Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебі Молдағалиева Гулжазира



Дата27.02.2020
өлшемі15,58 Kb.
#58658
Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Молдағалиева Гулжазира

Жұмажанқызы
Мектеп кітапханашысы
«Жауынгер ақын - Махамбет»

(Әдеби - жыр кеші)

Кештің мақсаты: Жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін ояту. Жауынгер ақын Махамбеттің Отаны туған елі, туған жері үшін жасаған ерліктерін тәуелсіз ел ұрпақтарына таныстырып, оларға терең мағлұмат беру. Махамбеттің өлеңдерін оқыту.

Кештің жоспары:

1. Кешті жүргізушінің сөзі.

Мұнда ақынның өмірбаяны мен ерлік жолдары туралы баяндалады.

2 «Махамбет - ерен ерлік өнегесі» тақырыбында шығарылған кітап

көрмесіне шолу.

3. Махамбет жырларын мәнерлеп оқу.

4. Қортынды.

Жүргізуші:Әр елдің, келген ұлттың тарихында өздері үкілеп, өбектеп өтер ұл-қыздары болады. Сондай ұлы перзенттерінің бірі Исатай мен Махамбет. Олар ел басына күн туғанда, атқа жайдақ міне салып, қиқулаған қалың жауға алаңсыз араласып кете баратын көзсіз батырларымен ауыздыға сөз бермес, қарсы келгенді алып та шалыпта жығатын өр мінез, ортақ тілді ақын Махамбет Өтемісұлы еді. Жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының өмір жолы халық тарихының елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты. М.Өтемісұлы 1803 жылы Нарын құмында Еділ –Жайық арасында Бекетай деген жерде дүниеге келген.

Махамбеттің әкесі Өтеміс он балалы болған. Махамбет бір өлеңінде:

Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде.



Жер қайысқан қол едік, - деп жырлаған. Балаларының ішінде осы Махамбет - әрі күйші, әрі ақын, әрі батырлығымен ерекшеленеді. Ішкі орданың ханы Жәңгір өзінің беделін көтеру үшін осындай талантты адамдарды өз маңайына жинайды. Махамбеттіде баласы Зулхарнайынның ақылшысы етіп Орынборға жібереді.Бірақ бұқара халыққа істеп отырған ханның қатыгездігін көрген Махамбеттің іші жылымайды. Тумасынан батыл, қызу қанды, ат тілді орақ ауызды Махамбеттің өзін мақтаушы емес, даттаушы болатынын сезіп оны ордадан қуып жібереді. Махамбет хан, сұлтандардан зәбір көріп, Жайықтың бергі бетіне қаша көшкен бұқараның толқуына қатысып, көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі болады. Махамбетті сезікті ретінде ұстап Калмыков түрмесіне отырғызады, бірақ ол қашып шығады. Осы кезден бастап патшаға, ханға деген өшпенділігі арта түскен еді. Бұхара халықтың экономикалық және рухани қанауға ұшырауы, ғасырлар бойы үстем тап өкілдерімен көрген зәбір жапаның асқындай түсуі, патша үкіметінің қолдауына сүйенген Жәңгір ханның халықты аяусыз жәбірлеуі сан –жылдардың ыза кегін тұтата, өршіте түсіп, зығырданы қайнаған халық ханға қасқая қарсы шығар батырлар Исатай мен Махамбеттің қасына топтала түсті. Бұлардан Жәңгір хан сескене бастады. Бірақ оларды өздігінен алдап, не күштеп ұстай алмасын білгесін Орынбор генерал –губернаторына бірнеше рет хат жолдап көмек сұраған.Исатай, Махамбеттерге кісі өлтірді деп жала жауып, заңға тартуын сұраған. Генерал –губернатор халықтың наразылығын өршітіп алмас үшін батырларды алдап қолға түсірмек болады. 1837 жылы Исатай, Махамбет сарбаздары хан ордасын қамауға алған кезде хан қатты сасып айлаға көшеді. Қандай тілектерің болса да орындаймыз, тек ойлануға он күн мерзім беріңдер деп сұрайды.Исатай,Махамбет сарбаздарына қарсы Орынбор губернаторынан көп қарулы қол алдырып, ақыры Бекетай құмының Тастөбе деген жерінде Исатай мен Махамбет жасағы жеңіліске ұшырап, алданып қалады. Исатай , Махамбеттер қашып шығып Нарын құмында бой тасалап, Жайықтың бергі бетіне өтеді. Халықты ханға қарсы күреске үндеп, қайтадан қол жинап, келешек шайқасқа әзірленеді. Бұл жайықтың бергі бетінің сұлтан правителі Баймағанбет пен Жәңгір ханды қатты сескендіреді. Олар тағы Орынбор губернаторынан тағы қарулы қол күшін сұрайды. Ақыры 1938 жылы Баймағамбет ауылын шабуға аттанған шайқаста Исатай – Махамбет әскері жеңіліске ұшырап, Исатай қаза табады.Көтерілісі жеңіліске ұшырап Исатай қаза тапқаннан соңғы жерде Махамбет қаруын қолынан тастамайды. Алайда жалынды ақынның қалың бұқараны қайта көтермек болған әрекеттерінің бәрі де сәтсіздікке ұшырайды. Патша өкіметімен, оның адал жандайшаптары ақынның өз басын жою жайын ойластырады бастайды.ақыры көп қуғын-сүргіннен шаршаған Махамбетті Жайық бойында Қараой мекенінде жалғыз үй отырғанда қайғылы қазаға ұшыратты. Сөйтіп халықтың арман-мақсат мұраты үшін күрескен Махамбет ақын 42 жасында 1945 жылы Баймағанбет сұлтанның жіберген жендеттерінің қолынан қапыда қаза тапты.ақынның зираты Атырау облысы Махамбет ауданы Қараой жерінде. Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшырады. әлеуметтік тәуелсіздікке қарсы қарулы күрестің айқын күшін аңғартып, халық санасында өшпестей із қалдырған бұл көтерілістің көркем шежіресі - Махамбет жырлары. Оның жырлары кек пен намысқа, серт пен сенімге толы. Махамбет жұртын жорыққа үндеп батыр жырау, көтеріліс жыршысы.

Жүргізуші: Келесі кезекте «Махамбет –ерен, ерлік өнегесі» тақырыбында кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолу.

Жүргізуші: Қол қаруына домбыра ұстап, қызыл тілдің «майын тамыза» дабыл қаққан осы Махамбет атамыз.Оның «Ақ желең», «Өттің дүние-ай», «Жайық асуы», «Исатайдың ақтабаны», «Қайран нарын», «Жұмыр қылыш», т.б. күйлері күні бүгінге дейін ұрпақтан –ұрпаққа жалғасуда.

( Махамбет күйлері орындалады)

Жүргізуші. Құрметті оқырмандар батыр атамыздың туғанына биыл 210 жыл толады. Еркіндікті , тәуелсіздікті,аңсап қол жетпеген, бірақ қасық қаны қалғанша , зорлық пен зомбылыққа қарсы тұрған ақын, батыр Махамбет атамыздың өлеңдерін жатқа айтып торқалы тойға шашу ретінде ұсынайық.

(Махамбет өлеңдері оқылады)



Жүргізуші: Құрметті оқырмандар бұқара халықтың арман - мұратын,»Жүз ойлап, мың толғанған» жан күйін өз жүрегінен өткізіп, найзағай жарқылындай атты жырларымен бейнеленген «Жауынгер ақын Махамбет» атамыз тәуелсіз азат елдің ұрпақтары, біздің жадымызда мәңгі сақталады.Ақын өлеңдерін оқып, жаттап оның өз халқын қаншалықты сүйгендігің, осы өмірді аңсап өткенін мақтан тұтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет