Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебі Бекітемін: Келісемін



бет4/6
Дата10.09.2024
өлшемі113,92 Kb.
#204055
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тәрбие жоспар Мусагалиева

Күтілетін нәтижесі:
- Жан мен тән тазалығын сақтайды;
- Дұрыс тамақтану мәдениетін мтүсінеді;
- Қоршаған орта тазалығын сақтайды;
- Ақпараттық, медиа жәнеқаржылық сауаттылық;
- Ізденімпаз, жасампаз тұлға.
Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:

Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:
- баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;
- баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;
- баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.
Ұсынылады:
- бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;
- балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;
-балалармен ертегісағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала»тіл ширатужобалары мен іс-шараларын жүзегеасыру;
- балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.


Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:
- балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет