Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет35/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
7- тапсырма. Ойнаймыз да ойлаймыз! Тақ сандардың өсуіне қарай сөйлемді оқыңыз. Шешкенде М. Балақаевтың қанатты сөзін оқисыз.



К

Й

Р

С

І

Л

Б

С

Е

К

А

У

К

С

Е

А

Н

І

Т

А

Ы

Е

Ы

125

5

57

1

87

43

13

69

123

61

35

91

53

97

9

81

101

15

73

105

51

119

109




Л

Л

Д

Л

О

Ө

Б

Қ

Ы

А

Б

Л

А

Р

Қ

Е

Е

Д

Ш

Й

Қ

Н

Л

17

89

23

67

99

3

85

33

115

41

63

7

71

121

47

95

55

79

103

11

111

37

107




У

й

А

Е

М

Ы

Ы

А

К

Ш

Т

О

Д

Ғ

Т

Ң

А

19

83

31

59

27

75

45

25

117

39

113

65

93

29

49

77

21

Жауабы: Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек.


8-тапсырма. «Білікті маман – болашақтың кепілі» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.
Сайт: www.google.kz,
www.astana.kz,
www.egemen.kz,
www.yandex.kz
9-тапсырма. Маман сөзін топтастырыңыз. Қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
Жауабы:
білікті
білімді
беделді
Маман белсенді
іскер
еңбекқор
қадірлі
тәжірибелі


10-тапсырма. Батаны түсініп оқыңыздар. Әр жолындағы тілектің мәнін ашып түсіндіріңіздер.
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Сапарлының жолын бер.
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер.
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жалынын бер.
Асқар таудың паңдығын бер,
Бұлбұлдың таңғы үнін бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер.
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер.
А.Сейдімбек.
Тапсырма.
1. Бата беріп көрдің бе, қандай түрлері бар, ойыңды ортаға сал;
2. Бата сөздің қандай маңызы бар?
3. Бата сөздегі шешендік сөзге тән белгілерін ата;
4. Өзің білетін батаңды айт.
Даналық мәйегі


Т Е С Т

1. Іскер маманның тыңдау білігін қалыптастырудағы жіктемелердің бірі.


А. Қысқаша жазба жүргізу, мұқият тыңдау;
Ә. Қарсы сұрақтар қою;
Б. Пікірлер айту;
В. Көзқарасын білдіру.
2. Іскерлік қарым-қатынастағы аса маңызды дағды.
А. Сенімсіздіктен аулақ болу;
Ә. Іс-әрекеттің болуы;
Б. Тыңдай білу білігі;
В. Маманның білімі.
3. Сөйлеушінің қай іс-әрекетіне мән беру керек?
А. Киім киісіне;
Ә. Жүріс-тұрысына;
Б. Қойылған сұрақтарға;
В. Сөйленген сөзге.
4. «Оңтайлы» сөзінің мағынасын ашыңыз.
А. Білімді, білгір, білікті;
Ә. Ыңғайлы, икемді, епті;
Б. Тең, тұтас, қатар;
В. Терезесі тең, қатарлас.
5. «Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек»- деген қанатты сөздің авторы кім?
А. С. Негимов;
Ә. М. Әуезов;
Б. М. Балақаев;
В. А. Сейдімбек.
6-САБАҚ. ІСКЕР МАМАННЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБІ




Тілдесім


Сұхбаттасайық!
– Іскер маманның сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
– Маман ретінде іскерлік кездесуде өзіңді қалай ұстар едің?
– Сөйлеу мәдениеті мен шешендіктің байланысы бар ма?


Оқылым
1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Тіл шеберлігінің құны түсініктілігінде, өйткені сөз түсініксіз болса көздеулі мақсатқа жетпейді.
Аристотель.

Бүгінгі ұлттық сөйлеу тілі мәдениетінің жоғары формасы ретінде шешендік кең көлемдегі мәдениеттің ажырамас бір бөлігі қалпында қатты сезілуде әрі танылуда. Қазіргі таңда зиялы адамның сүреңсіз де сөлекет сөйлеуі, яғни іскер маманның сөйлеу мәдениетінің төмендігі адам баласының оқи және жаза білмеуі секілді ыңғайсыз көрінуі тиіс. Сөйлеу мәдениетіне баса мән бере аса сергектік танытқан араб халқы бұл ретте: «Сөйлемесе – кесек, сөйлесе – есек», - деп шымбайға батыра айтқан.


Жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық жоқ. Ал адам іс-әрекетінің кей салаларында ол аса қажетті әрі тиімді жұмыстың алғышарты. Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адами жағымды қарым-қатынас орнатуға әрі оны ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік жасайды. Мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнымен, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе ғана, ол теңдессіз күшті құралға айналады.
Біздің адами іскерлік қарым-қатынасымыз сәтімен жүзеге асуы үшін тек қана тілді, оның грамматикасы мен сөздік қорын терең біліп қою жеткіліксіз. Дидарласушыңды еліктіре отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытыңызға зейінін аудару үшін, өзіңізге ұнамды адамдармен, тіпті өз қарсыластарыңызбен сөйлесе білу үшін, дос-жаран арасындағы әңгімеге қатыса білу үшін, ақырында шаршы топ алдында сөйлей білу үшін, өз сөзіңізді орынды үйлестіре білуге үйрену аса қажет.
Іскер маман сөз сөйлеуге даярланудың алғашқы кезегінде сөз сөйлеудің мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?» тұрғысындағы сауалдарға ойлануы тиіс. Одан әрі сөйленер сөздің сыртқы «техникалық» жағын айқындайтын «Қалай дұрыс айту керек?», «Қалай түсінікті айту керек?», «Қалай қызықты айту керек?», «Қалай сендіре сөйлеу керек?» қалпындағы сұрақтарға жауап бере алатындай болғаны дұрыс.
Сөйлеу кезінде жеке адамдар өзіндік ерекшеліктерін қоспай тұра алмайды. Әр адамның өз сөйлеу мәнері, сөз саптау ерекшелігі болады. Дегенмен адам мынадай қарапайым нәрселерді бойына қалыптастырғаны дұрыс.
1. Сөйлеген кезде әр сөздің айтылу заңдылықтарын (орфоэпиялық норма) сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы, айтылуы құлұн, жазылуы – құлын, бож жорға – боз жорға, түнге ғарай – түнге қарай, көтөрөм – көтерем.
2. Сөйлесіп отырғанда, пікіріңді айтқанда қолды сермеуге, қатты күлуге, бет-ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисаңдата беруге болмайды.
3. Аса қатты сөйлеу немесе міңгірлеу, сөйлеу кезінде артық қимылдар жасау және мәнсіз майысып сөйлесу адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
4. Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – ол да әдепсіздікті көрсетеді. (Әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқаған дұрыс). Білмейтінің жөнінде айтпа, өзің түсінбейтін сөздерді қолданба.
5. Аса қызынып тез сөйлеудің көп жағдайда қажеті жоқ. Егер сөйлесіп отырған адам қатты сөйлессе, одан да қатты айқайлап сөйлеуге тырыспау керек. Ой мен дауыс ырғағын сабақтастырып, пікіріңді баппен, анық, дәл айтсаң, сенің дауыс ырғағыңа, байыпты пікіріңе қарай сөйлеуші де сабасына түседі.
«Сөйтіп, әрбір сөйлемнің өз орайына алуан ырғақты үні, тиісті әуені, музыкалық сазы болады. Сондықтан айтылған сөз бен жазылған сөз тепе-тең бола алмайды. Әрбір сөзді, сөйлемді, сөз тіркесін айтылмақ ойдың мазмұнына сәйкестендіріп айту – сөйлеу тілі мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені сөйлеген, сөйлескен кісінің үніне адам ойының нақышты бедері ғана емес, ойдың өзі көлбеп көлденең тартылады. Сөзді сөйлеп білген кісіге оның ырғақты әуені шексіз. Соны білмей әйтеуір сөздерден сөйлем құрай салу – олақтық. «Олақтың өзі орынсыз жамау сияқты» дегенді қазақ халқы осындайларға арнап айтса керек-ті.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет