
Мақсаты:1) Оқушыларға Шоқан Уәлиханов өмірін үлгі ете отырып, тақырыптың
мазмұнын ашу
2) Отанын сүюге және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру
3) Оқушыларды өз бетінше ізденуге, проблемалы сұраққа жауап беруге,
мінездеме беріп, сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту
Көрнекілігі: С.Бегалин, Ш.Уәлиханов суреттері, кесте, интерактивті тақта
слайд, альбом
Сабақтың түрі: тренинг
Әдісі: сұрақ- жауап, ізденушілік, Венн диаграммасы, топтау, БҮҮ, бес жол өлең,
джигксо
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін- өзі тану
Сабақтың жүрісі: 1. Психологиялық ахуал
Үй тапсырмасын сұрап, қорыту №4слайд
а) - Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?
- Ол кісінің мақсаты не еді?
- Ы.Алтынсарин қай жылы , қай жерде мектеп ашты?
- Ол балаларға қандай шашу әкелді?
- Әңгімедегі автордың негізгі ойы қандай?
- Қазақ балаларына арнап қандай өлең жазды?
- Ыбырайдң басқа қандай әңгімелерін білесің?
ә) Сынып 3 топқа бөлініп отырады
Қызығушылығын ояту №5слайд
Ахмет Байтұрсынов Бердібек Соқпақбаев
Балалар
Ыбырай Алтынсарин әдебиетінің Сансызбай Сарғасқаев
жазушылары
Сапарғали Бегалин Қастек Баянбаев
3. Жаңа сабақ Мағынаны түсіну №6слайд
1. Сапарғали Бегалин(1895-1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай
ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20-дан астам
кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. С.Бегалин
«Сәтжан», «Көксегеннің көргендері»»Шоқан асулары», «Алтай аңызы» т.б.
көптеген шығармалар жазған.
2. Шоқан туралы:
С.Бегалиннің 2-сыныпта «Мүсінші Мысық»
М.Дулатовтың 3-сыныпта «Қырдан келген жас қазақ» әңгімелерін оқыдық.
3. Қазақ балалар жазушысы С.Бегалиннің «Шоқан асулары» атты повесі бар.
Бүгінгі әңгіме сол повестен алынған үзінді.
4. №7слайд 1835-1865 зерттеуші Мұхамед Қанафия
Әкесі-Шыңғыс Шоқан ғалым- этнограф
Анасы-Зейнеп саяхатшы
1847-1853ж кадет корпусында оқыған
5. №8 слайд
- Биыл Шоқанның туғанына 180 жыл толды
- «Шоқан Уәлиханов» туралы кино түсірілді, Шоқанның ролін
Сағи Әшімов сомдаған.
- Омбыдағы кадет корпусы мен Қостанай облысы Қосмұрындағы
ескерткішінің суреті көрсетіледі
4. Оқулықпен жұмыс:
Әр топ өз бөлімін оқып, жоспар құрып, мазмұнын айтады.
І топ: Қыран құс қырды аңсамай тұра ала ма?
IIтоп: Қырдың жас түлегі
IIIтоп: Қорқарың бар, қораға кірме.
5. Сөздік жұмысы: №9 слайд
Кадет корпусы- патша өкіметі
Замандағы оқу орны
Жатақ- жатахана.
6. Шығармашылық жұмыс №10 слайд
І топ: Шоқанға (сипаттау мәтінін жазу)
IIтоп: Кадет корпусына оқуға келді. (әңгімелеу мәтінін құру)
IIIтоп:Ататоли-қорқақ бала, өйткені (пайымдау мәтінің құру)
7. Шығармашылық жұмыс: №11 слайд
І топ: Туған жер туралы мақал-мәтел айту
IIтоп: Туған жер туралы өлең оқу.Қ.Аманжолов
IIIтоп: Туған жерім – Миялы. Эссе жазу.
8. Сергіту «Жүректен жүрекке» №12слайд
І топ: Үлкенге иман керек
Кішіге иба керек
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеу сыйлау керек
IIтоп: Жастарға білім керек
Бәріне білу керек
Азамат болсаң алғыр
Анашым: «Күнім!-» демек
IIIтоп: Сол үшін талмау керек
Биікке самғау керек
Бойыңда бар жақсыны
Халыққа арнау керек
9.Ой толғаныс: Бес жол өлең №13слайд
1. Шоқан
2.білімді, қайырымды (әдепті, шыншыл)
3. Сағынады аңсайды, қарайды
4. Шоқан Ертіс жағасында келді.
5.Саяхатшы
10. Жаңа сабақты бекіту. №14 слайд
І топ: Шоқанның қандай қасиеттері ұнайды?
(ақылды, салмақты, ұқыпты, елін, жерін сүйетін патриот)
IIтоп: Шоқанның еліне деген сағыншы суреттеген жолдарды тауып оқы.
IIIтоп: Шоқанның туған жеріне суреттеп айту.
(қара торғын дала, жас туған төлдер, жапатармағай жүгірген
балалар, қарбалас өмір, құстың қиқуы.
11. №15слайд
Білемін
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келді.
|
Шоқан, зерттеуші, жазушы, ғалым
|
Туған жерге деген сүйіспеншілігі
Әкесі, анасы туралы
|
|
12. Венн диаграммасы. №16слайд
Шоқан Ыбырай
13. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту, Шоқан туралы деректер
жинау
14. Бағалау Әр топ жұмысына талдау жасау
Достарыңызбен бөлісу: |